Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет8/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

22 



32-тапсырма.  Мәтіннен    қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды 

тауып, орыс тіліне аударыңыздар.   

  

Генетиканың  қазіргі  түсінігі  бойынша  тұқым  қуу  дегеніміз 



–  барлық  ағзаның  өз  ұрпақтарында  өздеріне  ғана  тән 

биосинтезді  және  зат  алмасуды  қайталап  отыруы.  Экологиялық 

апаттардың  кесірінен  Республикамызда  мыңдаған  екіқабат 

аналар  уақытына  жетпей  түсік  тастап,  мыңдаған  перзенттер 

шала  туып  жатыр.  Сыртқы  ортаның  ластығынан  өмірге  «тірі» 

келген  жүздеген  нәрестелер  іштен  кемтар  туып,  өмір  бойы 

созылмалы  дертті  болып  отыр.  Экологиялық  апаттардың, 

әртүрлі  мутагендік  зиянды  заттар  мен  құбылыстардың 

(радиация,  радиоактивті  элементтер,  улы  химикаттар  мен  шаң-

тозаңдар,  т.б)  әсері  салдарынан,  азаматтың  генетикалық  тегі 

бірте-бірте  өзгеріп,  бұған  дейін  болмаған  тұқым  қуалайтын  аса 

қатерлі 


кеселдердің 

пайда 


болуына, 

сөйтіп 


азаматтың 

генетикалық  тегіне  қауіп  төніп  тұр.  Аштан  өліп,  көштен  

қалмаспыз-ау,  бірақ  халықтың  тәнін  шектен  тыс  атом,  ядролық 

қарулардың,  ғарыш  кемелері  мен  ракеталардың  радиациясы 

уласа,  оның  зардабы  ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп  отырса,  мұндай 

халықтың келешегінен қандай үміт күтуге болады? 

 

33-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ақпаратқа өз ойларыңызды 

қосыңыздар.  

   

Еліміздің табиғат байлықтарын пайдалану және  

қоршаған ортаны қорғаудың аймақтық мәселелері 

 

Адамның шаруашылық әрекетінің көп түрлілігі бір-бірінен 

қауіптілігі  мен  күрделілігі  жөнінен  айырмашылықтары  бар 

әртүрлі  экологиялық  жағдайлар  туғызады.  Қазақстан  үшін 

мұндай  жағдайдың  қауіптілігі  көптеген  факторлар  арқылы 

анықталады, оларға: 

–    дамушы өндіріске мамандану; 

 

–  өндіріс  көлемі  және  соған  байланысты  техногенді 



қалдықтар көлемінің ұлғаюы; 

– шаруашылықты жүргізу тәсілдері, жаңа технологияларды 

қолдану ерекшеліктері; ресурстарды кешенді пайдалану; 



Қазақ тілі 

 

 



23 

– 

аумақта 



халықтың 

қоныстану 

деңгейі, 

халықтың 

тығыздығы, қала проблемалары; 

–  белгілі  бір  аймақтағы  табиғат  кешендерінің  ерекшеліктері; 

оның адамның өз қолымен жасаған бүлінушілікке төтеп беруі. 

Еліміздің  ғалымдары  Қазақстанның  экологиялық  жағдайына 

сипаттама  бере  келе,  оны  «ірі  өнеркәсіп  шоғырланған  аймақтар 

және радиациялық апат аймақтары» деп қарастыруды ұсынды. Ірі 

өнеркәсіп  шоғырланған  аймақтар  өндіріс  көлемі,  табиғат 

ресурстарының  қоры,  халқының  саны,  шаруашылық  кешендері 

жөнінен  бір-бірінен  біршама  айырмашылықтары  бар.  Оған 

еліміздің:  оңтүстік,  батыс,  орталық  және  солтүстік-шығыс 

бөліктері кіреді. 

Дүниежүзі  елдері  мен  Қазақстандық  ғалымдарды  бүгінгі 

күні  биосфераның  экологиялық  жағдайы  қатты  алаңдатуда. 

Мысалы,  американдық  ғалымдардың  зерттеулері  бойынша 

атмосфера  құрамының,  соның  ішінде  биосфераның  өзгеруі, 

барлық тірі организмдердің тіршілігіне қауіп төндіреді. 

Қазіргі уақытта атмосферада  көмірқышқыл газының, азот, 

күкірт  және  бірнеше  ауыр  металдардың  жинақталуы  ұлғайып 

отыр.  Бұл  адамдардың  денсаулығына,  ауылшаруашылығына 

кері әсерін тигізуде. 

Қышқылды  жаңбырлар  орман,  су  және  жануарлар 

дүниесіне  зиянын  тигізіп  қана  қоймай,  басқа  да  рекреациялық 

құндылықтарды жоюда. Мұның барлығы, адамның қоғамдық іс-

әрекетінің  табиғатқа  әсерінің  күшеюінің  салдары.  Ғылым  мен 

техниканың  дамуы  қалдық  заттардың  2/3  бөлігін  қайта 

пайдалануға жағдай жасап отыр. 

Ғылымның  соңғы  жетістіктеріне  сүйеніп,  ғалымдар 

халықтың әлеуметтік-экономикалық сұранысын қанағаттандыру 

үшін, энергияның жаңа көздерін табу жолдарын іздестіруде. Ол 

таусылмайтын  немесе  қайта  қалпына  келетін,  экологиялық  таза 

болуы  қажет.  Энергияның  мұндай  көздерінің  түрі  −  биомасса 

болып есептеледі. Биологиялық айналым дүниежүзіндегі электр 

станцияларының қуатынан асып түсетін энергия бере алады. 

Ғылыми-техникалық  прогрестің  дамуы  ХХ  ғасырдың 

соңында  қоршаған  ортаның  апатты  түрде  ластануына  әкеледі. 

Сондықтан  адамзат  болашақта  өркениеттің  тығырыққа  тірелген 

жолдарын табиғат пен қоғамның үйлесімді өзара байланыстары 



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

24 



арқылы  шешуі  тиіс.  Ол  үшін  бүгінгі  күнге  дейін  ұран  болып 

келген  «экономикалық  тиімділік  немесе  қолайлылық»  ұғымын 

экологиялық  қолайлылыққа  қарай  бұру  қажет.  Жалпы, 

қоғамның  экологиялық  мәдениетін  көтеру  –  болашақ  ұрпақты 

апатты бүлінушіліктен сақтап қалады. 

 

34-тапсырма.  Адамзаттың  ғаламдық  проблемаларына 

қатысты  бүгінгі  таңда  пікір  қалыптасқан.  «Бұл  мәселені  шешу 

мүмкін емес». Сіздің ойыңыз қандай?  

 

Ол  қазіргі  өркениетті  жоюға  әкеп  соқтыруы  мүмкін»,  – 



делінсе; екіншісі: «Адамзат бұл мәселелердің жолын таба алады 

және  тауып  та  келеді.  Жер  шары  халықтарының  басын  қоса 

келе,  біріккен  күштің  арқасында  өркениетті  сақтап  қалуға 

болады», – дейді. 

Сіздер  қалай  ойлайсыздар,  адамзат  ғаламдық  экологиялық 

апатты  тоқтата  ала  ма,  әлде  өз  қолдарымен  жасаған  алып 

бүлінушіліктің  құрбандары  болып  қала  ма?  Өз  ойларыңызды 

түйіндеп, пікір алмасыңыздар. 



 

35-тапсырма.  Мәтіннен  атау  сөздерді  теріп  жазып, 

олармен сөйлемдер құрастырыңыздар. 

 

36-тапсырма.  Тірек  сөздер  арқылы  мәтін  идеясын 

ашыңыздар. 

 

37-тапсырма.  Мақал-мәтелдерді  орыс  тіліне  аударып, 

мағыналық топтарға бөліп, олардың мағынасын ашыңыздар. 

 

Ерлік  пен  бірлік  –  егіз.  Ынтымақ  –  орман,  жау  ала  алмас 



қорған.  Жүрек  –  ер,  бас  –  кемеңгер.  Жұпыны  –  жұғымды, 

сыпайы – сүйкімді. Аяқ – арғымақ,  қол – қанат, көз – жанат. Сөз 

–  сабын,  іс  –  дән.  Сөйлеген  –  себеді,  таңдаған  –  орады.  Жоқ 

болсаң,  жасыма,  тоқ  болсаң,  тасыма.  Озған  –  мұрат,  қалған  – 

ұят.  Жер  –  ана,  ел  –  бала.  Ағаш  жапырағымен,  жер 

топырағымен. 

 

38-тапсырма.  «Экологиялық проблемалар жайында мен не 

білемін?» деген тақырыпта ой толғау жазыңыздар 




жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау