Қазақ тілі
43
Табиғатты қорғаудың ең жоғары формасы – қорықтар
ұйымдастыру. Қорықтар ұйымдастыру ХІХ ғасырдың басында-
ақ жүзеге асырыла бастады.
ТМД елдері бойынша 141 мемлекеттік қорық, 66 қорыққор,
5 ұлттық саябақ және 24-тен астам табиғат ескерткіштері бар.
Соңғы жылдары Батыс Алтай мен Алакөл қорығының
ұйымдастырылуы, Алтынемел, Ордабасы, Қарқаралы, Іле, Кент,
Қапланқыр, Балқаш, Ерейментау, Торғай, т.б. көптеген
қорықтар мен ұлттық саябақтарды ұйымдастыру шаралары
жүзеге асырылмақ.
Қандай табиғат байлықтары, мейлі, ол өсімдіктер әлемі
немесе түз тағысының өкілі болсын, оларды өздері бейімделген
тіршілік ортасынан ажыратпай қорғау және мейілінше қорын
молайту ісі қазіргі көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен көліктің қарқынды көбеюі,
оларға өзінің кері ықпалын тигізуде. Мұндай жағдайда адам
ғылыми-техникалық прогресс пен табиғат қорғау ісін ғылыми
негізде ұштастырып, қайткенде де тығырықтан алып шығар
жолды ойластырғаны жөн. Яғни, табиғатта болатын түрлі
экологиялық процестерге игі ықпал етіп, қоршаған ортаны
көркейтумен қатар, небір қайталанбас ландшафтты қамқорлыққа
алу шаралары ұйымдастырылады.
Қазақстан жері жасыл өсімдіктер әлемі мен жабайы
жануарлар дүниесіне бай өлке. Олардың ішінде біздің елімізге
ғана тән жануарлар мен өсімдіктердің төл түрлерімен қатар,
сонау мұз дәуірінен бізге жеткен ежелгі түрлері бар. Ал толып
жатқан себептерге байланысты азайып кеткендер тізіміне 87
жануар, 306 өсімдік түрлері іліккен. Қайткен күнде де, олардың
жойылып кетпеуіне жағдай жасап, қадағалауымыз керек.
Солардың ішіндегі ең тиімдісі – қорықтар мен табиғи саябақтарды,
қорыққорлар
мен
табиғат
ескерткіштерін
ұйымдастырып,
ботаникалық бақтар мен жануарлар саябағын ашу.
Осы бағытта біздің республикамызда да ерекше қорғалатын
жерлерді қамқорлыққа алу, жаңа қорықтар құру ісіне көп көңіл
бөліне бастады. Мұның бәрі табиғат байлықтарын сақтауға,
тиімді пайдалану мен қорғауға арналған шаралар деп білуіміз
керек.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
44
72-тапсырма. Дені сау адам тіркесімен есімді, етістікті сөз
тіркестерін құрастырыңыздар.
73-тапсырма. Төмендегі тақырыптар негізінде ой толғау
жазыңыздар.
1. Қазақстан табиғатын қорғаудың жолдары туралы
айтыңыздар.
2. Сіздер қандай экологиялық мәселелерді көтересіздер?
3. Жоғарыдағы жайттарды көтергенде ең алдымен, нені
ескересіздер?
4. Қазақстанның табиғатын қорғауға байланысты қандай
пайдалы іс-шаралар жүргізесіздер?
5. Сіздердің жұмыстарыңыздың нәтижесі сіздер үшін және
мемлекетке қалай көп пайда әкелуі мүмкін?
74-тапсырма.
Мәтіндегі
ойды
аяқтау
үшін
өз
нұсқаларыңызды жазбаша білдіріңіздер.
Қарқынды даму үстіндегі Қазақстанға енді ішкі қуат көздерін
таразыға тартатын уақыт жеткен сияқты. Өйткені жекелеген
салалардың іріленуі, бұрыннан қалыптасқан жағдайдың өзгергенін
байқатып отыр. Әсіресе, ірілі-уақты өндіріс күштері мен құрылыс
саласының өркендеуі, еліміздің энергетикалық потенциалын жаңа
қырынан танытуға алып келді.
Үкімет тарапынан тапшылықты болдырмау мақсатында
белсенді жұмыстар бірнеше жыл бойына тұрақты түрде
жүргізіліп келеді. Солтүстік-оңтүстік екінші электр тарату
желісінің құрылысы, Астана қаласының екінші кезектегі жылу
электр желісі, Мойнақ ГЭС-і, Қандыағаш су-жылу стансасының
іске қосылуы, жасалған жұмыстың нәтижесі ретінде аталуда.
Алайда, жарық жолындағы тәуелсіздікке қол жеткізу үшін бұл
аздық ететіні сөзсіз.
Қазақ тілі
45
75-тасырма. Серіктесіңіз төмендегі тақырыптардың бірін
таңдап, ғылыми жобаға қатыспақшы. Интернет пен дерек
көздерін пайдаланып, серіктесіңізге ғылыми жобаның мақсаты
мен міндеттерін көрсетіп, жоспар жасаңыздар.
Ұсыныс 150–180 сөз көлемінде мәтін түрінде болуы керек,
онда ғылыми жобаның практикалық маңызы түсіндіріліп,
дәлелденуі қажет.
Тақырыптар:
1. Мұнай өндірісі – Қазақстан бюджетінің ең маңызды кіріс
көзі.
2. Айналымдағы ақшаның саны көбейген сайын, оның құны
кемиді.
3. Қоғамды дамытудағы шағын бизнестің рөлі.
76-тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрып, оны орыс
тіліне аударыңыздар.
Қазақстанның табиғат қорлары және
оларды тиімді пайдалану
Табиғат қорлары – адам баласының материалдық игілігін
қамтамасыз ететін ең қажетті құрам бөліктер. Оларға: ауа, су,
топырақ, орман, қазба байлықтар, өсімдіктер әлемі, жануарлар
дүниесі, т.б. жатады.
Табиғат қорларын: сарқылмайтын және сарқылатындар деп
екі топқа бөледі. Сарқылатын қорлар қайта қалпына келмейтін
және қалпына келетіндер деп бөлінеді.
Сарқылмайтын қорларға Күн энергиясы, атмосфера ауасы,
теңіз бен мұхиттардың сулары, жел жатады.
Өзен мен көлдердің қуаңшылықтан үнемі буланып немесе
адамның іс-әрекетінен сарқылып қалатын кездері де болады.
Мысалы, қазіргі кездегі Арал, Балқаш, т.б. су айдындарының
тартылуы, Іле, Шу, Талас, т.б. өзен суларының азаюы.
Соңғы жылдарда еліміздің ауа алабының газдық құрамы
мен сапасы күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең бастысы –