05.11.2020
ТФП-45 Утепова Меруерт
Тақырып: Дәрілік заттардың жағымсыз және ұтымды үйлесімі
Тапсырма:
1.Жанама әсерлердің ДЗ қабылдаған уақыт пен мөлшеріне байланысты жіктелуі
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ЖАНАМА ӘСЕРІ
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) анықтамасы бойынша, ДЗ жанама әсері немесе ДЗ жағымсыз әсері дегеніміз – бұл ДЗ ауруларды алдын-алу және емдеу үшін ұсынылған мөлшерде қолданғанда дамыған кері әсерлер.
ДЗ жанама әсерлерін есепке алу өте күрделі мәселе болып табылады, өйткені, көп реакцияларды жанама әсер деп бағаламайды, бағалаған күннің өзінде тіркеп, тиісті орталықтарға хабарлама жібермейді.
Көптеген елдерде жанама әсерлерді тіркеп, сараптама жасайтын арнайы орталықтар бар. Бұл аймақтық орталықтардың жұмысын Ұлттық орталықтар бақылап отырады. БДҰ ұйғарымы бойынша Швецияда ДЗ сирек кездесетін жанама әсерлерін тіркейтін біріккен халықаралық орталық бар, бұл орталық әр елдің дәрігерлері жіберген жанама әсерлерді есепке алып, мәліметтер базасын құрастырады.
ДЗ жанама әсерлерін анықтауда тіркеуге дейінгі зерттеулер негізгі ақпарат көзі болып табылады, бірақ, бұл зерттеулерге қатысатын науқастардың саны аз болғандықтан (бірнеше мыңдаған) және ДЗ қабылдау ұзақтығының қысқалығына байланысты барлық жанама әсерлерді анықтап үлгермейді. Сондықтан да, көптеген ауыр жанама әсерлер ДЗ тіркеген соң, маркетингтен кейінгі кезеңде анықталып жатады. Мұндай жанама әсерлерді тіркеуге алу дәрігерлердің мойнына жүктелген, бірақ көп елдерде дәрігерлер оған қажетті жауапкершілікпен қарамайды.
1976 жылы Вере ДЗ жанама әсерлерінің негізгі аурудың клиникалық көрінісін бұрмалайтындығын дәлелдеп, жанама әсерлердің анықталмауының 5 негізгі себептерін атап көрсетті:
Жанама әсерлер көбіне кездейсоқ дамиды және ДЗ қабылдаумен байланысын анықтау қиынға соғады.
Кейбір ДЗ салдарынан туындаған жанама әсерлер негізгі аурудың көрінісін беруі мүмкін.
Жанама әсерлер ДЗ қабылдауды тоқтатқан соң, уақыт өте дамуы мүмкін.
ДЗ негізгі аурудың қайталануын (рецидив) тудыруы мүмкін.
Науқастың негізгі ауруы тым күрделі болса, ДЗ жанама әсерін байқау қиынға соғады.
Көптеген жанама әсерлер ДЗ қабылдаған уақыт пен мөлшеріне байланысты дамиды
Реакция типі
|
Сипаттамасы
|
Мысалдар
|
Науқастарды жүргізу тактикасы
|
Мөлшерге тәуелді
(dose-related)
|
жиі кездеседі
ДЗ фармакология-лық әсерімен байланысты
болжанады
өлімге сирек ұшыратады
|
дигоксиннің токсикалық қасиеті
МАО қайтып ұсталынуын тежейтін препараттарды тағайындағанда дамитын серотонинді синдром
үшциклды антидепессанттар-дың антихолинэстеразды әсерлері
| |
Мөлшерге тәуелсіз
(non-dose-related)
|
сирек кездеседі
ДЗ фармакология-лық әсерімен байланы емес
Болжанбайды
өлімге жиі ұшыратады
|
пенициллинге дамыған аллергиялық реакция
жалған аллергиялық реакциялар
идиосинкразия
|
болашақта бұл ДЗ қолданудан бас тарту
|
Мөлшерге және уақытқа тәуелді
(dose-related and time-related )
|
сирек кездеседі
ДЗ кумуляция-лануы мен мөлшеріне байланысты
|
глюкокортикоид-тардың гипоталамо-гипофизарлы жүйені тежеуі
|
мөлшерін төмендету немесе препаратты енгізуді тоқтату
терапияны біртіндеп тоқтату
|
Уақытқа тәуелді
(time-related )
|
сирек кездеседі
әдетте ДЗ мөлшеріне байланысты
медикаментозды терапияны бастаған соң біраз уақыттан кейін пайда болады
|
канцерогенез
кеш (тардивті) дискенезия
|
жиі қаитымсыз немесе емі қиынға түседі
|
Жойылу реакциясы
(withdrawal )
|
сирек кездеседі
медикаментозды терапияны тоқтатқан соң дамиды
|
опиаттарды тоқтатқанда дамитын синдром
β-блокаторларды тоқтатқанда дамитын синдром
|
қайта тағайындап, біртіндеп тоқтату
|
Сәтсіз аяқталған ем
|
жиі кездеседі
мөлшерге тәуелді
жиі ДЗ өзара әсерлесуі салдарынан туындайды
|
оральды контрацептив-терді ұтымсыз мөлшерлеу, әсіресе микросомальды ферменттердің индукторларын қолданғанда
|
мөлшерін дұрыстау
қосалқы терапияның әсерлерін қайта қарастыру
|
Кездесу жиілігі бойынша FDA келесі жіктелуді ұсынады:
жиі кездесетін жанама әсерлер (100 тағайындау ішіндегі 1 жағдай немесе 1% артық)
жиі кездеспейтін жанама әсерлер (100-1000 тағайындау ішіндегі 1 жағдай немесе 0,1-1% жиілік)
сирек кездесетін жанама әсерлер (1000 тағайындау ішіндегі 1 жағдай немесе 0,1% жиілік)
ДЗ жанама әсерлерінің 4 түрі бар:
А-типті – ДЗ фармакологиялық белсенділігімен байланысты, кез-келген адамда кездесетін, жиі дамитын, болжамалы реакциялар;
В-типті – тек сезімтал адамдарда кездесетін сирек, болжауға келмейтін реакциялар.
С-типті – ұзақ уақытқа созылған терапиямен байланысты реакциялар (ДЗ тәуелділік).
D-типті – ДЗ канцерогенді, мутогенді және тератогенді әсерлері
2.ДЗ мөлшерден тыс қолданғандағы дамыған токсикалық әсерлер
Көптеген препараттар, мөлшерден тыс қолданғанда токсикалық реакциялар туындатады. ДЗ токсикалық қасиетін бағалау үшін «терапевтік әсердің кеңдігі» деген ұғым қолданылады. Терапевтік әсері кең препараттарды терапевтік мөлшерде қолданғанда токсикалық асқыныстар сирек кездеседі, ал терапевтік әсері тар препараттарды қолданғанда токсикалық әсер жиі кездеседі. Мысалы: аминогликозидтерді ұзақ уақытқа тағайындағанда науқастардың 26%-да бүйрек қызметі бұзылады. Бұл қасиеті препараттың бүйректегі проксимальды түтікшелерде жинақталуымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |