Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет13/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   135

Қазақ тілі 

 

 



37 

   жұқпалы                                             мұңы 

   текше                                                  отыр 

   су                                                        денсаулығы 

   қаржыландырып                               келтіру 

   әлем                                                    бойынша 

 

60-тапсырма.  Мәтінді  оқып,  тақырыпқа  байланысты  тірек 

сөздерді табыңыздар. 



 

Туризм 

 

Туризм  адамдарды  табиғат  көркімен,  ерекше  сұлу 

жерлерімен  таныстырады.  Ұлы  саяхатшы  Н.М.  Прежевальский: 

«Өмір  сүрудің  тамашалығы  сол  –  әрқашанда  саяхат  жасауға 

болады», – деген. 

Туризмді  елдің  төлем  балансындағы  пайдалы  салаға 

айналдырудың  маңызы  зор.  Қазіргі  заманғы  туризм  өндірісі  − 

әлемдік  экономикадағы  ғарыштап,  дамып  келе  жатқан  сала. 

Дүниежүзіндегі  елдердің  83%-да  туризм  экспорты  аса  пайдалы 

қаржы  көзіне  айналса,  38  мемлекет  экономикасының  басқа 

түріне  қарағанда  осы  саладан  валюта  түсіруде  алда  келеді. 

Халықаралық  туризмнің  өткен  жылғы  табысы  –  мұнай 

өнімдерін  экспорттау  мен  автомобиль  өндірісінен  кейінгі 

үшінші орында. 

Еліміздің  2000  жылдың  22  тамызында  Үкімет  мәжілісінде 

Қазақстандағы  туризмді  дамыту  шаралары  туралы  мәселе 

тұңғыш рет қаралды. 

Қазақстанның  туристік  ұйымдары,  отандық  туризмді 

насихаттау үшін болашағы бар 75 жоба жасалды. Олар: іскерлік, 

тарихи-мәдени,  сауықтыру,  ғылыми,  әуесқой-спорттық,  балық 

аулау,  тау  туризмі,  т.б.  соңғы  кездердегі  әуе  және  экологиялық 

туризмдерін жатқызуға болады. 

ҚР-ның  1999  жылдың  10  желтоқсанында  «Лицензиялау 

туралы»  заңы  аясында  еліміздегі  638  ұйымға  туристік 

қызметпен  айналысу  құқығы  берілген.  Лицензия  берілген 

туристік  компаниялар  елімізге  туристер  тартумен  емес,  сыртқы 

туристік сапа ұйымдарымен айналысуда. 



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

38 



Еліміздің  туристік  аймақтары  –  Алматы,  Көкшетау, 

Қапшағай,  Маңғыстау  өңірлері.  Олар  –  туризмнің  нағыз 

орталықтары.  Көбінесе  туристік  кәсіпорындар  Алматыда 

орналасқан.  Соңғы  жылдары  қала  аумағында  әлемдік  дәрежеге 

сай  келетін  жоғары  сапалы  қызметтер  көрсете  алатын  әсем,  әрі 

сәнді қонақ үйлер мен мейрамханалар бой көтеруде. 

Дүниежүзі бойынша туризм пайда түсіретін саланың ішінде 

үшінші  орында  болғандықтан,  Ұлы  Жібек  Жолын  жаңғырту 

мәселесі Үкіметте талқылануда. 

Ұлы  Жібек  Жолы  әлемнің  даму  цивилизациясы  тарихында 

алатын  орны  жоғары  бағаланып,  Президент  1998  жылы  27 

ақпанда өзінің жарлығымен «Жібек Жолы – Қазақстан» Ұлттық 

компаниясын  қаржыландыру  басқаларға  қарағанда  көш  ілгері. 

Ұлы  Жібек  жолында  тарихи  этнографиялық  туризмді  дамытуға 

бетбұрыс  жасалуда.  Шығыс  пен  Батыс  елдерінің  мәдени, 

достық,  сауда  қарым-қатынасы  негізінде  Қазақстанның  бұл 

саладағы экономикалық беделі жоғары. 

