Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет11/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   135

Қазақ тілі 

 

 



31 

Биологиялық  ресурстарды  қорғау  мақсатында  арнайы 

қорғалатын табиғи аумақтар құрылған. Бүгінгі күні Қазақстанда 

10 қорық бар. 



 

47-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер. 

  

1. Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары дегеніміз не?  



2.  Қазақстанның  табиғат  жағдайларының  ерекшелігін 

атаңыздар.  

3.  Табиғат    жағдайының  шаруашылықты  дамытуға  әсері 

қандай?  

4. Қазақстанның пайдалы қазбаларын атаңыздар.  

5.  Жер  мен  су  ресурстарының  шаруашылықта  алатын 

орнына сипаттама беріңіздер. 

 

48-тапсырма. Сөздікті пайдаланып, терминдерге анықтама 

жазыңыздар.  

 

Білдек,  аспап,  құрылғы,  орта,  тасымалдау,  ластану,  қазба, 



экология,  зиянды зат, кен, пайдалы қазба, қорық, мұнай, бедер, 

белдеу, бұрғылау, жылжыма, қатпар, жікқабат, қорыққор, аймақ, 

дөңес.  

 

49-тапсырма.  Мәтін  идеясы  не  туралы?  Ол  қандай 

сөздермен  беріліп  тұр?  Ой  желісін  сақтап,  өз  ойларыңызды 

қосыңыздар.  

 

Топырақ экологиясы 

 

Топырақ  маңызды  биосфералық  және  экологиялық  қызмет 



атқарады. Адамзат өзіне қажетті қоректік заттардың 98–99%-ын 

осы  топырақтан  алады.  Жер  бетіндегі  өңдеуге  жарамды  жердің 

көлемі  –  3200  млн  га,  оның  жартысы  ауыл  шаруашылығына 

жарамды  жер.  Ал  Қазақстанның  ауыл  шаруашылығына 

жарамды  жер  көлемі  –  78,6  млн  га.  Еліміздің  жер  қорының 

көлемі  үлкен  болғанымен,  соңғы  жылдары  оның  сапасы  күрт 

нашарлап  отыр.  Жерді  дұрыс  пайдаланбаудың  салдарынан 

топырақ құнарсызданып, шөлге айналу процесі күшейе түсуде. 




Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

32 



 Республикамыздың  30  млн  га  жерін  өнеркәсіп,  көлік 

байланыстары  мен  елді  мекендер  алып  жатыр.  Мысалы,  Батыс 

Қазақстан 

аймағындағы 

мұнай-газ 

өнеркәсібінің 

дамуы 

топырақтың  техногенді  бүлінуі,  өнеркәсіп  қалдықтарымен 



ластанудың,  ауыр  металдардың  жинақталуының  әсерінен, 

Бетпақдала  аумағы  қоқыстар  жинақталған  құнарсыз  аймаққа 

айналып  отыр.  Ал  аймағының  экологиясына  байланысты 

аумақтың көп бөлігі шөлге айналып, топырақтың химиялық улы 

заттар және радионуклидпен ластануы өсіп отыр. 

Топырақтың  бүлінуінің  салдарынан  адамның  денсаулығы 

нашарлайды.  Ол      адамға  ластанған  топырақта  өскен  өсімдіктер 

арқылы, онымен қоректенген жануарлар арқылы тарайды. Осыған 

байланысты  қазір  республикада  генетикалық,  онкологиялық,  т.б. 

ауру түрлері таралып отыр. Мысалы, бүгінгі күні 2,6 млн-ға жуық 

адам  мумагенез  ауруымен  есепте  тұр.  Бұл  фактілер  тек 

қазақстандық  ғалымдарды  ғана  емес,  Дүниежүзілік  денсаулық 

сақтау ұйымына мүше елдердің ғалымдарын да алаңдатуда. 

Ғылыми-техникалық  прогрестің  дамуы  ХХ  ғасырдың 

соңында  қоршаған  ортаның  апатты  түрде  ластануына  әкеледі. 

Сондықтан, адамзат болашақта өркениеттің тығырыққа тірелген 

жолдарын табиғат пен қоғамның үйлесімді өзара байланыстары 

арқылы  шешуі  тиіс.  Ол  үшін  бүгінгі  күнге  дейін  ұран  болып 

келген  «экономикалық  тиімділік  немесе  қолайлылық»  ұғымын 

экологиялық  қолайлылыққа  қарай  бұру  қажет.  Жалпы, 

қоғамның  экологиялық  мәдениетін  көтеру  –  болашақ  ұрпақты 

апатты бүлінушіліктен сақтап қалатын фактор. 



 

А. Т. Қуатбаев. Экология. Алматы: 2008 – 312 б. 

 

50-тапсырма. Берілген тақырыптар бойынша эссе жазыңыздар. 

  

1. Қоршаған ортамен үнемі байланыста болу. 

2. Өз айналасына айрықша табиғи орта құру. 

3. ХХ ғасырдың соңындағы зардаптар. 

4. Адамзат өркениетінің тығырыққа тірелуі. 

5. Табиғат пен қоғамның үйлесімділік жолын іздестіру. 

6. Қоғамның экологиялық мәдениетін көтеру. 

7. Табиғат пен қоғамның өзара әсері.  

 



Қазақ тілі 

 

 



33 

51-тапсырма. Мәтін идеясын ашыңыздар. 

 

Туған  жердің  қадірін  туғалы  түзге  шықпаған  кісі  қайдан 



білсін? 

Туған жердің  қадірін  алыс  жерге  ұзатқан,  ұзатқанына  әлде 

талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін? 

Туған  жердің  қымбатын  ғылым  іздеп,  шет  жайлап,  кітап 

қарап  сарылып,  көзінің  майын  тауысқан,  көшенің  шаңын  көп 

жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін? 

Туған  жердің  асылын  жазатайым  іс  етіп,  күштілерге  күш 

етіп,  еркінен айырылған, шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау 

көрмеген ер білмесе кім білсін? 

Ыстық қой, шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше, дәтің 

қалай шыдайды? Кім сағынбас өз қағын? Кім сүймесін өз жерін? 

Сүймесе  сүймес  зердесіз,  шерсіз  жүрек,  тілеуі  бөтен  жетесіз. 

Туғалы  ұзап  шықпаған  бауырмал  әжесінің  бауырында  еркелеп 

өскен балапан жүректі Қартқожа қайтіп сүймесін? 

 

52-тапсырма. 

Мәтіннің 

мазмұнына 

сәйкестендіріп, 

тақырып қойыңыздар.  

 

Қазақстанның  кең  сахара  даласының  дәл  кіндігінде 



орналасқан  Жезқазған  аймағы  312,  4  мың  шаршы  шақырым 

жерді  алып  жатыр.  Еліміздің  дәл  кіндігінде  дегеніміз  –  жай 

айтылған  сөз  емес.  Қазақстанның  геометриялық  орталығы  – 

Ұлытаудың  маңындағы  Кішітауда.  Осында  республиканың 

солтүстік-оңтүстігін  қосатын  бойлық,  батыс-шығысын  қосатын 

ендік  тоғысады.  Республиканың  геометриялық  орталығы 

Ұлытауда екенін көрсететін жәдігерлік белгі қою керек-ақ. 

Жезқазған  аймағының  экологиялық  ахуалы  мәз  емес.  Екі 

бүйірден  Байқоңыр  ғарыш  айлағы  мен  Семей  полигоны 

қыспаққа алып  тұр.  Ғарыш  кемелерінің  техникалық  бөлшектері 

мен  атом  қалдықтары  –  тептил  көктен  түсіп,  жерді  уландырып, 

ластап жатыр. Семей полигоны радиактивтік заттарды төңірекке 

сіңіреді. 

Тау-кен  өндірісі  төңірегінде  тау-тау  болып  үйіліп  жатқан 

тау  жыныстары  тегістелмеген,  рекультивация,  дезактивация 

шаралары жүзеге асырылмаған. 




жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау