Бұл амалдар ерекшелеу құралын (Ғ1 немесе бос орын) қолдану арқылы орындалады. Нысан айналасында қара нұсқарлар (стрелки) пайда болады. Енді нысан жылжиды, тінтуірмен бір нұсқарды тарту арқылы нысанның өлшемін өзгерте аласыңдар.
Тінтуірмен қайта шертіп, нұсқардың түрін өзгертуге болады, енді фигураны айналдыруға және түрлендіруге болады.
«+» таңбасы нысанның айналдыру орталығын анықтайды, оны тінтуірмен апаруға болады.
Бұл амалдардан басқа, арнайы Нысан мәзірінің бұйрықтарын орындап, нысандарды бейнелеуге және аударуға болады.
Нысандарды топтау
Көптеген амалдарды бір уақытта бірнеше нысандармен орындауға болады - түсті, өлшемді өзгертуді, көшірме жасауды және т.б. Ол үшін не істеу керек? Алдымен, нысандарды ерекшелеп алып, содан соң топтау қажет.
Барлық нысандарды Сtrl + А пернелер үйлесімін басу арқылы немесе ерекшелеу құралы арқылы, яғни, Shift пернесін басып тұрып, нысанды тінтуірмен шерте отырып, ерекшелеуге болады.
Нысандарды топтастыру Нысан => Топтастыру (Сгруппировать) (Сtrl + G) бүйрығы арқылы орындалады.
Нысандарды бөлу
Бірнеше нысанмен жұмыс істегенде оларды үйымдастыру үшіп Теңестіру және орын-орындарына қою, Нысан мәзірінен тор бойынша орындарына қою құралдарын қолданған ыңғайлы.
Теңестіру және орындарына қою бұйрықтары бір-біріне қатысты ерекшеленген нысандардың параметрлерін өзгерте отырып, оларды бөлуге болатын сүхбатты ашады.
Мысалы, Нысандардың жақтаулары тиер-тимес қиылысатындай, Орын ауыстыру параметрін
Нысандарды қосарлау және клондау
Алмасу буфері көмегімен көшіруден басқа, Іnkscape графикалық редакторында нысандардың көшірмесін алуға басқа да мүмкіндіктер бар.
Қосарлау (Түзету => Қосарлау немесе Сtrl + D) нысан үстінен дәл көшірмесін алуға мүмкіндік береді, алдымен дөңгелекті қосарлап, көшірмені жылжытып, оған айқын құю орындалды (Нысан => Құю және жиектеу, айқын еместік - 50%).
Бұл амал Раіпt графикалың редакторы мен МS Office-тегі векторлың редактордағы экрандың көшіруге сәйкес келеді (Сtrl пернесі басылып түрған кездегі басқа орынға көшіру).
Нысандарды клондау кезінде бастапқы нысанның параметрлерін өзгерте отырып, сол өзгерістерді барлық клон-нысандарға қол- дануға мүмкіндік аласыңдар.
Іnkscape графикалың редакторында ерекшеленген нысанды Бос орын батырмасын басып түрып, жылжыту Раіпt графикалық редакторындағы «ізбен көшіру » бүйрығына сәйкес келеді (Shift батырмасы қолданылады).
|