бақылауы
Бӛлшектерде кӛбінесе сыртқы және ішкі диметрлерін, ұзындығын, биіктігін, шетмойын және тесіктер арасындағы қашықтықтығын, бір жазықтардың басқаларға қарасты соғылуын бақылайды. Сыртқы диметрлерді ӛлшеуге арналған құрылғыларды қарастырайық (сурет 13.4). Ӛздерінің қозғалысы кезінде конустық калибр (сурет 13.4, а.),біршекті және екішекті қапсырма (сурет 13.4, б, в.) білдектің жұмысын сұрыптауға және реттеуге арналған аспапқа және кӛзбен кӛріп бақылауға арналған аспаптарға пәрмен беру үшін бергіштің тиісті сезгіш элементтеріне басады. Бӛлшектің мӛлшерін жазықтықтан ӛлшеген кезде (сурет 13.4, г.) сояуыш жылжуы l = ΔA, ал бӛлшекті призмаға орнатқан кезде (сурет 13,4, д)
Сурет 13.4. Сыртқы диаметрлірдің автоматты бақылау сызбасы (а-з)
l = ΔA/2 + ΔA/2sin(γ /2) ’
мұндағы, γ — призманың бұрышы, ΔA — бӛлшектің мӛлшер шегі.
γ бұрышы неғұрлым аз болса, сояуыш соғұрлым жылжиды.
13.4, е суретте кӛрсетілген сызба бойынша ӛлшеген кезде сояуыштың жылжуы
l = ΔA/2sin(γ/2) - ΔA/2,
яғни, сояуыштың жылжуы ӛте аз және ӛлшеуіш құрылғының дәлдігі ӛте жоғары.
Егер бұйымды оның жылжуы кезінде ӛлшеуге қажетті болса, онда 13.4 ж, суретте кӛрсетілген сызбаларды қолдануға болады. 13.4 ж суретте кӛрсетілген сызбада 1 бұйым 6 серіппе арқылы 2 итергішпен және 5 еріншемен 7 тегіс орнату элементіне қысылады. Еріншенің параллельді емес жақтары 0,4 мкм дейін, бұл 4 сояуыш жылжыған кезде аспап кӛрсеткіштерінің жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді. 2 итергіш 3 топса арқылы 5 еріншемен байланысқан. 13.4 з суретте кӛрсетілген сызбада диаметрдің мӛлшері ерінше қайшылармен ӛлшенеді. Осындай ӛлшемдер кезде (сурет 13.4, ж, з) сояуыштың жылжуы ΔA бӛлшектің мӛлшері шегінен едәуір кӛп.
Бергіштің түйісуін сояуыштың тік тұрғысынан
L = 1,4l Ц ΔA / R
қашықтықта орнату керек. Мысалы, ΔA = 0,01, R = = 100, l = 80, ондаL = 1,41 • 8^/0,01:100 = 1,128.
Осылайшы сояуышта түйісумен ӛтетін қашықтық білік мӛлшеріне деген шегінен 1,128 есе кӛп.
Биіктігі мен ұзындығын ӛлшейтін автоматты құрылғылардың әрекеттері 13.4, а-г, з. сур. қарастырылғандарға ұқсас. Тесіктердің диаметрілерін ӛлшеуге арналған құрылғылар 13.5- суретте кӛрсетілген сызбалар бойынша жұмыс істеуі мүмкін. Біршекті және екішекті сақтандырғыштарды бақылаған кезде (сурет 13.5, а, б.) олардың тесікке жылжуы сұрыптайтын құрылғыларға немесе білдекті басқару жүйесіне және кӛзбен кӛріп бақылауға арналған аспаппен сигналды беру үшін түйіспелердің тұйықталуына әкеледі. Конусты сақтандырғыштарды осыған ұқсас ӛлшейді (сурет 13.5, в.). Кіші тесіктердің мӛлшерлерін пневмобелгіштермен бақылауға ыңғайлы. Бақыланатын тесік шүмек тесігінің жалғасы болғандай (сурет 13.5, г.), ӛлшегіш шүмек тікелей тесіктің жағына жеткізіледі.
Сурет 13.5. Ойық диаметрін автоматты бақылау сұлбасы (а... г)
Достарыңызбен бөлісу: |