Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет7/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   135

Қазақ тілі 

 

 



19 

 Халқымыздың  құстар  мен  аңдарға  жасаған  рақым-

шылығын  мынадай  ұғымдардан  білеміз.  «Құстың  қарғысына 

ұшырайсың» деп құстардың ұясын бұздырмаған. «Бетіңе шұбар 

түседі»  деп  жұмыртқасын  жарғызбаған.  Демек,  осының  бәрі 

табиғатты қорғау, аялау әрекетінен туындаса керек. 

 

26-тапсырма.  Мәтіннен  үстеулерді  тауып,  мағынасына 

қарай қандай үстеулерге жататынын анықтаңыздар. 

 

Экологияның денсаулыққа әсері 

 

Біз  кешегі  ерікті  және  еріксіз 

экологиялық  қателіктер  үшін  ғана 

емес,  бүгінгі  қателіктер  үшін  де 

жауаптымыз. 

Қоршаған 

ортаның 

ластану  мәселесінің  ушыққандығы 

соншалық,  ол  қолайсыз  техногендік 

аймақтарда 

тұратын 

адамдардың 

денсаулығына 

ғана 


емес, 

бүкіл 


адамзатқа 

қатер 


төндіріп 

тұр. 


«Өзіңнің су ішкен құдығыңа түкірме» 

–  дейтін  халық  нақылын  ұмыта  бастадық.  Табиғат  қазір  күн 

сайын  ауаға,  топыраққа,  суатқа  шығарысатын  миллиондаған 

тонна  техникалық  қалдықтарды  өз  күшімен  ұқсата  алмайды. 

Айтып  отырғандай,  қоршаған  ортаның  ластануынан  халықтың 

денсаулығы  бұзылып,  ауруға  шалдығуда.  Соңғы  200  жылда  өз 

қолымызбен  тудырған  жасанды  қоршаған  ортаға  өндіріс 

дамуының  кесірінен  адамдардың  денсаулығына  өзінің  кері 

әсерін тигізуде. 

Адамдардың  шаруашылық  қызметі  қазіргі  кезде  биосфераны 

ластаушылардың  негізгі  көзі  болып  отыр.  Табиғи  ортаға  күн 

сайын,  сағат  сайын  өнеркәсіптің  газ  тәріздес,  сұйық  және  қатты 

қалдықтары түсіп отырады. Осы қалдықтардағы әртүрлі химиялық 

заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір тропикалық тізбектен 

екіншіге  өте  отырып,  соңынан  адам  организміне  келіп  түседі. 

Осындай  заттар  қысқа  мерзімде  болса  да  адамға  әсерін  тигізеді, 

адамның  басын  айналдырады,  құсқысын  келтіреді,  тамағын 

жыбырлатып,  жөтелтеді.  Егер  де  адам  ағзасына  осындай  улы 




Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

20 



заттар көп мөлшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танады, тіптен 

өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіп қалалардың 

үстіне  желсіз  күндері  жиналған  қара  заттарға  түтін  немесе 

өнеркәсіптік  орындардың  қалдықтары  мысал  бола  алады.  Электр 

стансалары, түрлі түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және 

мұнайды  қайта  өңдейтін  кәсіпорындар  атмосфераға  үлкен  түтін 

шығаратын мұржалар арқылы көптеген адам ағзасына зиянды улы 

заттарды ауаға шығарады.   

 

 

Ж.Ж. Жайқанбаев. Экология негіздері.  



                       − Алматы: Зият, 2003 – 212 б. 

 

27-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  мағынасына  қарай 

тиісті сөздерді  қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыздар. 

 

Біз  қоршаған  ортаны  …  жауаптымыз.  Қоршаған  ортаның 



ластану  мәселесі  бүкіл  адамзатқа  …  төндіріп  отыр.  „Өзің  су 

ішкен ... түкірме”– деген ... ұмыта бастадық. Қоршаған ортаның 

ластануынан халықтың … бұзылып, … шалдығуда.  

 

28-тапсырма.  Төмендегі  сөз  тіркестерін  орыс  тіліне 

аударып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар. 

