211
Құлаққаптың кей модельдері стационарлық жүйелермен жұмыс істеуге,
басқа модельдері —мобилдік аппаратурамен жұмыс істеуге ыңғайлы, бірақ
бəрібір пайдаланушыға қосымша қолайлылық — қозғалыс жəне орын
ауыстыру еркіндігін қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.
Нəтижесінде құлаққаптың жаңа түрі — сымсыз құлаққап пайда болды,
себебі сымдық жалғанудың болмауы оператордың жұмыс орнын
ұйымдастыруда бірқатар дəстүрлі шектеулерді жояды.
Құлаққаптар радиожиілік диапазонда дыбысты қабылдауды жүзеге
асырады, дауыс қаттылығын ретттеуіші бар жəне кіріктірілген гальвани
элементтерінен қорек алады.
Құлаққаптың сипаттамасында əдетте, жиілік диапазонның, шығу
кедергінің
(ом
немесе
килооммен)
жəне
номиналды
қуаттың
(милливаттнемесе ватпен) шамалары келтіріледі, ал гарнитуралар үшін
микрофонның сезгіштігін (децибелмен) көрсетеді. Сымсыз құлаққаптар
үшін негізгі жиілік (мегагерцпен) жəне мінсіз жағдайларда əрекет ету
радиусы (метрмен) келтіріледі.
Сымды құлаққапты қосу үшін стандарттық 3,5 мм штекер қолданылады.
4.5.4. Микрофондар
Микрофон — бұл дыбыстық ауытқуларды электр сигналдарына
түрлендіруге арналған электракустикалық аспап. Микрофондарды
телефония, радиохабар, телевидение, дыбыс күшейту жəне дыбыс жазу
жүйелерінде қолданады.
Жұмыс істеу принципі бойынша микрофондар көмірлі, электрди-
намикалық, электрстатикалық (конденсаторлық жəне электреттік),
пьезоэлектрлікжəне электрмагниттік; жұмыс істеу бағыты бойынша —
бағытталмаған, на ненаправленные, біржақты бағытталған (кардиоидтік)
жəне екіжақты бағытталған болып бөлінеді.
Микрофондар келесіпараметрлермен сипатталады.
Микрофонның сезгіштігі (осьтік сезгіштігі)— бұл микрофонның
шығуындағы кернеудің берілген жиілікте (əдетте, 1000 Гц) оған ықпал
ететін паскальға милливольтпен (Па/мВ)белгіленген дыбыстық қысымға
қатынасы. Бұл мəн жоғары болған сайын, микрофонның сезгіштігі да
артады.
Жұмыс жиіліктердің номиналдық диапазоны —микрофон акустикалық
тербелістерді қабылдайтын жəне оның параметрлері нормаланатын
жиіліктер диапазоны.
212
Жиіілк сипаттаманың әркелкілігі — микрофонның жиіліктердің
номиналды диапазонындағы сезгіштіктің максималды жəне минималды
деңгейлерінің арасындағы айырма. Егер дыбыстық қысым түрлендірілетін
жиіліктердің бүкіл диапазоны бойынша номиналдық мəннен аспаса, онда
микрофондардың басым бөлігінде сызықтық емес бұрмаланулар өте аз
болады.
Толық электр кедергінің модулі — микрофонныңа 1 кГц жиілікте
шығыс немесе ішкі электр кедергісінің мəні.
Бағытталудың сипаттамасы — микрофон сезгіштігінің (белгілі бір
жиілікте) микрофон осі мен дыбыс көзіне бағытталуының арасындағы
бұрышқа тəуелділігі.
Микрофонның өзіндік шуының деңгейі — микрофонға пайдалы
сигналдың ықпал етуі жағдайында децибелмен белгіленген кернеудің
тиімді мəнінің 0,1 Па тиімді қысымға қатынасы.
Микрофонның жиілік сипаттамасы айтарлықтай дəрежеде оның
құрастырылымы мен жасалу технологиясына тəуелді. Микрофонның
жиілік сипаттамасында микрофонның қозғалмалы жүйесінің бөлшектері
мен ауа қуысының резонансына негізделген жоғарылаулар мен құлаулар
əрқашан байқалады. Жиілік сипаттаманы біркелкі, ал өткізу жолағын
кеңірек ету үшін бөлшектердің еркін тербелістерін кейде резеңке немесе
поролон төсемдермен бəсеңдетеді, бірақ микрофонның сезгіштігін шарасыз
азайтады.
Микрофонның бағытталу сипаттамасы оның қабылдау бөлімінің
құрылымына байланысты. Егер дыбыстық өрістің энергиясы жылжымалы
жүйенің (диафрагманың) бір жағына ғана ықпал етсе, микрофон қысымды
қабылдағыш болады. Егер микрофонда дыбыстық толқындар үшін
жылжымалы жүйенің екі жағы да ашық болса (сондықтан ол диафрагманың
екі жағына ықпал ететін дыбыстық қысымның айырмасын сезінеді), онда
микрофон қысым немесе жылдамдық градиентінің қабылдағышына
айналады.
Микрофон қысым қабылдағыш ретінде шұғыл белгіленген бағыт-
тылыққа ие емес жəне оның əсіресе, төмен жиіліктер саласында
бағытталудың айналма сипаттамасы бар. Жиілік жоғарылағанда ол
созылған форманы қабылдайды.
Микрофон қысым немесе жылдамдық градиентінің қабылдағышы
ретінде сегіздік түрінде бағытталу сипаттамасына ие, яғни екіжақты
бағыттылығы бар.
Екі əртүрлі қысым мен жылдамдық микрофондары қосылыстарының
электрлік схемасын араласыра отырып, бағытталу сипаттамасының едəуір
213
өзгеруіне қол жеткізуге болады — оны кардиоида, супекардиоида немесе
гиперкардиоида түрінде бағыттауға болады (4.32-сур.).
Бірыңғай акустикалық жүйеде конструктивті тұтастырылған екі əртүрлі
қабылдағыштардан аралас микрофондар да қолданылады. Осындай екі
микрофондарды
үйлестіру
арқылы
үшкірбағытты
диаграммалы
қабылдағышты құруға болады, ол жоғары шулы фоны бар жайдан дыбысты
жіберу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Ұнтақтық көмірлі микрофондакөмір немесе металлмембрана дыбыстық
толқындардың ықпалымен тербеліп, капсюлада орналастырылған жəне
мембранасына жанасып тұрған көмір ұнтағының тығыздығын, демек,
электр кедергісін де өзгертеді. Соның салдарынан микрофон арқылы өтетін
тоқтың күші де өзгереді. Құрастырылымы мен электрлік параметрлерді көп
жылдар бойы жақсарту нəтижесінде капсюль типті көмірлі микрофон
шығарылды, ол бұрын телефонияда кеңінен қолданылған болатын.
Жиіліктердің қайта өндірілу диапазоны — 300...3 400 Гц.
Катушка типті электрдинамикалық микрофонда жұқа үлпегінен
немесе алюминийжұқалтырынан жасалған, магнитті жүйенің сақиналық
саңылауында орналасқан жұқа сымды катушкамен қатты байланған
диафрагма қолданылады. Дыбыстық толқынның ықпалымен диафрагманың
тербелістерінде катушканың айналымы магниттік жүйенің күшті
4.32
-сур. Микрофондардың бағытталу диаграммалары:
а — айналма; б — кардиоида; в — суперкардиоида; г — гиперкардиоида
Достарыңызбен бөлісу: |