Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
16
байланысты азық-түлік, энергетика, шикізат мәселесі туды.
Табиғат ресурстарын игеру 10−100 есе артты. Жер шарында
жыл сайын 100 млрд т қазба байлықтары өндіріліп, 500 млн
тоннадан астам химиялық заттар егістерге төгілді, 20 млрд т
зиянды заттар мен 10 млрд т синтетикалық немесе қорытпа
заттар, улы газдар қоршаған ортаға шығарылды.
Қазіргі кезде биосфера шегінде атмосфера және газ
құрамының өзгеруі байқалып отыр. Атмосферада көмірқышқыл
газы көбейіп, керісінше, оттек азайып кетті. Сол сияқты ауадағы
азот 110%-ға, азот диоксиді 7%-ға, ал күкірт 75%-ға көбейген.
Жер шарының гидросфера бөлігінде де шешілмеген
мәселелер көп. Судың мұнай өнімдері, өндіріс қалдықтары,
ауыр металдар, улы химиялық заттармен ластануы етек алуда.
Көптеген елдерде таза су сапасының төмендеуі, ауыз-су
тапшылығы байқалуда.
Биосфера
шегіндегі
тепе-теңдіктің
бұзылуы
бүкіл
ғаламшардың тіршілігін тұрақсыздандыруда. Әсіресе, климаттың
өзгеруі адам баласын азық-түлікпен қамтамасыз етуді шектеуде.
Жер шарындағы орман ағаштарының 50%-ға жуығы кесілген.
Жануарлар дүниесі, сапалы жайылымдар жойылып отыр.
Қазірдің өзінде жер шарындағы барлық өсімдіктердің 10−15%-ы,
жануарлар мен құстардың 226−400 түрі біржола жойылып кетсе,
1200 түрі жойылып кету қаупінде тұр.
Қазақстанда экожүйелердің бұзылуы, сапасының төмендеуі,
жер ресурстарының тозуы, деградацияға ұшырауы, ластану сияқты
мәселелер ешбір сын көтермейді. Атмосфераның ластануы
жөнінен Өскемен, Алматы, Теміртау, Тараз, Шымкент қалалары
алдыңғы қатарда.
Қазақстанда
су
айдындарының
ластануы,
ауыз-су
тапшылығы, жалпы су проблемасы өз шешімін таппай отыр.
Әлемдік
назарға
ілінген
Арал,
Балқаш,
Каспий
проблемаларының қатарына Сырдария, Іле, Шу, Ертіс, Нұра,
Есік сияқты өзендер қосылып, экологиялық жағдайды одан әрі
шиеленістіре түседі.
Аталған экологиялық мәселелер экожүйе тұрақтылығын
сақтауды, табиғат ресурстарын қорғауды бүкіл адамзат алдына
жүктеп отыр. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)
жанындағы ЮНЕСКО (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері
Қазақ тілі
17
жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы) барлық елдердің табиғатты
тиімді пайдалануы және қорғауы мақсатында бағдарламалар
қабылдап, оны қадағалап отырады. Біздің республикамыз да
БҰҰ-ның мүшесі ретінде бүкілдүниежүзілік табиғат қорғау ісіне
белсене араласып келеді.
В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі. 123 б.
19-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Биосфера туралы ілімді қандай ғалым тұжырымдады?
2. Биосфераны не үшін қорғау керек?
3. Экожүйелерді қорғау керек пе?
4. ЮНЕСКО ұйымының рөлі қандай?
5. Табиғатты қалай тиімді пайдалануға болады?
6. Экожүйенің өзгеруі дегенді қалай түсінесіз?
20-тапсырма.
Өздеріңізге
ұнайтын
сала
(экология,
техника, мұнай, машинажасау, геология, тіл білімі, т.б.)
бойынша ғылыми деректер жинап, осы салалардағы көрнекті
ғалымдардың еңбектері, өмірі жайлы хабарлама жасаңыздар.
Оларға тақырып қойыңыздар (мысалы, «Әлемдік экологиялық
проблемалар»). Хабарламаны қай стильде жасағандарыңызды
жазбаша түсіндіріңіздер.
21-тапсырма. Мәтінді мазмұнына қарай шағын бөлімдерге
ажыратып, тақырыптар қойыңыздар.
Табиғат – халық қазынасы. Адамның бар тіршілігі табиғатқа
байланысты, күш-қуатты, бар игілік пен жақсылықты ол
табиғаттан алады. Халықтың әл-ауқатының тез қарқынмен өсе
түсуі алдымен табиғаттың ұшан-теңіз байлықтарын – орман, су,
құнарлы топырақ, пайдалы кен қазбалары, өсімдік пен жануарлар
дүниесін қорғаумен тығыз байланысты. «Жері байдың – елі бай»
деп халық тегін айтпаған. Қазақстан жері еліміздегі табиғи
ресурстары мол, бай өлкелердің бірі болып саналады.
Қоршаған табиғат сенің туған үйің. Табиғат байлығы –
орман мен хайуанаттар дүниесін қорғау, өзен-көлдер суының,
атмосфераның тазалығын сақтау республикамызда әрбір саналы
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
18
азаматтың әр кездегі басты міндеті және жауапты патриоттық ісі
болуға тиіс. Табиғатты қорғау – Отанды қорғау деген сөз.
Табиғатта басы артық нәрсе жоқ. Табиғат сырын терең білмей,
оған қалай болса-солай шабуыл жасау үлкен апатқа әкеп
соғатынын тарих дәлелдеп отыр. Қазақ жері ұлан-байтақ болса
да, оның байлықтары түпсіз терең, таусылмайтын қор емес,
сондықтан оларды сүйіп, қорғай білуіміз керек.
22-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді тауып, олармен
сөйлемдер құрастырыңыздар.
23-тапсырма. Сіздер болашақ маман ретінде табиғатты,
қоршаған ортаны қорғауға қандай шаралар ұйымдастырар
едіңіздер? Іс-шаралардың жоспарын құрастырыңыздар.
24-тапсырма. Термин сөздердің мағынасын түсіндірме
сөздік негізінде беріңіздер.
Ауру қоздырғыштар – возбудители заболевании
ауа қозғалысының бұзылуы – аэродинамическое нарушения
әлеуметтік зардаптар – социальные последствия
әлуеттеу – потенцирование
әртүрлі әсер – аддитивное воздействие
балық қорғау имараты – рыбозащитное сооружение
берік ластағыш – стойкий загрязнитель
беткей қорғау орманы – склонозащитный лес
ғаламдық ластану – глобальное загрязнение
25-тапсырма. Мәтінді негізгі ақпаратты орыс тіліне
аударып, тыйым сөздердің мағынасын жазыңыздар.
Қазақ халқының ұрпағына экологиялық білім мен тәрбие
беретін ырымдары мен тыйым сөздерінің мән-мағынасына ой
жүгіртіп көрейікші.
Халқымыз «Көкті жұлма» деген. «Көкті жұлсаң көктей
соласың» деп жаман ырымға жорып жұлғызбаған. Сондай-ақ,
«Тал кескенше, қолыңды кес», «Қарағай кессең, қаңғырып
қаласың» – деп өсіп тұрған ағашқа тигізбеген.
Достарыңызбен бөлісу: |