Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
34
Аймақтың жерін, елін сауықтыру – шындап қолға
алынатын жұмыстар.
53-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
Улы өсімдіктер
Өсімдіктер әлемін зерттеуші ғалымдар өсімдіктердің 10
мыңдай түрін улы деп есептейді. Алайда, өсімдіктердің бәрі
бірдей қатерлі емес. Кейбіреулері белгілі бір мерзімде өсіп
жетілгенше бұл қасиетін сақтайды. Соның ішінде әсіресе,
көлеңкеде өскен улы шөптің уы мол болады.
Улы өсімдіктердің көбі гүлдермен ғана емес, хош иісімен
де назар аударады. Маржангүлдің (ландыш) хош иісіне бәрі
қызығады. Ал бұл гүлді салып қойған суды аузына алған адам
уланады.
Меңдуананың сары гүлдерінің жиегі күлгін түсті шеңберлі
болып келеді. Бірақ иісі өте жағымсыз. Күзге қарай гүлдің
орнына, құмдай ұсақ дәнге толы қоңыраушалар пайда болады.
Меңдуана – өте улы өсімдік.
54-тапсырма. Сөйлемдерді мәтін мазмұнына қарай
өзгертіп жазыңыздар.
1. Өсімдіктердің 20 мың түрі улы болып келеді.
2. Жарықта өскен өсімдіктердің уы мол болады.
3. Маржангүл піскенде, ұсақ қоңыраушалар пайда болады.
4. Меңдуана хош иісті болып келеді.
5. Маржангүлдің иісі жағымсыз болып келеді.
55-тапсырма. Мәтіннен сан есімдерді тауып, өзара қандай
жалғаулармен байланысып тұрғанын айтыңыздар.
Сусыз тіршілік жоқ
Су – ең көп тараған химиялық қосылыстардың бірі.
Гидросфера түгелімен судан тарайды. Оны минералды тау
жыныстарының, өсімдіктер мен топырақ және атмосфера
Қазақ тілі
35
құрамы
мен
адам
мен
жан-жануарлардың
денесінен
кездестіреміз. Тірі және өлі табиғатта болып жатқан түрлі
процестер мен құбылыстарда адамның күнделікті тұрмыс-
тіршілігінде, өндірістік істерде судың маңызы ерекше зор. Жер
бетінде сусыз тіршілік жоқ. Отынды басқа затпен ауыстыруға
болады, ал суды басқа затпен ауыстыруға болмайды.
Адам 70 жыл өмірінің ішінде 50 мың литрден артық су
ішеді екен. Ол өз организміндегі су мөлшерінің өзгеруін тез
сезінеді. 1 немесе 1,5 литр су денеден буланып немесе тер
күйінде шықса, ол адам шөлдей бастайды. Денедегі судың 6-
8%ы азайса, адам есінен айырылады. Ал организмдегі су 12%-ға
азайса, адам өліп кетеді.
Жер шарының 70%-ын, яғни 361 млн шаршы километрін су
алып жатыр. Бұл құрлық көлемінен 10 есе артық. Судың
көптеген бөлігі атмосферада бу, тамшы, қар, мұз күйінде
кездеседі.
56-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтайтын
сөздерді теріп жазыңыздар.
Арал, оралсаңшы қайтадан!
Аралдың мұңы қазақтың мұңына айналғаны қашан?! 1995
жылдарға таман Арал теңізі су көлемінің төрттен үш бөлігінен
айырылды. Теңіз беті екі еседен астам кішірейіп кетті, теңіз
деңгейі 19 м-ге төмендеді. 30 жыл ішінде Аралдың радиусы 150
шақырымға
дейін
кейін
шегінді,
нәтижесінде
теңіз
айналасындағы 30 000 шаршы шақырым жер қылтанақсыз, шөл
далаға айналды. Осының салдарынан халықтың денсаулығы
күрт төмендеп, тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің түрлі
кеселдері пайда болды. Жұқпалы аурулар көбейді. Бауыр
аурулары мен тырысқақ, бұрын-соңды болмаған дәрежеде
таралды. Аналардың 80%-ы қаны аздық ауруына шалдыққан.
«Қазіргі кезде Арал теңізі мен оған шекаралас аудандарды
қалпына келтіру мүмкін емес», − дейді мамандар, бірақ «Кіші
Арал» деп аталатын су бассейнін толтыруға болады екен.
Бүгінгі күні Кіші Аралда 12 текше шақырым су бар, енді 2 жыл
ішінде бұл көлемді 27 текше шақырымға дейін ұлғайтудың
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
36
жоспары жасалған. Ауыл шаруашылық министрлігі су
ресурстары комитетінің мәлімдеуінше, Арал теңізіне құятын
Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы су желілерін қалпына
келтіру жобасы жүзеге асуда. Биыл жазда Әйтек су желісін
қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, одан әрі Қазалы және
Қызылорда су желілерін жетілдіру жұмыстары басталды.
Сырдария бойымен теңіздің солтүстік бөлігіне жыл сайын ең аз
дегенде 5 текше шақырым су келіп құйылатын болады. Енді 2−3
жылда Кіші Аралдағы су деңгейі Аралда кеме шаруашылығын
қалпына келтіруге болатындай су жиналмақшы екен. Кіші
Аралға су толтыру бағдарламасын, ТАСИС ұйымы, ЮНЕСКО
және әртүрлі елдердің үкіметтері қаржыландырып отыр. Ал
кезінде Арал теңізі ішкі су қорының көлемі жөнінен әлем
бойынша 4-орында болатын.
57-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Шөл далаға айналды, кішірейіп кетті, тыныс алу, жоспар
жасау, жүзеге асыру, қалпына келтіру, қаржыландырып отыру,
су толтыру, қоршаған орта, әлем бойынша, жұқпалы ауру,
табиғатты қорғау, нақты шешім, мәмлеге келу, қалпына келтіру,
қазіргі жағдай.
58-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі тезистерді
толықтырыңыздар.
Тезис
Қажетті мәтіндер
1. Аралдың қазіргі жағдайы
2. Арал тағдыры – адам тағдыры
3. Аралды қалпына келтіру
мүмкіндіктері
59-тапсырма. Сөздердің екінші сыңарын табыңыздар.
қалпына шақырым
қазақтың аурулар
шаршы бойынша
халықтың метр