Қазақ тілі
55
құю.Үшінші жоба – жаңа технологияларды қолданып, судың
сапасын жақсартып, оны қайта пайдалану.
Қорыта айтқанда, Сорбұлақ мәселесі барлық ірі қалаларға
тән жағдай. Ең бастысы, өндіріске тұрмыстық-коммуналдық
суларды
тазартудың
бүгінгі
күн
талабына
сай,
жаңа
технологиясын енгізу ғана бұл мәселені дер кезінде шешері сөзсіз.
96-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыздар.
1. Суларды, тұрмыстық, залалсыздандыру, қазіргі кезде,
туғызып отыр, үлкен мәселе.
2. 1986 жылы, бұзылды, қалыпты, экологиялық жағдай.
3. Қауіпті, жетті, деңгейге, суы, шамадан тыс, Сорбұлақ,
қазір, көбейіп.
4. Химиялық заттар, су құрамында, мұнай өнімдері,
жинақталған, көп мөлшерде.
97-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
Қалыпты экологиялық жағдай 1986 жылы бұзылды.
Жылдар бойы жинақталған ақаба су Жаманқұм жағалауын
бұзып-жарып, Қапшағай су қоймасына қарай ақты. Қапшағай
су қоймасы ластанып, демалыс орындары уақытша қызметін
тоқтатқан болатын. Қазір Сорбұлақ суы шамадан тыс көбейіп,
қауіпті деңгейге жетті.
98-тапсырма.
Мәтіндегі
ойды
аяқтау
үшін,
өз
нұсқаларыңызды жазбаша білдіріңіздер.
Өндірістік және тұтыну қалдықтары
Ірі өнеркәсіп пен қалалар, т.б. құрылыстар кешені көбінесе
суы мол, адамдар үшін қолайлы жерге салынады. Ол үшін –
орман кесіліп, құнарлы жерлер пайдаланылады. Қалдықтарды
біз көбіне − қоқыстар дейміз. Ал әрбір отбасындағы бір адам
тәулігіне 1,2−1,4 кг қоқыс шығарады.
Нағыз тұрмыстық қалдықтарға: қағаз, тамақ, шыны,
тоқыма бұйымдары, резеңке өнімдерінің қалдықтары, т.б.
жатады. Ал өнеркәсіп қалдықтары, көлемі мен зияндылығы
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
56
жөнінен өте күрделі әрі қауіпті болып келеді. Өндіріс және тұрмыс
қалдықтарын залалсыздандыру – халықаралық проблема. Ең
бастысы – зиянды заттарды пайдалы заттарға айналдыру. Ол үшін
үлкен қалаларда қалдықтар өңдейтін зауыттар салынуы керек.
Қазір Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Швеция, т.б. елдерде
қалдықты өңдеудің жетілдірілген технологиясы қолданылады. Осы
қалдықтар сумен ауаға, топыраққа тарап, қоршаған ортаны ластап
жатыр. Қалдықтарды өңдеу Қазақстан бойынша Алматы
қаласында ғана жүзеге асырылуда. Қалдықтардың ішінде
пластикалық заттар мен пластмасса бұйымдарын жою өте қиын.
Адам өзі жасаған зиянды қалдықтарды өзі жоюға міндетті.
Жапонияда қалдықтарды өңдеудің бірнеше сатылы жүйесі
бойынша жұмыс істейтін зауыттар бар. Олар қалдықсыз немесе
аз қалдықты технологиямен жұмыс істейді. Алматы қаласында
біраз зауыттар өндірістік қалдықтардан шлакты блоктар,
құрылыс материалдары мен жол төсемдерін жасауда. Қоршаған
ортаны қорғау министрлігінің «Өндіріс қалдықтарының қоршаған
ортаға қолайсыз әсерін азайту жөніндегі шаралары туралы» және
«Қоршаған
ортаны
қорғау
туралы»
заңдары,
еліміздегі
экологиялық ахуалды жақсарту барысында жасалып жатқан игі
істерінің бастамасы деуге болады.
99-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың бір-бірінен
айырмашылығы?
2. Тұрмыстық қалдықтарға нелер жатады?
3. Өндірістік қалдықтарды жоюдың қандай жолдары бар?
4. Қалдықтардың пайдасы бар ма?
5. Республикада өндірістік қалдықтарды өңдеу жолдары
бар ма?
100-тапсырма. Төменде берілген сөз тіркестерін қатыстыра
отырып, құрмалас сөйлем құрастырыңыздар.
Тұтыну қалдықтары, құнарлы жер, өнеркәсіп қалдықтары,
залалсыздандыру, зиянды зат, өңдейтін зауыт, қоршаған орта,
қолайсыз әсер.
Қазақ тілі
57
101-тапсырма. Мәтіннен өткен шақтың жұрнақтары
жалғанған етістіктерді түрлеріне қарай бөліп, ауыспалы келер
шақ формасымен келген етістіктерге мысал келтіріңіздер.
Адамның табиғаттағы іс-әрекеттері
Қазіргі кезде жер шарындағы халық санының артуы заңды
құбылыс. Бірақ барлық мемлекеттерде халық санының өсуі
біркелкі емес. Ең маңызды фактор – қоршаған ортаның сапасы.
Бұл мәселе дүниежүзі халықтарының тағдырына, тұрмыс-салтына,
әлеуметтік және демографиялық жағдайларына өз ықпалын
тигізуде. Өте қауіпті химиялық заттар адам организміне ауаның
құрамы, су және азық-түлік арқылы түседі. Мұндай улы заттар
көбіне тыныс мүшелерінің – өкпе мен қолқаның қызметін бұзады.
Біз өкпе арқылы тәулігіне 2000 л ауа өткізсек, онда ауаның
құрамындағы зиянды газдарды қоса қабылдайтынымыз белгілі.
Соңғы жылдары азық-түлік құрамында химиялық бояғыш
заттардың мөлшері көбейіп, адамдардың уланып қалуы жиі
байқалуда. Сондықтан бояғыш заттардың мөлшері мен
құрамына қатаң бақылау жасалып отыруы керек. Организмде
кадмий мөлшері көбейген жағдайда, Жапонияда кең таралған
«итай-итай» ауруы пайда болған.
1956 жылы Жапонияның Минамата өзені бойындағы
тұрғындардың сынаппен уланғаны белгілі. Соның салдарынан
пайда болған ауру түрі жергілікті жердің атымен «минамата»
деп аталған.
Этилді бензинді пайдалану кезінде адам организміне түсетін
қорғасын да өте қауіпті. Өнеркәсіп орындарының шоғырлануы,
зиянды заттардың шектен тыс көбеюі, атмосфераның ластануы,
т.б. экологиялық жағдайларды нашарлатады.
Арал теңізінің экологиялық жағдайы мен Каспий теңізі
деңгейінің көтерілуі, осы аймақтарда қатерлі ісік, жұқпалы
аурулар, жүйке және тері ауруларын, т.б. ауруларды өршіте
түсуде. Ал полигонға жақын жердегі халық қаназдық, сәулелік
аурулар мен қатерлі ісіктен зардап шегіп отыр.
Республикада адам денсаулығын жақсарту мақсатында
қоршаған ортаның сапасына көңіл бөлініп, көптеген шаралар
жүргізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |