Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
40
65-тапсырма. Сөз тіркестерін оқып, орыс тіліне аударып,
сөйлем құрастырыңыздар.
Қазақстан жері, жер шары, улы түтін, адамзат қауымы,
ғаламдық проблема, қауіптілік деңгей, әсер ету, қатерлі ісік,
зиянды заттар, ірі өнеркәсіп, тыныс жолдары, пайдалы кеңес,
өзекті мәселе, қауіпті жағдай, мәселені шешу, экология саласы,
қалыптасқан жағдай, кезекті мәселе, шектен тыс.
66-тапсырма. Мәтінде көтерілген қоғамдық-әлеуметтік
мәселелерді анықтап, өз пікірлеріңізді жазбаша білдіріңіздер.
Қазіргі экологиялық жағдайлар
Қазіргі
кезеңдегі
шиеленісіп
отырған
экологиялық
мәселелерге байланысты табиғи ортаның сапасын жақсарту
өзекті мәселе болып отыр. Жер шарының кейбір аймақтарында
түрлі табиғат өзгерістері мен апаттары болуда. Оған
топырақтың құнарсыздануына байланысты ауыл шаруашылығы
өнімдерінің төмендеуін, шөлге айналған экожүйелерді, өзен мен
көлдердің тартылуын, климаттағы өзгерістерді, қуаңшылықты,
фауна
мен
флораның
азаюын,
т.б.
көптеген
табиғат
факторларын мысалға келтіруге болады.
Өнеркәсіптің қарқынды дамуы мен адамның іс-әрекетінің
нәтижесінде, қоршаған табиғи ортаның тепе-теңдігі бұзылуда.
Табиғатқа қатты, сұйық, синтетикалық, газ күйінде заттар
шығарылып, су, ауа, топырақ, сапасын төмендетті.
Өнеркәсіп, зауыт, жылу қазандықтары, автокөліктер,
ұшақтар жұмыс істегенде химиялық зиянды заттар бөлініп
отырады. Олар қатты, сұйық, газ күйінде болуы мүмкін.
Сондықтан өзен, көл суын қайнатпай ішуге, жеміс-жидекті
жумай жеуге болмайды. Әсіресе, ірі қалаларда, өнеркәсібі
дамыған жерлерде, зауыт, фабрикалар маңында зиянды
заттардың мөлшері шамадан тыс көп болады.
Улы заттардың қатарына темекі мен есірткі заттар да
жатады. Темекіні жиі тарту өкпе мен қолқаның созылмалы
ауруына, өкпе жолдарының қатерлі ісік ауруларына апарып
соғады. Есірткі заттары да қолқа мен өкпенің қатерлі ісік
Қазақ тілі
41
ауруларын туғызды. Қоршаған ортаның химиялық ластануы,
дүниежүзілік экологиялық мәселелерге жатады.
Жер шары бойынша адам бірнеше тарихи радиациялық
апаттардың куәсі болып, зардап шекті. Мысалы, 1945 жылы
АҚШ-тың Жапониядағы Хиросима, Нагасаки қалаларына атом
бомбасының салдарынан, күні бүгінге дейін мыңдаған адамдар
сәулелік аурулардың зардабын шегуде. Одан кейінгі жылдары
атом қаруларын суда, жер астында және атмосферада сынау
басталды.
Біздің республикамызда 40 жылдан астам уақыт бойы
Семей өңірінде, сол сияқты Тайсоған, Азғыр, Нарын жерінде
500-ден астам ядролық сынақ жасалғаны белгілі. Оның
әрбіреуінің қуаты, Хиросимаға тасталған атом бомбасынан кем
болмады.
Табиғи ортаның биологиялық ластануы да ерекше орын
алады.
Биологиялық
ластаушыларға
ауру
туғызатын
микроорганизмдер, вирустар, құрттар, қарапайымдылар жатады.
Олар ауа, су, топырақта, тірі организмдердің ішінде адамда
кездесетін қызылша, күл, шешек аурулары адам түшкіргенде,
жөтелгенде ауа арқылы жұғады.
Соңғы жылдары жұқпалы аурулардың бір тобы жыныс
жолдары арқылы кең таралуда. Бұлар: мерез, соз, ЖҚТБ
(СПИД), т.б. Солардың ішінде ЖҚТБ – өте қауіпті ауру.
67-тапсырма. Жоғарыдағы мәтін бойынша сұрақтарға
жауап беріңіздер.
1. Қоршаған ортаның сапасы қандай болуы керек? 2.
Табиғи орта не себептен ластанады? 3. Ластаушы заттар қалай
топталады? 4. Химиялық ластану көздері неде? 5. Радиоактивті
ластану не себептен болады? 6. Биологиялық ластану дегеніміз
не? 7. Зиянды заттар мен жұқпалы аурулардан қалай сақтануға
болады? 8. Жұқпалы аурулардың таралу себебін түсіндіріңіздер.
68-тапсырма. «Қоршаған ортаның сапасы». «Ластану
көздері». «Зиянды қалдықтар» тақырыптары бойынша эссе
жазыңыздар.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
42
69-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен
сөйлемдер құрастырыңыздар.
Табиғи орта, микробтар, ауыр металдар, ірі өнеркәсіп,
қоршаған орта, шектен тыс, ластану, есірткі, қабыну, тіршілік,
тепе-теңдік, мәселе, қажеттілік, жұмыс қабілеті, төмендеу, аса
қауіпті ісік аурулары, тіршілік ету, кейбір аурулар, зақымдау,
зардап шегу, сәулелік ауру, өндіріс қалдықтары, қорытынды,
пайдалы кеңес, сақтану жолдары, қорғану шаралары, тиімді
пайдалану, жергілікті жер, мүмкіндік, улы заттар, зат мөлшері,
ластану деңгейі, тірі организм, сипаттама беру, жыл сайын.
70-тапсырма. Түсіндірме сөздік негізінде экология саласы
терминдеріне түсініктеме беріңіздер.
Экология, экогигиена, экожүйелер, тіршілік ортасы,
табиғат ресурстары, ластану көздері, қолдан сұрыптау, азон
қабаты, зат айналымы, ядрошық, азот айналымы, ғаламдық
генетика, климаттың өзгеруі, ноосфера, қоршаған орта сапасы,
таксон, су айналымы, көміртек айналымы, тіршілік қабаты.
71-тапсырма. Мәтінге өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.
Қазақстанның табиғатын қорғау жолдары
және «Қызыл кітап»
Қазақстанда табиғат қорғау мәселелері мемлекеттік
деңгейде қарастырылған. Табиғатты қорғау туралы мемлекеттік
заңдар мен маңызды құжаттар қабылданды.
«Қызыл кітап» ұйымдастырудың өзіндік даму тарихы бар.
Алғаш рет дүниежүзінде 1948 жылы Халықаралық табиғатты
және табиғи қорларды қорғау одағы (ХТҚО) құрылды. Оның
мақсаты – дүниежүзінде сиреп немесе құрып бара жатқан аң,
құстар мен өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру
болатын.
«Қызыл кітаптың» маңызы өте зор. Кітапқа енгізілген аң
мен құстарды, тағы басқа да организмдерді рұқсатсыз ұстауға,
атуға мүлдем тыйым салынған.
Достарыңызбен бөлісу: |