 

61-тапсырма.  Мағыналас  сөздерді  тауып,  сөйлемдер 

құрастырыңыздар. 

 

          келбетті                                         көркем 



          шипалы                                          емдік 

          ауру                                                дерт, сырқат, науқас 

          пара-пар                                         сай, біркелкі 

          айығу                                              жазылу 

          дәрігер                                            емші 

          бөлек                                               оңаша 

          ерекше                                            айрықша 

          сұлу                                                 әдемі   

 

62-тапсырма.  «Қазақстанның  бүгіні,  болашағы  және 

ертеңі» тақырыбында жоба құрыңыздар. 

 

63-тапсырма.  Мәтіндегі  экология  саласына  қатысты 

терминдермен сөйлем  құрастырыңыздар. 

 

64-тапсырма. Мәтінге өз ойларыңызды қосыңыздар.   



Қазақ тілі 

 

 



39 

Әлемдік экологиялық проблемалар 

 

Жер  шарындағы  халық  санының  өсуіне  байланысты 



өнеркәсіп  дамыды,  ірі  қалалар,  жол,  үй,  алып  ғимараттар 

салынды.  Нәтижесінде,  бізді  қоршаған  ортаға  зиянды  қалдық 

заттар, улы газдар, лас сулар, шаң-тозаң шығарылды.  

Зиянды  заттардың  мөлшері  шектен  тыс  көбейіп,  бүкіл 

адамзат  қауымына,  қоршаған  орта  табиғатына  зиянын  тигізді. 

Бірте-бірте  бұл  жағдайлар  қауіпті  экологиялық  проблемаларға 

айналды. 

Қазіргі кезде Жер шарындағы экологиялық проблемаларды  

жергілікті,  аймақтық  және  әлемдік  деп  жіктейді.  Жергілікті 

экологиялық    проблемалар  белгілі  бір  аудан,  облыс  көлемін 

қамтиды. Мысалы, қаланың ауасы, кішігірім өзен мен көлдердің 

ластануы, ірі өнеркәсіп айналасының ластануы, т.б. 

Аймақтық экологиялық проблемалар көлемі  бірнеше аудан 

мен 


облысты 

қамтиды. 

Мысалы, 

Балқаш, 


Арал, 

т.б. 


проблемалары.  Ал,  әлемдік  экологиялық  проблемалар  бүкіл 

биосфераны  қамтиды.  Оларға  озон  қабатының  жұқаруы, 

қышқыл  жауындар,  улы  тамшылар,  жылыжай  эффектісі, 

мұхиттар  мен  теңіздердің  ластануы  жатады.  Әрине,  аталған 

экологиялық проблемалардың арасында шекара болмайды. Олар 

бір-біріне  ұласып,  сабақтасып  жатады.  Әрбір  экологиялық 

проблеманың  өзіне  тән  ерекшелігі,  қауіптілік  деңгейі,  әсер  ету 

аймағы,  мөлшері болады. 

Бүкілдүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  (БДҰ) 

мәліметтері 

бойынша, 

атмосферадағы 

азон 

қабатының 



жұқаруынан  қатерлі  ісік  ауруларының  1%-ға  көбейгендігі 

анықталған. 

Азот қосылыстары атмосфераға көбінесе, орман өртінен, ірі 

өнеркәсіп  орындарынан  бөлінетін  түтіннен  жинақталады.  Адам 

азот  оксидімен  дем  алғанда  тыныс  жолдарының  қабынуы, 

бронхит, ентікпе ауруларынан зардап шегеді. 

Улы 

түтін 


өнеркәсіп 

орындарында, 

жылу 

электр 


станцияларында  көмір  мен  мазутты  жаққанда  пайда  болады. 

Атмосфераның  химиялық  ластануы  –  бүкіл  адамзат  қауымын 

алаңдатып отырған ғаламдық проблемалардың бірі. 

 



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау