Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет2/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 



  кәсіби сөйлеу арқылы өз мамандығы туралы ойын  еркін 

айту,  пікір  алмасу,  әңгімені 

қолдау,  т.б.  дағдыларын 

қалыптастыру.  

Оқулықта  дүние  жүзіндегі  және  Қазақстандағы  қазіргі 

экологиялық  жағдайға  сипаттама  берілген.  Ғалымдарды  қатты 

алаңдатып  отырған  экологиялық  зардаптар:  оның  денсаулыққа, 

ұрпаққа әсері жазылған. Қазақ халқының ұрпағына экологиялық 

білім мен тәрбие беретін ырымдары мен тыйым сөздерінің мән-

мағынасына терең үңілдіру арқылы табиғатты аялауға, қорғауға 

байланысты мәселелер қозғалған.  

Оқулықтағы  мәтіндер  мен  жаттығулар  экология,  су 

ресурсы,  құрылыс-сәулет  мамандықтары  бойынша  оқитын 

студенттерге  сұрыпталынды.  Олардың  әрқайсысының  дамыту-

шылық,  қатысымдық  қызметтері  айқындалды.  Болашақ  маман 

ретінде  қазақ  тілінде  ойын  жеткізіп,  пікір  алмасуына  септігін 

тигізеді.  Сонымен  қатар,  оқулықтағы  материалдар студенттерге 

тіл  заңдарын  орындауларына,  сөйлеу  мәдениетін  жетілдіру-

леріне пайдасын тигізері сөзсіз.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Қазақ тілі 

 

 





1. Экология, су ресурстары және суды қолдану, қоршаған 

ортаны қорғау және тіршілік ету қауіпсіздігі мамандықтары 

бойынша мәтіндер мен тапсырмалар 

 

1-тапсырма.  Мәтінді  орыс  тіліне    аударыңыздар.  Мәтінде 

кездесетін  көптік  жалғаулы  сөздер  барлық  жерде  көптік 

мағынасын көрсете ме? Нақты мысалдармен дәлелдеңіздер. 



 

Экология ғылымы және оның  құрылымы 

 

Экология    –  биология    ғылымының    бір    саласы. Негізінде 

экологиялық    зерттеулер    XIX  ғасырда    Чарльз  Дарвин  

еңбектерінде  сипат  алғанымен,  кейіннен  экология  өз    бетінше 

жеке  ғылым саласына  айналды. «Экология» терминін ғылымға  

алғаш рет неміс  биологы Э. Геккель  енгізді (1866). 



Экология  дегеніміз  –  тірі  ағзалардың    бір-бірімен    қарым-

қатынасын  оларды  қоршаған    ортасымен  байланыстырып  

зерттейтін  ғылым. 

Алғашқыда  тек  тірі    ағзаларға  қатысты    бағыт    алған  

экология ғылымы  қазір адамзат – қоғам – табиғат  арасындағы 

қарым-қатынастар мен  биосфера шегіндегі әлемдік  өзгерістерді 

адамның  іс-әрекетімен  байланыстыра    отырып  зерттейтін 

жиынтық    ғылымға    айналды.  Табиғат    ресурстарының  

сарқылуы  шикізат,  азық-түлік    проблемасын    туғызды.  Алып  

техникалар, ірі  өнеркәсіптердің  іске  қосылуы, ғарышты игеру, 

соғыс    техникаларының  көбейе    түсуі  табиғатқа    бұрын-соңды 

болмаған  өзгерістер  әкелді.  Ең    бастысы,  экология  табиғатта  

болып  жатқан барлық  өзгерістерді, құбылыстарды  адамның іс-

әрекетімен  үйлестіре  отырып  зерттейді. 

Экология  ғылымының      қалыптасуын  негізгі    3  кезеңге 

бөліп  қарастыруға  болады.  



I кезең. XVII ғасырдың  басы мен XVIII ғасырдың соңында 

биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алуы. 



II  кезең.  XIX  ғасырдың  басы  мен  XX  ғасырдың    70–80 

жылдарында  экология  ғылымының  жеке  ғылым    ретінде 

қалыптасуы мен  дамуы. 



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 



III  кезең.  Экология    ғылымының    өрлеуі.  Қазіргі  заманғы 

экология  әлеуметтік,  экономикалық  жағдайлар  мен  мәселелерді 

қамтитын  деңгейге жетіп отыр.   

А. Т.  Қуатбаев. Экология. Оқулық. −Алматы: 2008. – 312 б. 

 

2-тапсырма.  Мәтіннен  тәуелдік  жалғаулы  сөздерді  тауып, 

оларды  байланысып  тұрған  ілік  септіктегі  сөзбен  тіркестіріп 

жазыңыздар. 

 

Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы 

қазіргі экологиялық  мәселелер 

 

Ең басты мәселенің  бірі – жер  шарындағы халық  санының  

артуы.  Жер    шарындағы  халықты    азық-түлікпен,  жылу  

энергиясымен,  киім-кешек,  т.б.  материалдық  жағдайлармен 

қамтамасыз  ету  үшін  қаншама    табиғат    ресурстары    қажет. 

Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қоршаған орта жағдайын  

нашарлатып,  адамдардың  денсаулығына  орасан  зор  зиян  

келтіруде. 

Әлемдік экологиялық  мәселелер-

дің  ішіндегі  ең    қауіптілерінің    бірі  –  

биосфераның    ластануы.  Адамның  

табиғатты  өзгертуге  байланысты    іс-

әрекеттері    ғаламшардағы    тіршілікке  

қауіп  төндіретін өзгерістер тудыратын 

деңгейге   жақындады. Апатты  құбылыстар бүкіл  ғаламшардың 

ырғақты  тепе-теңдігін  бұзып,  дүниежүзілік    климаттың  өзгеру  

қаупін    туғызуда.  Мысалы,  адам  Қарабұғаз  көлді  Каспий 

теңізінен  топырақ    қамалы    арқылы    бөліп,  теңіз  деңгейінің 

төмендеуін  тоқтатқысы келді. Ал 25–30 жыл өткен соң, Каспий  

теңізі  деңгейінің  төмендеуі  шығанақпен    байланысты    емес, 

оның жердің эволюциялық даму заңына тәуелді екені айқындалды.  

Қазақстанда  соңғы    жылдары  Каспий    теңізі  деңгейінің 

көтерілуі  және  Арал  теңізі  мен    Балқаш  көлі  деңгейінің 

төмендеуі  жалпы  ауа  райына,  фауна  мен  флораның  қалыпты  

тіршілігіне зиян келтіруде.  

 1970  жылы  Балқаш  көліне  құятын    Іле    өзенінің  орта  

ағысы тұсынан  Қапшағай су электр станциясының салынуы Іле-



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау