Көліктік логистиканы дамытудың негізгі бағыттары
Уажанов Маргулан Уалханович
Елдің экономикасының және өнеркәсібінің дамуында, сонымен қатар экспорттық-импорттық және транзиттік қатынастарда негізгі рөлді атқаратын темір жол және автокөлік түрлері болып табылады.
Қазақстанда көліктік қызметке сұраныстың жедел өсуіне байланысты «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамы (ары қарай «ҚТЖ» ҰК» АҚ) мен көліктік-логистикалық қызмет көрсететін «Каzlogistics» көліктік-логистикалық қауымдастығы бірқатар құрлықаралық жобаларды жүзеге асыруды бастады. Олардың қатарында, «Электронды пойыз» автоматтандырылған құжат айналымы, «АСУ Логистика» барлық көлік түрлерін автоматтандырылған басқару жүйесіне көшіру, «Чунцин-Дуйсбург» контейнерлік пойызы, «LPI» логистикалық климат-деңгейін көтеру» жобасы мен тағы басқалар бар.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Каzlogistics» көліктік логистиканы дамытудың ұлттық орталығы мен Қазақстанның ұлттық экспедиторлар қауымдастығы арасындағы меморандум негізінде, бұдан былай жүк жөнелтушілер, трейдер тасымалдаушы, кеден қарым-қатынастары реттеліп отырады[1].
Қазақстан Республикасының барлық көлік түрлері бойынша жүк айналымының көрсеткіштері төмендегі 1-ші кестеде көрсетілген.
1-ші Кесте. Қазақстан Республикасының барлық көлік түрлері бойынша жүк айналымының
көрсеткіштері [2].
Көрсеткіштер атаулары
|
2004
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
|
Барлық көлік түрлері бойынша жүк айналымы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
млрд. т-км
|
283,1
|
296,3
|
328,5
|
350,5
|
369,7
|
337
|
385,3
|
448,8
|
478
|
|
өткен жылға пайызбен
|
109,3
|
104,7
|
110,9
|
106,7
|
105,5
|
91,2
|
114,3
|
116,5
|
106,5
|
|
Барлық көлік түрлері бойынша жүк тасымалдау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
млн. тонна
|
1840,5
|
1926,9
|
2023,4
|
2124,2
|
2188,7
|
2103,3
|
2439,4
|
2974,9
|
3231,8
|
|
өткен жылға пайызбен
|
109
|
104,7
|
105
|
105
|
103
|
96,1
|
116
|
122
|
108,6
|
|
3) 1998 жылдан бастап арналған серпінділік қатары ЭҚЖЖ-2007 нұсқасына сәйкес қайта есептелген.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кестеде 2004 және 2012 жылдар аралығында барлық көлік түрлері бойынша жүк айналымының көрсеткіштеріннің өсімі, млрд. т-км шаққандағы, өткен жылға пайызбен, және барлық көлік түрлері бойынша жүк тасымалдау млн. тоннамен және өткен жылға пайызбен нақты көрсетілген.
2012 жылы желтоқсан айында Каzlogistics Орталық Азия мемлекеттері экспедиторлары мен тасымалдаушылары қауымдастығы федерациясының құрамына енді. Бүгінде Халықаралық экспедиторлар қауымдастығының қатарына қосылуға тапсырыс беріп отыр.
Қазақстан Республикасының көлік жүйесі
Қазақстан Республикасы экономикасы тұрақты дамып келе жатқан және түрлі қызметтерінің көрсеткіштерін үнемі жақсартып отырған ел.
Республиканың көлік жүйесі темір жолы, өзен жолдары, теңіз жолдары, әуе, автокөлік, қала электрлі темір жолы және құбыр жолдары түрлерімен ұсынылған. Көлік түрлерін алғандағы жолдардың ұзақтығының қатынасы төмендегі кестеде көрсетілген (2-ші кесте).
2-ші кесте. Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің міңездемесі
Жолдардың түрлері
|
Жолдардың ұзақтығы,
мың км.
|
Жолдардың тығыздығы, км/ аумақтың 1000 шаршы км.
|
Қатты жабынды автокөлік жолдары
|
88.4
|
14.0
|
Темір жолдары
|
32.4
|
5.1
|
Пайдаланылатын ішкі су жолдары
|
3.9
|
1.5
|
Әуе трассалары
|
61.0
|
| Сонымен қатар барлық көлік түрлерімен жүк тасымалының сызбасы (млн. тоннамен алғанда) төмендегі суретте көрсетілген
1 сурет. Барлық көлік түрлерімен жүк тасымалының сызбасы (млн. тонн) [3].
Мемлекеттік стратегия көздеп отырған экономиканың әртараптандырылуы және осы жағдаймен байланысты жеткізілім тізбегінің қиындауы, Кеден Одағы шеңберінде бәсекелестіктің артуы, қазақстандық өнімді ғаламдық нарыққа қысылмай жеткізу қажеттілігі Қазақстан экономикасының көліктік-логистикалық жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеруді талап етеді.
Қазіргі кезде ҚР аумағынан өтіп, өзге де теңіз және құрлықтық бағыттармен бәсекеге түсіп жатқан халықаралық көліктік дәліздердің әлеуеті толыққанды жүзеге асырылған жоқ.
Осыған орай республиканың тиімді стратегиясын жүзеге асыруға жаңа міндеттер жүктеді. Бұл стратегия жоғары бәсекелестік деңгейіне жететін көліктік-логистикалық жүйеге қол жеткізіп, келесі міндеттерді қамтиды:
– Қазақстанның Еуразиялық аймақтың басты логистикалық және транзиттік күшіне айналуы;
– Экспорттық әлеуетті барынша пайдалану және ұлттық экономиканың ішкі қажеттіліктерін өтеу;
– Халықтың бейінділігін арттыру.
Ол үшін көліктік-логистикалық жүйені қалыптастыру мен басқарудың қазіргі заманғы әдісін (көліктік-логистикалық бизнесі субъектілерінің, мемлекеттік бақылау, кедендік-шекаралық әкімшілік органдарының, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарының өзара қарым-қатынас жүйесін қоса алғанда), Германия, АҚШ, БАӘ мен Сингапурдың ең озық әлемдік тәжірибесіне сәйкес қолданатын кез келді.
Біз ел ішінде де, шетелде де көліктік-логистикалық орталықтардың мықты желісін құруымыз қажет. Бұл жүк базасын қалыптастыруға, Қазақстан арқылы құрлық бағыттарын дамыта отырып жүк тасымалдаушылармен тікелей диалог жүргізуге мүмкіндік береді. Трансқұрлықтық дәліздердің экономикалық тиімділігін арттыру үшін жүк ағындардың қайнаркөзі жағында болу өте маңызды.[1]
Шығыс пен Батыс арасындағы көпірді қалыптастыру.
Жүйенің экспортқа бағытталған бөлігі Қазақстан ішінде шекаралық көліктік-логистикалық орталық желісінде негізделіп, Қорғас-Достық – шығыс қақпасы және батыс қақпасы – Ақтау айлағының маңызы зор.
Бұл ретте көліктік-логистикалық қызметке ыңғайлы институционалдық жағдай туғызу – негізгі міндеттердің бірі. Атап айтсақ, баға және маркетинг жағынан көліктік-логистикалық нарықты ырықтандыру, сапа стандарттары мен қызмет көрсетудің шартты талаптарын қалыптастыру, кедендік әкімшілендіру қағидаларын, механизмдері мен үдерістерін жетілдіру.
Әлемдік деңгейдегі көліктік-логистикалық жүйені үдемелі қалыптастыру мен келешекте оны басқару – инновациялық және логистикалық тәсілдеме мен күш салуды қажет ететін миссия. Бұл үшін бірыңғай ұлттық логистикалық оператор қажет.
ҚР-дағы ең ірі көлік компаниясы – «Қазақстан темір жолы» трансұлттық деңгейдегі мультимодальды логистикалық операторды құруда негіз болмақ. Темір жол көлігі – жүкті қашыққа тасымалдауды үйлестірудің жоғары деңгейлі, ең тиімді тәсілі.
Нарықта өз жүк ағынын біріктіре алатын ірі мультимодальды көліктік-логистикалық компанияның логистикалық қызметінің пайда болуы болашақта оң нәтиже бермек. Егер:
– Әр модальділіктің (темір жол көлігі – алыс қашықтық, әуе көлігі – жақын қашықтық және терминалдарға дейін фидерлік тасымал) ерекшеліктерін ескере отырып, оңтайлы бағыт жасау;
– Әр түрлі көлік түрлерінің өзара қатынасы мен орталықтандырылған басқару нәтижесінде түйісуінің тиімділігін арттыру;
– көліктік-логистикалық жүйені кешенді дамытуға бағытталған тұрақты бастамаларды енгізу және жүзеге асыру;
– Білім беруді және Қазақстан, алыс және жақын шет мемлекеттердің ішкі қажеттіліктерін өтеу үшін логистикалық құзыреттің халықаралық орталығын дамыту.
Әлемдік деңгейдегі көліктік-логистикалық компания құрудың көзге анық көрінетін негізгі артықшылықтарын қазіргі кездегі экспорт пен транзиттің көліктік-логистикалық тізбегін сараптай отырып көрсетуге болады.
Мәселен, сарапшылардың бағалауы бойынша, мультимодальды логистикалық оператор астықтың тоннасына көлік шығынын 184-тен 154 АҚШ долларына дейін, сондай-ақ жеткізілім уақытын (Солтүстік Қазақстан – Амирабад айлағы) 25-тен 16 күнге дейін қысқарта алады.
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ жаңа миссиясын жүзеге асыру көліктік-логистикалық жүйені дамыту бойынша келесідей бірінші кезектегі міндеттерді қарастырады:
– кең географиялық кеңістікте жүк ағындарын басқару жүйесі секілді көпдеңгейлі және тиімді басқарылатын көліктік-логистикалық ішкі және сыртқы орталықтарының желісін дамыту;
– ірі өндірушілер мен тұтынушылар жанынан «құрғақ жүктер кемежай» тұжырымдамасын дамыту;
– жеткізілім тізбегін басқару мен шартты логистика қағидаларын еңгізу;
– контейнерлендіру деңгейін көтеру;
–жеткізілім тізбегі қатысушылары арасында транзакцияны арзандату мен тездету үшін инновациялық және ақпараттық технологияларды енгізу;
– жолаушыларға арналған әуежай мен жүрдек темір жол магистральдары жүйесін дамыту;
Транзиттік мүмкіндіктері.
Қазақстан Республикасының геосаяси рөлі, оның Европа және Азия арасындағы, сонымен қатар Ресей және Қытай арасында тарнзиттік көпір болуы, елдің евразия құрлығының орталығында орналасуымен анықталады.Сондықтанда, азия елдеріне Ресей және Европамен географиялық баламасыз жердегі көліктік байланысты ұсынатын белгілі бір транзиттік потенциалға ие.Қазақстан аумағымен өтетін транзиттік коридорлардың негізгі басымдылығы арақашықтықты маңызды түрде қысқартуы болып табылады. Европа және Қытай арасында Қазақстан арқылы қатынас жасауда тасымалдау қашықтығы теңіз арқылы қатынас жасағанмен салыстырғанда екі есеге дейін, және Ресей аумағымен транзит арқылы қатынас жасағанмен салыстырғанда мың километрге қысқарады екен [5].
Қазақстан сыртқы сауда баласын маңызды түрде бағытын өзгерте алуға қажетті потенциалға да ие. Бұл жағдай елдің ерекше транзиттік мүмкінділігмен байланысты:
-Қазақстан Республикасының аумағы негізгі макроэкономикалық полюстар – Европалық Одақ және
Азиат-Тынық мұхит аймақтары, Америка және Евразия елдері аралығында жүк ағымдарына арналған құрғақ жердегі көпір бағытында орналасқан;
-Транзиттік жүктерді жеткізу уақытын қысқарту.
Қазақстан Республикасының сыртқы сыртқы сауда айналымының көрсеткіштері төмендегі 2 суретте көрсетілген. «Шекара маңындағы көліктік-логистикалық орталықтар желісін дамыту аса маңызды. Соның ішінде Қорғас-Достық Шығыс қақпасы мен Батыс қақпа — Ақтау теңіз портының жұмысы ерекше маңызға ие.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ логистика жүйесіне көліктерді топтастыруда
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Президентінің кеңесшісі — «Каzlogistics» көліктік -логистикалық қауымдастығы Президиумының төрағасы Юрий Лавриненко «Біз өзіміздің рөлімізді жалпыкөліктік жүйелі жұмыстардағы проблемаларды шешуден және саладағы түйіспе нүктелердегі өзара қарым-қатынасты жақсартудан іздейміз» деп атап өтті.[1]
Қауымдастық Қазақстанның көліктік-логистикалық саласындағы жалпы өзекті мәселелер туралы, ақпараттарды жинақтап www. Каzlogistics.kzпорталына жариялап, орын алған кемшіліктерді шешуде.
«Қазақстан-Жаңа Жібек жолы» ғаламдық жоба шеңберінде «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Interrail Holding AG компаниясымен бірлесіп «Ухань» (ҚХР) — Пардубице (Чехия) бағытымен пилоттық контейнерлік пойызын жіберді. Жаңа маршрут бойынша Foxconn зауытының өнімімен жүк тасымалы ұйымдастырылды. Қанатқақты жобаның құжаттары «электрондық пойыз» стандарттарына сай рәсімделді. Бұл маршрут бойынша жүк тасымалдары бірнеше көрсеткіш бойынша алда келе жатыр.
2-ші сурет. Қазақстан Республикасының сыртқы сыртқы сауда айналымы (млн АҚШ долларымен) [3].
Достарыңызбен бөлісу: |