Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет22/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

64 



жыл      жасайтын  жөке    ағашы    қала    ауасында  50−80  жыл  ғана 

өмір  сүреді екен. 

Ауаға    тарайтын    кездейсоқ  заттардың  көбеюінен,    ауа  

қабаты өзін-өзі  тазарта  алмайды. Оны  қорғау  қажет. Ол  үшін 

арнайы    шаралар  жүзеге  асырылады.  Зауыттарға  тазартқыш 

қондырғылар  орнатылады. Автокөліктерден   шығатын түтіннің  

жолына    сүзгі  қойылады.  Сұйық    отын  газбен  алмастырылады. 

Ауаны  тазартудың  ең  тиімді жолы – көгалдандыру.  

 

117-тапсырма. Септелген жіктеу есімдіктерімен он сөйлем 

құрыңыздар.  

 

118-тапсырма.  Қалау  рай  формаларын  қолдана  отырып, 

«Мен  таңдаған  мамандықтың  ерекшелігі»  тақырыбы  бойынша 

шығарма жазыңыздар. 

 

119-тапсырма.  Мәтінді 

оқып  шығып,  орыс  тіліне 

аударыңыздар. 

 

Судың маңызы 



 

Су  адамзатқа,  жан-жануарларға,  жәндіктер  мен  өсімдіктерге, 

кәсіпорындарға,  ауа  райына,  тау  жыныстарына  қажет,  олардың 

өсіп-өркендеуіне, тиісті деңгейге жетілуіне әсерін тигізеді.  

Су  –  сутек  тотығы  (Н

2

О)  құрамында  сутек  (Н)  –  11,19  % 



оттек (О) -88,81 % түссіз, иіссіз, дәмі жоқ қарапайым химиялық 

қосынды.  Су  –  жер  жүзінде  кеңінен  таралған  сұйық  шикізат. 

Жер  шарының  үстін  жабынды  түрде  басып  жатқан  мұхиттар, 

теңіздер,  табиғи  жасанды  көлдер,  өзендер,  жерасты  суларын 

қоса  есептегенде  1,4−1,5  млрд  км

3

  су  қоры  бар  деп  есептелген. 



Оның  ішінде  құрлық  аудандарындағы  су  көлемі  –  90  млн  км

3

 



шамасында  деп  анықталған.  Ал,  бұл  көлемнің  60  млн  км

3

  – 



жерасты  суы,  29  млн  км

3

  –  мұз  айдындары,  0,75  млн  км



3

  – 


көлдер,  0,075  млн  км

3

  –  жер  қыртысы  ылғалдығы,  0,0012  млн 



км

3

  –  өзендер  үлестеріне  тиеді.  Табиғи  су  құрамында  әртүрлі 



пайда болу жағдайларына байланысты еріген тұздар, газдар мен 

органикалық 

қалдықтар 

кездеседі. 

Жалпы 

қосымшалар 




Қазақ тілі 

 

 



65 

концентрациясы  бір  кг  суда  грамнан  аспаса  –  тұщы,  25  г 

шамасында – кермек және бұл мөлшерден артық болса – ащы. 

Қазақстан  территориясында  тұщы  суға,  тиісінше  ауыз  суға 

көптеген  ауыл-аймақтардың,  шөлейт  пен  құмды  аудандардың 

тапшы  болып  отырғаны  көпке  мәлім.  Сулары  тұщы,  ауыз  суға 

жарамды  үлкенді-кішілі  өзендер,  олардың  тамақ  құйылыстары, 

жылғалар,  көлдер  бола  тұрса  да,  барлық  территорияны  сумен 

қамтамасыз  ету,  күрделі  проблемаға  айналған.  Бұл  проблеманы 

шешудің  жолы  –  жерасты  суларын  іздестіру,  артезиандық  су  

қабаттарын табу, олардың минералдық құрамын анықтау болып 

есептеледі.  

 

120-тапсырма.  Мәтіннен  суға  тән  қасиеттерді  теріп 

жазыңыздар.  



 

121-тапсырма.  Мәтіндегі  зат  есімдерді  теріп,  қай  септікте 

тұрғанын анықтаңыздар.  



 

122-тапсырма.    Берілген  сөздерді  орын  тәртібі  бойынша 

қойып, сөйлем құрастырыңыздар. 

  

1. Шикізат, таралған, жер, сұйық, кеңінен, су.  



2.  Қажет,  кәсіпорындардың,  адамзаттың,  өсіп-өркендеуіне, 

өсімдіктердің, жануарлардың, су. 

3.  Қалдықтар,  ерігіш  тұздар,  газдар,  кездеседі,  құрамында, 

табиғи, су.  

4. Тапшы, құмды аудандардың, болып отырғаны, ауыз суға, 

ауылды аймақтардың, мәлім. 



 

123-тапсырма.  Мәтіндегі  сан  есімдерді  сөзбен  жазып, 

түрлеріне қарай ажыратыңыздар. 



 

124-тапсырма. Төменде  берілген сөздер, сөз тіркестерімен 

сөйлемдер құрастырыңыздар.  

 

Су, адамзат, органикалық қалдық, тіршілік, су қоры, ауыз су.  



 

125-тапсырма. Берілген жұмбақтардың шешуін табыңыздар.  

 


Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

66 



1. Жер көрдім қаласы бар, 

    Үйлері жоқ мекендейтін. 

     Көл көрдім, өзен көрдім, 

     Сулары жоқ терең дейтін.                   

2.  Аяғы жоқ жүреді, 

     Сылқ-сылқ күледі.                             

3.  Тілі бар да, үні жоқ, 

     Өзін адам түсінген. 

     Жүрегі барда, қаны жоқ, 

     Сөйлеп тұрған ішінен.       

                  

126-тапсырма.  Берілген  мақал-мәтелдердің  мазмұнына 

қарай жағдаят құрастырыңыздар. 

 

1. Таулы жер бұлақсыз болмас, 



     Сулы жер құрақсыз болмас. 

2.  Су аққан жерінен айнымас. 

3.  Тау кезеңсіз болмас, 

      Өлке өзенсіз болмас.  

4.   Көлдің көркі құрақ, 

      Таудың көркі бұлақ. 

5.   Сүмбіле туса, су суыр. 

6.   От арық, су семіз.  

 

127-тапсырма. Берілген терминдерді  жаттап алыңыздар.  

 

Суаралық – волок 



Су астылық атқылау – подводное извержение  

Бөген – водохранилище 

Суармалау жүйесі – оросительная система 

Қоспалағыш – смеситель 

Сорғы станциясы – насосная станция  

Суды биологиялық талдау – биолологический анализ воды  

Ауа тозаңы – аэрозоль  

Батпақ – болото  

Өткел – брод  

 

128-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, маз мұндаңыздар.  



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау