217
Қазіргі TV-тюнерлердің техникалық сипаттамалары төмендегілерді
қамтамасыз етеді:
■ SECAM (Ресейдегі теледидарлық хабар тарату), PAL жəне NTSC
стандарттарында жұмыс істеу;
■ 200-ге дейін теледидарлық каналдарды автоматтық баптау жəне
ыңғайлау;
■ секундына 30 кадрдан аса қайталау жиілігі;
■ 800 х 600 пикселден кем емес айыру қабілеті;
■ толықэкрандық жəнетерезелік көру;
■ экранда бірнеше каналды алдын ала қарап шығу;
■ кескіндеме масштабын өзгерту;
■ SECAM үшін768 х 576 кадрды ұстаудың стандарттық рұқсатын қолдау;
■ MPEG-1, MPEG-2 қысу форматтарымен жұмыс;
■ Интернеттентеледидарлық бағдарламалардың тізімін алу;
■ CD- жəнеDVD-дисктерді құру жəне жазужəне т.б.
КейбірTV-тюнерлер телемəтінді қабылдай алады, қашықтықтан басқару
пульттарымен жабдықталған жəне өздерінің мүмкіндіктері бойынша
кəдімгі теледидарлардан кем түспейді.
Әдетте, мұндай құрылғылардың бейнекөріністі қосымша өңдеуге жəне
жеке кадрларды файлдарда сақтауға мүмкіндік беретін дамыған
бағдарламалық қамтамасыз етуі бар. Видео басып алуда кескіндеме
компрессиясының салдарынан оның сапасы шарасыз нашарлайды.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Дыбыстық тақшалардық қызметі қандай?
2. Дыбыс дегеніміз не? Музыкалық дыбыс немен сипат-
талады?
3. Импульстық-кодтық модуляцияның мәнісі неде?
4. Аналогты-цифрлықжәне цифрлы-аналогты түрлендіргіш-
тер қандай қызмет атқарады?
5. Дыбыстық сигналды синтездеу үшін қандай әдістер қол-
данылады?
6. Дыбыстық карталардың негізгі сипаттамаларын атаңыз.
7. Динамикалық диапазон дегеніміз не?
8. Аудиосигналды қысу алгоритмі неге негізделген?
9. Қазіргі дыбыстық тақшаларға тән негізгі параметрлерді
атаңыз.
10. Қазіргі дыбыстық тақшалар қандай қосымша мүмкіндік-
терді ұсынады?
218
11. ДЭЕМ дыбыс жаңғырту сапасы неге байланысты?
12. Сабвуфер дегеніміз не?
13. Акустикалық жүйенің ерекшелік параметрлерін атаңыз.
14. Құлаққаптардың түрлерін атаңыз.
15. Құлаққаптардың сипаттамаларын тізіп шығыңыз.
16. Микрофондардың түрлерін атаңыз.
17. Микрофондарды сипаттайтын параметрлерді атаңыз.
18. Тюнерлердің негізгі тораптары мен параметрлерін ата-
ңыз.
19. Теледидар менTV- тюнердің қандай айырмашылығы бар?
219
5 тарау
ПОРТАТИВТІ ДЭЕМ
5.1.
НОУТБУКТЕР
Үстел үстілік дербес ЭЕМ-ның элементтік базасын үздіксіз жетілдіру
жəне əсіресе, СК-экрандарды əзірлеудегі жетістіктер ДЭЕМ-ның жаңа
түрлерінің — есептеу техникасының тасымалды құралдарының əртүрлі
модификацияларының: бастапқыда лаптоптардың (ағылш.lap top —
тізеқап), сосын ноутбуктардың (ағылш. notebook — блокнот, қойын дəптер)
жəне мобильдікPDA (Personal Digital Assistant — жеке цифрлықхатшы) —
қалталық дербес компьютерлердің (ҚДК) пайда болуына алып келді.
Барлық портативті ДЭЕМ тəн ерекшелік — бұл бұйымдардың
конструктивтіжəне функционалдық аяқталғандығы, себебі компьютердің
барлық қажетті жəне жеткілікті есептеу ресурстарыбір корпуста
шоғырланған.
Пайдаланушыға жабдықталмаған жұмыс орындарында жəне көлікте
жұмыс істеуді қамтамасыз ете отырып, ноутбуктердің шеткері
құрылғыларды: толықөлшемді пернетақтаны, сыртқы мониторлар мен
жинақтауыштарды, стационарлық ДЭЕМ жəне т.б. қосу мүмкіндіктері бар.
Аппараттық қамтамасыз ету ресурсын үдету үшін орнатуда қосымша
баптауды қажет етпейтін жəне қуат көзін өшірмей қосу мүмкіндігі бар
əртүрлі өлшемді PCMCIA карталары (5.1-сур.) қолданылады.
Ноутбуктарайтарлықтай дəрежеде қоршаған ортаның механикалық
жəне климаттықықпалына ұшырауға бейім, сондықтан пайдаланушыдан
ерекше жəне ұқыпты қарауды талап етеді.
Ноутбуктердің өнеркəсіптік жəне əскери орындаудағы соққыларға жəне
дірілдерге төзімді корпустардағы, экрандары арнайы қапталған,
дымқылөтпейтін пернетақталары жəне -20 бастап +55 °С дейінгі
температуралық
диапазондағы
модельдері
ғана
механикалық
зақымдалуларға төзімді болып есептеледі.
Тұрмыстық жəне кеңселік ноутбуктарда өндірушілер ең маңызды
компоненттерді: қатты диск, экраны жəне пернетақтаны физикалық
зақымдалулардан қорғайды. Ноутбукты тасымалдау кезінде қорғау үшін
арнайы сөмкелер шығарылады.
220
Стационарлық ДЭЕМ-дақатты диск механикалық жүктемелерге
(негізінен, тасымалдауда) ұшырайды, ал ноутбукте оның шайқалту, діріл
жəне жеке соққылардан зақымдалу ықтималдығы өте жоғары.
Қатты дисктерді қорғау ноутбуктерде теңселулерді бəсеңдететін
төсемдерді, арнайы бекітулерді, бұрыштық амортизаторларды қолдануға
жəне бастиектерді сенімді тұрақтатуға негізделген. Дисктің бастиектері
жұмыс істеу күйінде болмаса — қауіпсіз аймақта тұрақталған, яғни,
ақпарат сақтайтын пластиналардан шеттелген, қатты диск может
айтарлықтау шайқалтуға, едəуір соққыға, тіпті ноутбуктың құлауына төтеп
бере алады. Жұмыс істеп тұрған күйінде бастиек тіреу бетінен бірнеше
микрон қашықтықта орналасады, егер соққы ақпаратты оқу немеес жазу
кезінде болса, оның бастиегі пластинаға жанасады, жəне нəтижесінде,
деректер жоғалып, физикалық зақымдалу орын алады.
Қорғау механизміаналық тақшада орнатылатын қозғалыс сенсорының
(үшосьтік акселерометрдің) көмегімен ноутбукты кеңістікте оқыс
тасымалдауларды анықтауға сүйенеді. Ұйғарынды жеделдетуден асып
кеткен жағдайда жинақтауш бастиектерінің жедел тұрақтау сигналы
қалыптастырылады.
Ноутбуктарда процессорлық кулердің көмегімен ауамен салқындату
қолданылады, себебі корпустың ішіндегі аумақ əрқашан шектеулі болады
жəне қосымша желдеткіш орнату мүмкіндігі жоқ. Ноутбуктың
стационарлық жұмыс орнында жылулық режимін тиімді жақсартудың ең
қолжетімді нұсқасы — ол сыртқы желдеткіштерді қолдану.
Желдеткіштері бар қойғыш док-станция типі бойынша құрастырылған
жəне
ноутбуктың
негізіне
тоғыстырылады
(5.1-сур).
Осындай
құрылғыларға ноутбуктердің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту үшін
қосымша интерфейстердің бірнеше коммутациялық жалғағыштар енгізеді
(жиі USB-жалғағыштар, кейде — картридерлер).
5.1-сур. PCMCIAстандартыкарталары
Достарыңызбен бөлісу: |