Қазақ тілі
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. Сәтбаев атындағы
Қазақ ұлттық техникалық университеті
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева,
Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
ҚАЗАҚ ТІЛІ
(Экология, су ресурсы, құрылыс-сәулет салаларындағы
мамандықтарға арналған)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
оқулық ретінде ұсынған
Алматы 2013
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
2
ӘОЖ 811.512.122(075.8)
КБЖ 81.2 қаз я 73
Қ 17
Қ 17 Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова.
Қазақ тілі: Оқулық. – Алматы: ҚазҰТУ, 2013 . − 423 б.
Библиогр. – 74 атау.
ISBN 978-601-228-512-3
Ұсынылып отырған «Қазақ тілі» оқулығы техникалық жоғары
оқу орындарының экология, су ресурсы, құрылыс-сәулет салалар-
ындағы мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған.
Оқулықтың басты мақсаты – мемлекеттік тілді техникалық
жоғары оқу орындары студенттеріне бағдарлы оқыту арқылы
техникалық терминдердің мән-мағынасын түсіндіріп, меңгерту және
оларды тәжірибеде еркін қолдану дағдысын қалыптастыру, кәсіби
бағдарлы мәтіндердің мазмұнын түсініп оқуға машықтандыру,
теориялық мәліметтер мен грамматикалық тапсырмалар арқылы
қазақ тілінде сауатты қарым-қатынас жасауға үйрету.
ӘОЖ 811.512.122(075.8)
КБЖ 81.2 қаз я 73
Пікір жазғандар: Дәулетбекова Ж.Т., Қазақстан-Британ техникалық
университеті, пед. ғыл. докт. ассоц. профессоры;
Қосымова Г.С., Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті, фил.ғыл. докт.,
профессор;
Темірболат А.Б., әл-Фараби атындағы Казақ
ұлттық университеті, фил. ғыл. докт., профессор;
Есенова Қ.Ө., Абылай хан атындағы Қазақ
ХҚжӘТУ, пед. ғыл. докт., профессор.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2013 жылғы жоспарына сай басылды.
ISBN 978-601-228-512-3
© Г.Т. Тұрсынова,
Ұ.Р. Шүленбаева
,
Г.Д. Рыскелдиева
,
А.С. Итемирова
, 2013
© ҚазҰТУ, 2013
Қазақ тілі
3
Алғы сөз
Білім беру жүйесіндегі оң бетбұрыстар заман талабына сай
білікті мамандарды дайындауға бағытталып отыр. Сондықтан
болашақ мамандардың білімділігін, біліктілігін әрі қазақша
сөйлеу мәдениетін көтеруіміз керек. Осыған орай мемлекеттік
тілімізді орыс бөлімі студенттеріне оқытып-үйретуге ерекше
назар аударылып, қоғамдық бастамаға лайық жұмыстар
атқарылып жатыр.
Ұсынылып отырған оқулық экология, су ресурсы, құрылыс-
сәулет мамандықтары бойынша білім алатын техникалық
жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Оқулықтың
мазмұнында грамматикалық ережелерге қатысты жаттығулар,
теориялық мәліметтер және әр салаға арналған мәтіндер мен
тапсырмалар берілген.
Оқулық оқытудың кредиттік жүйесіне сай жасалған. Оның
мазмұны берілген мәтіндер мазмұнының түсініктілігімен,
материалдардың жүйелілігімен, танымдылығымен ерекшеленеді.
Студенттердің
мамандықтарына
сәйкес
материалдарды
меңгерумен қатар, оларды жалпы дүниетанымын, рухани
әлемін, логикасын қалыптастыру жұмыстарына да көңіл бөлінді.
Мәтінге байланысты берілген жаттығулар студенттердің
мамандықтарына қатысты білімдерін жетілдіреді,
сөздік
қорларын байытады, терминдермен жұмыс істеуге, оларды
түсініп меңгерулеріне, пікір алмасуларына, тілдік қарым-
қатынас жасауларына бағыт береді.
Ұсынып отырған оқулықтың мақсаты − техникалық жоғары
оқу орындарының студенттеріне мемлекеттік тілді қатысымдық
қырынан меңгерту. Бұл мақсатқа төмендегі міндеттерді жүзеге
асыру арқылы жетуге болады:
нақты мамандық бойынша мәтіндерді оқып-түсінуге үйрету;
мамандығы бойынша ауызша, жазбаша түрде берілген
ақпараттарды түсіну дағдысын қалыптастыру;