Сҧрыптау қҧрылғылары. Сұрыптау құрылғылары бӛлшектерді сұрыптау бӛліктері бойынша ажырату үшін қызмет етеді және құрылымдылық атқарылуы бойынша шахталық типтегі, бұрылушы, дискілік және тасымалдағыш түрінде болады. Аталған құрылғылар жӛндеу және дәлдеу үшін, сондай-ақ бӛлшектерді науаларға ажырату үшін ыңғайлы болу қажет. Олардың жұмысына сыртқы ауытқулар әсер тигізбеуі керек, ал автоматтың құрылмасында жылжуы кезінде бӛлшектердің бұзылуын алдын алатын тораптар кӛзделгені жӛн.
Шахталық типтегі сұрыптау құрылғылары бӛлшектер ӛз салмағы әрекетінен жылжитын сұрыптау жабқыш жүйесі бар кӛлбеу және тік шахталардың қиыстыруы болып табылады. Құрылғы ӛлшеуіш импульстің ұзақ тұрып қалуынсыз жұмыс істейді және электрмагниттермен басқарылатын 2 сұрыптау жабқыш жүйесі бар 1кӛлбеу немесе тік бірқатарлы шахта болып табылады.
Бақылау нәтижелері бойынша жабқышты бұрып және бұйым автоматтың сұрыптау бӛліктеріне түсетін сәйкес 4 сұрыптау арнасын ашып, элекртмагниттердің бірі іске қосылады. Кейбір кезде бұйымның қозғалу барысын қысқарту үшін сұрыптау құрылғының кіреберісінде бір (сурет 13.9, б.) немесе бірнеше (сурет 13.9) орталық жабқыштар орнатылады, немесе жабқыштардың екіжақты орнатуын жасайды (сурет 13.9, г, д.).
Сурет 13.9. Шахталық типтегі сұрыптау құрылғыларының сұлбасы (а... д):
1 — шахта; 2 — сұрыптау жабқышы; 3 — жабқыштың бұру жетегі; 4 —
сұрыптау арнасы; 5 — орталық жабқыш
СББ бар бақылау-ӛлшеуіш машинаның функционалдық сұлбасы
13.10 сур. кӛрсетілген.
Бақылау операциялардың орындау бағдарламасы сандық бағдарламалық басқару (СББ) блогында берілген. 1 СББ блогынан сигналдар 6 және 7 күймешелердің жылжуы 2 және 3 электржетектерінің басқаруына түседі.
Бақылау операцияларды орындаған кезде ӛлшеуші бастиектің 8 ұштығы атаулы пішіні бар үлгілік траекторияны кӛрсету керек. Ӛлшенетін бӛлшектің пішінінен ауытқуы анықталған жағдайда оларды дискреттік нүктелерде белгілеу және СББ тіркеу үшін бұйрық беріледі. Машина жұмыс істеген кезде үлгілік траекторияның шолуы дәл бағдарлама бойынша 1 блоктан А байланыстары бойынша немесе жуықтап Б байланыстары бойынша орындалады.
Б, В
Сурет 13.10.СББ бар бақылау-ӛлшеуіш машинаның функционалдық сұлбасы: ақпараттың шығуы; А, Б, В — байланыстың шығуы
1 — СББ блогы; 2, 3 — электржетектер; 4, 5 — кері байланыстардың бергіші;
6, 7 — күймешелер; 8 — ӛлшеуші бастиектің ұштығы; 9 — бӛлшек; 10 — блок
Бұл ретте тапсырманың және бағдарламаны ӛңдеу дәлдігінің жоқтығы ӛлшеуші бастиектің мӛлшері шегінде болу керек. Сондай- ақ, екі координаттар бойынша алдын ала берілген бағдарламаны орындаудан бас тартуға болады, және олардың бірі бойынша жетекті байқаушымен орындауға болады, ӛз кезектен бұл В байланыстары бойынша қамтамасыз етіледі. Осы жұмыс режимінде машинаның басқаруы 1 блокпен емес, 8 бастиекпен орындалады; бұл ретте 10 блокта координаттар бергішінің кӛрсеткіштері және байқау ауытқуын кӛрсететін 8 ӛлшеуіш бастиектің кӛрсеткіштері белгіленеді. Ӛлшеуіш құрылғылардың таңдауы пішіннің рұқсат етілетін ауытқудың мӛлшерлеу тәсіліне және пішіннің бір координатаның бағытындағы немесе тегіс пішіннің сипатқұжаты бағытындағы шаманың есептеу тәсіліне байланысты. Бұл үшін ұқсас шығуы бар сызықтық қозғалудың жай бергіштері қолданылады. Машинада индуктивті бергіштермен салыстырмалы ӛлшемдер іске асырылады. Серпінділік қателердің орнына түсіру үшін автоматты түзетудің блогы бар. Ӛлшемнің жиынтық ауытқуы ±0,03 мм аспайды, ал бір бӛлшектің кӛпреттік ӛлшемі кезінде кӛрсеткіштердің тұрақсыздығы 0,01 мм аспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |