Қазақ тілі
49
стратегиясын қалай қалыптастыруға болады? 5. Мәдени-тарихи
экологиялық дағдарыс ұғымын қалай түсінесіздер? 6. Экологиялық
мәселелер жөніндегі қандай халықаралық келісім-шарттарды
білесіздер? 7. Қалдықсыз экологиялық өнім дегенді қалай
түсінесіздер? 8. Табиғи ортаның адам денсаулығына зияны? 9.
Экологиялық мәселені шешудегі халықаралық тәжірибелерді
атаңыздар. 10. «Қоршаған ортаның ластануы – ғаламдық мәселе»
дегенді қалай түсінесіздер?
85-тапсырма. Мәтінде көтерілген қоғамдық-әлеуметтік
мәселелерді анықтаңыздар. Осы мәселелер төңірегінде жазбаша
ойталқы жасаңыздар.
Жер-ауа – тіршілік ортасы
Жер бетінде тіршілік ететін ағзалар газ тәріздес ортамен
қоршалып жатыр. Бұл ортаның өзіне тән ерекшеліктері:
ылғалдылық, тығыздық пен қысымның төмендігі, оттегі
мөлшерінің жоғары болуы.
Жер-ауаның
тіршілік
ортасындағы
абиотикалық
шаралардың әсер ету ерекшеліктеріне тоқталайық.
Ауа. Құрғақ ауаның құрамындағы (көлем бойынша 78%
азот, 21% оттегі, 0,03% көмірқышқыл газы) инертті газдар.
Оттегі ағзалардың тыныс алуына өте қажет. Көмірқышқыл
газын өсімдіктер фотосинтез процесіне пайдаланады.
Жел. Ауа температурасы мен ылғалдылығын өзгертеді,
ағзаларға механикалық әсер етеді. Жануарлар мен өсімдіктердің
транспирациясын өзгертеді.
Атмосфералық жауын-шашындар қар, жаңбыр, бұршақ
түрінде болады. Олар ауа мен топырақтың ылғалдығын өзгерте
отырып, өсімдіктер мен жануарларды сумен қамтамасыз етеді.
Су режиміне жаңбырдың жауу уақыты, жиілігі мен ұзақтығы
әсер етеді. Сонымен қатар, жаңбырдың сипатын есепке алу
қажет.
Топырақ ылғалдылығы. Өсімдіктер негізінен топырақтағы
суды пайдаланады. Бос судың негізгі бөлігін гравитациялық су
құрайды. Өсімдіктер бұл суды жеңіл сіңіреді. Әрбір мекен ету
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
50
ортасы белгілі бір ауа райымен, климатымен сипатталады.
Климаттық факторларға өсімдіктер әсер етеді.
Топырақ – тіршілік ету ортасы. Топырақ ғылымының
негізін қалаған орыстың жаратылыстану ғылымын зерттеушісі –
В.В. Докучев (1846 – 1903) болды. Оның ғылыми-зерттеулері
геология, минералогия, топырақтану, география, агрономия
салаларына жатады. Топырақ түзілудегі маңызды факторлардың
бірі – рельеф. Құрамы мен жасы бірдей рельефте, жақын және
біртипті топырақтар түзіледі.
Ылғалы жеткілікті топырақ оңай жылынады, әрі баяу
сынады. Оның бетінде терең бөлігімен салыстырғанда
температураның ауытқуы, айтарлықтай жоғары. Тәуліктік
ауытқулар 1 м дейін тереңдікті қамтиды. Қыста жер астында
топырақ жануарлар жазбен салыстырғанда, терең мекендейді.
86-тапсырма. Берілген терминдердің қай салаға қатысты
екеніне мән беріп, орыс тіліне аударыңыздар.
Сәулет өнері, имарат, әктас, қорған, кесене, сұлба, тұрғын
үй, жағын арқалығы, төл жазуы, сәулеттік өңдеу, зәулім үй,
темір қалақша, ағаш бұйымдары, қалау тас, балшықты қоспа,
алыптас ескеріткіштер, су ағынды ілестіргіш, мұздатқыш
қондырғылар, ежелгі қала зираты, тұрғын жай, білеу, төсем,
кірпіш қаптама.
87-тапсырма. «Экология мамандығының ерекшелігі»,
«Мен таңдаған мамандық», «Қазақстандағы экологиялық
жағдайлар»
атты
тақырыптар
туралы
өз ойларыңызды
жазыңыздар.
88-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.
Экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету
Қазақстанның
табиғи
кешеніне
ластанудың
төмен
тұрақтылық потенциалы тән. Қазақстан Республикасының
негізгі бөлігі, табиғаттың биологиялық процестері мен өзіндік
қалыпқа келуін тежейтін, құрғақ климатты аумақта орналасқан.
Қазақ тілі
51
Қазіргі уақытта қоршаған ортаға анропогендік әсер етудің
көлемділігі сондай, қоғам еріксіз түрде жаңа экологиялық және
экономикалық қарама-қайшылықты шешуді шұғыл түрде
қарастыруда. Осы қарама-қайшылықты шешуде басты рөлді аз
қалдықты, қалдықсыз және апатсыз технологиялық процестерді
өнеркәсіпте, көлікте, т.б. жерлерде жасауға және енгізуге
септігін тигізетін ғылыми-техникалық процесс алады.
Көлік нысандары шоғырлануының әсерлерін былайша
қорытындылауға болады:
Литосфераға:
жер беті қабатының бұзылуы;
ауыл шаруашылық жерлерінің қысқаруы;
табиғи ландшафт рельефінің өзгеруі;
топырақтың химиялық заттармен ластанып, механикалық
бұзылуымен;
Гидросфераға:
су балансының бұзылуы және оның қоршаған ортамен
әсерлесуі;
атмосфералық ылғалдылықтың антропогендік ластануы;
топырақ қыртысы мен оның бетінің лас сулармен ластануы;
Атмосфераға:
мұнайдың төгілуінен апатты жағдайда газ шоғырлануынан,
қоршаған орта температурасының көтерілуі;
будың, түрлі зиянды оксидтердің, ыстың, шаңның, т.б.
заттектердің бөлінуі;
Биоценозға:
флора мен фаунаның, адамның тіршілік жағдайының
төмендеуі.
89-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Қазақстанның табиғи кешеніне не тән?
2. Қазақстанның негізгі бөлігі қайда орналасқан?
3. Қазіргі уақытта қоғамда қандай экологиялық мәселе
қарастыруда?
4. Қарама-қайшылықты шешудегі ғылыми-техникалық
процестің рөлі?