Семинарлық жұмыс Тақырыбы: Жылу электр станциясының технологиялық сұлбасы. Жэо жылулық сұлбасы. Энергетикалық көрсеткіштері



жүктеу 145,62 Kb.
бет1/5
Дата13.02.2022
өлшемі145,62 Kb.
#35953
түріСеминар
  1   2   3   4   5
Зарина сем-1 тэ


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Семинарлық жұмыс

Тақырыбы: Жылу электр станциясының технологиялық сұлбасы. ЖЭО жылулық сұлбасы. Энергетикалық көрсеткіштері.

Орындаған: Ашимов Дияр

Тексерген: Жұманов М.А.

Алматы 2021

Электр энергиясының басым көп мөлшері органикалық отынды жағу нәтижесінде бөлінетін химиялық энергияны пайдаланатын жылу электр станцияларында ≈64%, біршама бөлігі ядролық реакциялардың жылуын түрлендіретін атом электр станцияларында ≈17% және су энергиясын қолданатын гидро электр станцияларында ≈19% өндіріледі. Кейінгі кезде бейдәстүрлі энергия көздерін пайдаланатын қондырғыларда өндірілетін электр энергиясының үлесі артып келеді. 

 Жылу электр станциялары мен атом электр станцияларында электр энергиясын өндіргенде негізгі жұмыстық дене болып су буы қолданылады.

Мемлекеттік стандарт бойынша бу турбиналы ЖЭС-дағы бу өндіруші аппараттар бу қазандары деп, бугаз қондырғылы ЖЭС-лары мен көп контурлы АЭС-дағы бу өндіруші аппараттар бу генераторлары деп, ал бір контурлы АЭС-дағы бу өндіруші аппараттар ядролық реакторлар деп аталады. Құрылымы мен өтетін құбылыстары және пайдаланылуы жағынан бу өндіруші аппараттар аса күрделі, көлемді, көп металды және қымбат болып табылады.

Қазіргі кезде электр энергиясы негізінен бу қазандарымен жабдықталған ЖЭС-ында өндіріледі. Өз кезегінде ЖЭС-лары тек қана электр энергиясын өндіретін Конденсациялық электр станциялары (КЭС, 1 а сурет) және жылу мен электр энергияларын бірге өндіретін Жылу-электр орталықтары (ЖЭО, 1 б сурет) болып  бөлінеді.

Будың конденсацияланған кезінде көп жылу шығынының орын алуы себебінен ЖЭС-ның термиялық ПӘК—і 42%-дан аспайды. Сондықтан оны жоғарылату үшін Бугаз қондырғылары (БГҚ), магнитті гидродинамикалық (МГД) генераторлар  және    т. б. қиюластырылған қондырғылар қолданылуы мүмкін.

1в-суретінде жоғары тегеурінді бу генераторымен (ТБГ) қиюластырылған  бу-газ қондырғысының сұлбасы көрсетілген: бу турбинасы буда жұмыс істейді, ал газ турбинасы 0,8-1,0 МПа-ға дейін сығылған ТБГ-ның түтін газдарында жұмыс істейді. Қиюластырылған  бу-газ қондырғысында жану өнімдерінің ТБГ-да және газ турбинасында пайдалануы арқылы терең салқындауы нәтижесінде КЭС-мен салыстырғанда отынды үнемдеуге қол жеткізуге болады.

1 г-суретінде жылуды машинасыз тікелей электр энергиясына айналдыратын МГД генератордан шыққан газдың жылуын пайдаланатын бу турбиналы қондырғы көрсетілген. МГД генераторда қысымдағышта сығылып арнайы қондырғыда 1000-1700 оС-қа дейін қыздырылған ауа, отын (табиғи газ) және сілтілік металдар түріндегі иондандырғыш қоспа бірге аса интенсивті жану камерасына беріледі. Жану өнімдері 2500-2700 оС-қа дейін қызып, иондалады да, жоғары температурадағы электр өткізгіш плазмалық саптамада 700 м/с жылдамдығына дейін үдетіліп, генератордың магнитті гидро-динамикалық арнасында қуатты магнит өрісінен өткен кезде тұрақты электр тогын тудырады. Ол ток электродтар арқылы инверторға беріліп, айнымалы токқа түрленеді. Арнадан шыққан температурасы 2000-2300 оС газ ауаны қыздырып, сонан соң ЖЭС-ның циклындағы бу генераторында пайдаланылады.






жүктеу 145,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау