Бақылау сҧрақтары
Автоматты құрастыру жағдайларға бӛлшектердің технологиялық құрастырмаларының ерекшеліктері неде?
Бӛлшектің (құрастыру бірліктің) технологиялылығы қалай бағаланады?
Автоматты құрастыру кезінде базалау қалай орындалады?
Ізденіс арқылы автоматты құрастыру қалай іске асырылады?
Құрастыру кезінде бӛлшектерді жылжытудың дірілді тәсілдің мақсаты қандай?
Автоматты іріктемелі құрастыру қалай іске асырылады?
Цилиндрлік жазықтықтар бойынша электрмагнитті құрастыру қалай қамтамасыз етіледі?
Жылулық әдіс негізінде қосылыстардың тартылыспен автоматты құрастыруы қалай орындалады?
Автоматты құрастыру қандай атқарушы механизмдермен қамтамасыз етіледі?
13 - т арау
БАҚЫЛАУДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ
Машина жасау саласында бақылау операциялары жұмыс кӛлемінің комақты үлесін алады. Жарамсыз ӛнім келесі операцияларға немесе бұйым тұтынушысына түспегендей кӛптеген бақылаушылар дайындамаларды, жартылай фабрикаттарды, дайын бӛлшек пен бұйымдарды тексереді. Бақылаудың автоматтандыруы тек қана бақылаушыларға деген қажеттілікті азайтпай, бақылауды жасау бойынша барлық бағдарламаланған әрекеттерді тұрақты орындауға және бӛлшектердің, жалпы бұйымның бақыланбалы параметрілерін (мӛлшері, пішіні және т.б.) жете тексеруге мүмкіндік береді.
Бақылау – бұйымды әзірлеген кезде жарамсыздың алдын алуы және жарамсыз ӛнімнің шығаруын болдырмау сияқты негізгі қызметіне сәйкес бұйымның сапасын арттыру үшін күрестің ұтымды түрі.
Ұйымдық-техникалық салалану осылай жүргізіледі:
мақсаты бойынша — сызықтық ӛлшемнің, пішіннің, жазықтың кедер-бұдырлығын, бӛлшектердің физика-механикалық және химиялық қасиеттерін, құрастырма бірліктерде бӛлшектердің ӛзара орналасуы мен қосылыстың сапасын (талап етілетін саңылаулардың, тартылыстардың және т.б. ұстануы), бұйымның функционалдық па- раметрілерінің және т.б. орындауын тексеру;
ӛлшенетін бұйымдардың саны бойынша— жаппай және іріктеп;
бақылау операциялардың саны бойынша — операциялар бойынша және соңғы;
автоматтандырудың дәрежелері бойынша — қол, механикаландырылған және автоматтандырылған;
технологиялық үрдіске әсер тигізу сипаты бойынша – актив және пассивті;
ӛлшеу тәсілі бойынша — тікелей, жанама, аралас.
Ӛндірістік үрдістің басқа операциялары сияқты бақылауды автоматтандырудың қолдануы техникалық және экономикалық жағынан негізделуі тиіс. Бақылауды автоматтандыру және қолданатын ӛлшеу құралдарды таңдаған кезде келесі ойларды негізге алу керек:
тексерісті берілген дәлдікпен қамтамасыз ететін бақылаудың рационалды сұлбасы және ӛлшем кӛрсеткіштерінің тұрақтылығы;
бақылау операцияға қажетті мүмкін болатын еңбек шығындарының ең кіші мәні;
бақылау операцияға қажет уақыттың ең аз шығындарына қол жеткізу;
бір бақылау ӛтпеліде бірнеше параметрлердің бақылауын қосу, яғни құрылғыларды біруақытта бірнеше шамаларды бақылау үшін қолдану;
ең үнемді құралдар мен құрылғыларды пайдалану;
пайдалануда және жӛндеуде қарапайым, қайта жӛндеуге дейін максималды ұзақ жұмыс істейтін құрылғыларды қолдану.
Бақылау операцияларды орындаған кезде бақыланатын бӛлшекті базалаудың дұрыс еместігі, бақылау-ӛлшеу аспаптарының шектеулі дәлдігі, температуралық факторлардың әсері, ӛлшеуді жүргізуде тиімсіз схеманы қолдану және т.б. салдардан пайда болатын ӛлшеу қателіктері орын алады. Ӛлшеу қателіктері ӛрескел, жүйелі және кездейсоқ болып бӛлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |