Құрылғының тартылыспен қосылуы жылулық саңылау болған жағдайда айтарлықтай оңай. Қармайтын бӛлшектің жылыту (немесе қармауға тиіс бӛлшектің салқындату) температурасының шектелуіне байланысты саңылаудың мӛлшері аз (отырғызу диаметрі 0,002-ге дейін), сыналануды алдын алу үшін құрастыру үрдісі айтарлықтай жоғары дәлдікпен орындалуы тиіс. Сондықтан құрастыру құрылғысы тиісті талаптарға сай болу керек. Салыстырмалы бағдарлануы мен бӛлшектердің түйіндесуі электрмагниттік күш арқылы іске асырылатын құрылғылар қарапайым болып саналады. Осындай құрылғыларда жылжымалы бӛлшек жылжымайтын бӛлшекке тартылады немесе оның үстіне отырғызылады. Электрмагниттік құрастыру темірмагнитті қармайтын бӛлшектердің кез келген магнитті материалдардан жасалған қармайтын бӛлшектермен түйіндесудің сенімді үрдісін қамтамасыз етеді. Бұл ретте пайда болатын магнит ӛрісте магнитті қасиеттермен бірдей материалдардың жабысуын магниттік күш арқылы радиал дірілін жылжымалы бӛлшекке қосып беру жолмен жоюға болады.
Сурет 12.8. Жинау алдындағы бұйымды электрлік қыздырудың сұлбасы:
1 —
қармалатын бұйым;
2 — тірек;
3, 6 — электрмагнит;
4 — дірілді тығырық;
5 — білік
Электрмагниттерге кернеу қылғаннан кейін бӛлшектер магниттеледі және потенциалды энергияның ең аз қоры бар орынды алуға ұмтылады:
егер бекітілмесе, тӛлке тіреуге тартылады, ал білік тӛлкеге қарай қозғалуын бастайды. Тӛлке ретінде соленоидтің магнитті емес қарқасына орнатылған болаттан жасалған 4 дірілді тығырықты қолдануға болады. Магнитті ӛрістің кернеулерді шоғырлағыш болып табылатын тығырықта біліктің дірілдеуі орындалады. Соленоидке кірген кезде білік ӛсі тұрақты магнит тасқынының бағытымен
сәйкес келетін орынға тұрып, ӛз жағымен тӛлкенің алдыңғы жағының сол немесе оң бӛлігіне тіреледі. Бұл 0,01 с – айнымалы магнитті ӛріс (50 Гц
жиілікпен) әсерінен біліктің қайта магниттелуіне дейін – жалғасады. Білік ұштарының қарама қарсылығын ауыстырған кезде, ол тӛлкенің қарама-қарсы бӛлігінің жағына тартылатын болады. Бұл үрдіс келесі қайта магниттелуге дейін жалғасады.
Осылайша,
білік соленоидте орналасып, Мв магнитті күшінің айналдыру кез әсерінен 50 Гц жиілікпен теңселеді. Бір уақытта Fӛсьтік магнит күші ӛріс градиентіне сәйкес білікті жылжытуға, яғни оны ӛзінің орталық аймағына тартып алуға ұмтылады. Бұл бӛлшектердегі отырғызылатын жазықтар пішіндерінің автоматты қиыстыруы (автоіздеуі) үшін жағдай жасайды.
Пішіндерді қиыстырғаннан кейін түйіндесу үрдісі
басталады, онда аталмыш осьтік күш және айнымалы тоқтың жиілігімен әрекет жасайтын бағытқа қарай айнымалы айналдыру кез қатысуды жалғастырады.
Айналдыру кез тұрақты магниттелген тӛлке тесіктерінің қабырғаларынан білікті лақтырады, бұл біркелкі магнит материалдардан жасалған бӛлшектердің «жабыспауын» қамтамасыз етеді және олардың қарысып қалу мүмкіндігін жояды.
Біліктің тӛлкенің тесігіне жылжуын 2 тіреуіш немесе біліктің потенциалды энергияның ең аз қоры бар орынға орналастыруы арқылы (демек оның тоқтатылуы жиналған тораптың қалпына дәл түседі) шектеуге болады. Жоғары дәлдігі бар қосылыстарды тіреуіштердің қолдануы арқылы жинау міндетті. Бұл жағдайда тӛлке біліктің жанына орналастырылады. Бӛлшектер
суығаннан кейін және