 

Экологиялық  қателіктер  үшін,  біз  жауаптымыз,  мәселенің 



төңірегінде,  қолайсыз  техногендік  аймақтар,  адамдардың 

денсаулығы,  су  ішкен  құдық,  халық  нақылы;  ауаға,  топыраққа, 

суатқа  шығаратын  қалдықтар;  ұстаздың  арқасында,  ақымақтың 

кесірінен, әсер еткен жоқ. 

 

29-тапсырма. 

Берілген 

етістікті 

сөз 


тіркестерін  

пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыздар. 



 

Басы  айналып  отыр,  есінен  танып  қалды,  жылап  отыр, 

жүрегі  айнып  отыр,  сұлқ  құлады,  есін  жиды,  ауыртпалығын 

көтеріп отыр, құсқысы келіп отыр, тамағын жыбырлатып жатыр, 

жөтеліп отыр, зиян шегіп жүр, сазайын тартып отыр.  

 

30-тапсырма.  Мәтіндегі  етістіктерді  қатыстыра  отырып, 

қалау  райын  жасаңыз,  соған  сәйкес  сөйлем  құрастырыңыздар: 

қалау райдың әр формасы арқылы іс-әрекеттің қалай құбылатынын, 

мағынасында қандай өзгеріс болатынын айтыңыздар. 



Қазақ тілі 

 

 



21 

Экологияның ұрпаққа әсері 

 

Адамзат тегінің таза сақталып, ұрпақтың үзілмей жалғасуы, 

денсаулығының  мықты  болуы,  бүгінгі  болашаққа  тікелей 

байланысты  екендігін  ешқашан  да  ұмытпаған  жөн.  Табиғат пен 

адам  бірінсіз-бірі  өмір  сүре  алмайды.  Егер  осы  уақытқа  дейін 

адам 


баласы 

табиғатты 

көзсіз 

бағындырумен,  оны  оңды-солды  ысырап 



етіп,  талан-таражға  салумен  келсе,  ендігі 

жерде  табиғаттың  табиғилығын  қалпына 

келтіріп  сақтауға  күш  жұмылдыруымыз 

керек.  Кейінгі  жүз  жылдың  ішінде 

үздіксіз  даму  мен  келе  жатқан  ғылыми-

техникалық 

прогрестің 

нәтижелерін 

сауатсыз 

пайдаланудың 

салдарынан 

бұзылған  табиғат  пен  арадағы  қатынастарды  қалпына  келтіріп, 

көзіміздің  қарашығындай  күтіп,  аялай  білуіміз  керек.  Олай 

етпеген жағдайда, Табиғат – Ананың кәрі мен зәріне, қасіретіне 

біздің  де  ұшырауымыз  мүмкін.  Жалпы  адам  баласын  аңдыған 

апат  көп.  Бұрын  қандай  болса,  қазір  де  одан  кем  емес.  Өйткені 

табиғат  апатына  адам  өз  қолынан  тудырған  апаттар  да  көптеп 

кездеседі.  Мысалы,  Арал,  Балхаш,  Каспий,  Байқоңыр,  Семей 

және  де  тағы  басқа  аймақтарда  тұрғындардың  денсаулығына 

үлкен  әсерін  тигізіп  отыр.  Әр  қаланың  өзінің  даму  саласында 

өндірістері  бар:  зауыт,  фабрика,  кәсіпорын,  т.б.  Осы  өндірістен 

шыққан қалдықтар ауамен, сумен, тамақпен адам денсаулығына, 

ағзасына еніп, зиянын тигізуде. Әрине, бұл болашақ ұрпақ үшін 

қауіп төніп тұрғанын айта кету керек.  



 

Г. С.  Оспанова., Г. Т.  Бозшатаева. Экология.   

               − Алматы: Экономика, 2002 – 402 б. 

 

31-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар. 

 

Ұрпағымыздың  болашағы,  табиғатты  бағындыру,  талан-



таражға  салу,  ысырап  етті,  күш  жұмылдыру,  үздіксіз  даму, 

қарым-қатынас жасау, көздің қарашығындай, қасіретке ұшырау, 

аялау керек, жол апаты, үрім-бұтағына әсері, генетикалық тегі. 

 



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау