Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
58
102-тапсырма. Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып
жазыңыздар.
Қазіргі заман... жер шарындағы халық саны... артуы
заңды құбылыс. Ең маңызды фактор – қоршаған орта... сапа... .
Бұл проблема дүниежүзі халықтар... тағдырына, тұрмыс-
салты... , әлеуметтік және демографиялық жағдайлары... өз
ықпал... тигізуде. Улы зат... көбіне тыныс мүшелер... өкпе
мен қолқа... қызметін бұза...
103-тапсырма.
Қоршаған
ортаның
ластануы,
адам
денсаулығына қандай зиянды әсерін тигізеді? Өз ойларыңызды
жазбаша білдіріңіздер.
104-тапсырма. Мәтін бойынша септік жалғаулары жалғанған
зат есімдерді теріп, септелуіне қарай бөліп жазыңыздар.
Организмдердің негізгі тіршілік орталары
Тірі материяның дамуы, қалыптасуы мен жаңа түрлердің
шығуы эволюциялық даму процесінің жемісі болып саналады.
Алғашқы тіршіліктің пайда болуы, одан тірі организмдердің
құрлыққа шығуы, топырақ түзілу процестері тірі организмдердің
жер бетінде табиғи заңдылықпен таралуына апарып соқты.
Организмдердің суда, құрлық пен ауада, топырақта тіршілік
ететін түрлері пайда болды. Тіршілік ортасына бейімделе
алмаған түрлер жер бетінен жойылып кетті. Ал бейімделгендерінің
құрлық пен судағы тіршілік ортасы кеңейіп, гүлдене түсті.
Кез келген организмнің өніп-өсіп, көбеюіне, ұрпақ
жалғастыруына қолайлы табиғи-тарихи қалыптасқан ортаны −
тіршілік ортасы дейміз. Қазіргі кезде жер шарында негізгі
төрт тіршілік ортасы бар. Олар: су, құрлық, ауа, топырақ және
организмдердің өзі.
Су − тіршілік ортасы. Гидросфера ғаламшарымыздың ең
үлкен көлемін алып жатыр. Суда жануарлардың 150 мың,
өсімдіктердің 10 мыңнан астам түрі тіршілік етеді. Судағы барлық
организмдерге тән қасиет – жүзу. Микроорганизмдер әртүрлі
өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарымен қоректене отырып,
топырақты оттек және органикалық заттармен байытады.
Қазақ тілі
59
Организмдердің өзі – тіршілік ортасы. Өсімдіктер, жануарлар
өкілдері екінші бір организм есебінен тіршілік етеді. Мұндай
организмдерді паразиттер дейді. Оларды эктопаразитттер және
эндопаразиттер деп жіктейді. Эктопаразиттерге – қансорғыш
масалар, соналар, кене, сүліктер, ал эндопаразиттерге – аскаридалар,
бактериялар, құрттар, т.б. жатады.
105-тапсырма. Қала, ауыл жанындағы қолайлы тіршілік
ортасын анықтап, сипаттама беріңіздер. Табиғаттағы 4 тіршілік
ортасын атап, оған мысал келтіріңіздер.
106-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
Гидросфера ғаламшардың ең үлкен көлемін алып жатыр.
Су – жер шарының барлық көлемінің 71% -ын қамтиды.
Судың негізгі қорын, яғни 98%-ын мұхиттар мен теңіздер
құрайды. Қалған 2%-ы мәңгі мұздықтар, өзендер мен көлдердің
үлесіне тиеді. Суда жануарлардың 150 мың, өсімдіктердің 10
мыңнан астам түрі тіршілік етеді.
107-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
Экологиялық факторлар
Кез келген тірі организм өкілі өзін қоршаған табиғи
ортаның құрам бөліктерімен тығыз байланыста тіршілік етеді.
Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және
атмосфералық түрлі құбылыстар.
Организмге қажетті немесе жағымсыз әсерін тигізетін
орта элементтері экологиялық факторлар деп аталады.
Экологиялық факторлар – абиотикалық, биотикалық және
антропогендік топтарға бөлінеді.
Абиотикалық факторлар дегеніміз − организмдерге тікелей
немесе жанама әсер ететін бейорганикалық ортаның құрам
бөліктерінің жиынтығы. Олар химиялық және физикалық деп
бөлінеді.
Биотикалық факторлар дегеніміз – тірі организмдердің бір-
біріне және табиғи ортаға жағымды және жағымсыз әсер
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
60
етуі. Бұл – өте күрделі процестер жиынтығы. Табиғи орта
арқылы да тікелей немесе жанама әсер ете алады.
Антропогендік факторлар дегеніміз − қоршаған ортаға
адам іс-әрекетінің тікелей немесе жанама тигізетін әсері.
Әрбір организмге әсер ететін факторлардың төменгі және
жоғарғы шегі болады, сондай-ақ бір фактор шешуші рөл
атқарады. Бұл заңдылықты неміс химигі Либих ашты. Оны
минимум заңы дейді.
Төзімділік заңы Шелфордтың есімімен аталады. Заңның
негізі – организмдердің факторларға деген талғамының
шектелуі. Кез келген организмнің төзімділік шегі болады.
Организм үшін өзіне тән қолайлы тіршілік ету аймағы болады.
Оны оптимум заңы дейді.
Факторлардың организмдерге әсерінің біртекті болмауы,
олардың биологиялық алуан түрлілігіне әсер етуімен бірге
географиялық және табиғи белдеулер бойынша таралуына
әсер етеді. Соның нәтижесінде ландшафтта микроорганизмдер,
жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір, бірегей жиынтығы
ортақ жағдайда тіршілік етеді.
108-тапсырма. Төмендегі сөздерді ілік септігіне қойып
жазып, сөйлем құрастырыңыздар.
Экологиялық фактор, тірі организм, қоршаған орта, топырақ,
жер бедері, құбылыс, бейорганикалық орта, микроорганизм.
109-тапсырма. Судың адам өміріне маңызы қандай?
өсімдікке
жануарға
балыққа
егістікке
Су
тамаққа
жуынуға
үй тазалауға
ыдыс жууға
кір жууға
Достарыңызбен бөлісу: |