Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет1/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107


БАСТАПҚЫ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ 
 
 
В.Д.СИДОРОВ, Н.В.СТРУМПЭ 
 
 
 
ЭЕМ АППАРАТТЫҚ 
ЖАСАҚТАМАСЫ 
 
ОҚУЛЫҚ 
Бастапқы 
кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге 
асыратын білім беру мекемелерінің оқыту 
үрдісінде қолдануға арналған оқулық 
ұсынылған. 
 
Пікірдің тіркеу нөмірі 160. 
2009 ж.28 сәуір. «БДФИ» ФММ 
 
3-ші шығарылым, стереотиптік 
 
 
 
 
 
Мәскеу 
«Академия» баспа орталығы 
2014 
 
 


ӘОЖ К 681.3(075.32) 
КБЖ 32.973ші722 
С347 
 
 
Бұл кітап Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі жəне 
«Кəсіпқор»  холдингі»  КЕАҚ  арасында  жасалған  шартқа  сəйкес  «ТжКБ  жүйесі  үшін 
шетел  əдебиетін  сатып  алуды  жəне  аударуды  ұйымдастыру  жөніндегі  қызметтер» 
мемлекеттік  тапсырмасын  орындау  аясында  қазақ  тіліне  аударылды.  Аталған  кітаптың 
орыс  тіліндегі  нұсқасы  Ресей  Федерациясының  білім  беру  үдерісіне  қойылатын 
талаптардың ескерілуімен жасалды. 
Қазақстан Республикасының техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесіндегі білім 
беру  ұйымдарының  осы  жағдайды  ескеруі  жəне  оқу  үдерісінде  мазмұнды  бөлімді 
(технология, материалдар жəне қажетті ақпарат) қолдануы қажет. 
Аударманы  «Delta  Consulting  Group»  ЖШС  жүзеге  асырды,  заңды  мекенжайы: 
Астана  қ.,  Иманов  көш.,  19,  «Алма-Ата»  БО,  809С  ,  телефоны:  8  (7172)  78  79  29,  эл. 
поштасы: info@dcg.kz 
 
 
П ік ір б е р у ші 
— 
Е. В. Михеева, Мəскеу банктік экономикалық 
колледжінің информатика жəне АКТ оқытушысы 
 
 
Сидоров В.Д
С347   
ЭЕМ аппараттық жасақтамасы: алғашқы кəсіби білім  беруге арнал- 
ған оқулық /В.Д.Сидоров, Н.В.Струмпэ. — 3-ші шығ., стер. — М.: 
«Академия» баспа орталығы, 2014. — 336 б. 
ISBN 978-601-333-318-2 (каз) 
ISBN978-5-4468-0510-5 (рус) 
Дербес  электронды  есептеу  машинасын,  типтік  шеткері  жабдықтар  құрылғысын 
құру  туралы  мəліметтер  келтірілген.  ШЭЕМ  пайдалану  мен  жаңарту  сұрақтары 
қарастырылған. 
Оқулық  230103  «Аппараттық  жəне  бағдарламалық  жасақтаманы  реттеуші»  маман- 
дығы  бойынша  ПМ.01  «Дербес  компьютердің,  серверлердің,  шеткері  құрылғылардың, 
жабдықтардың  жəне  компьютерлік  кеңсе  техникасының  аппараттық  жасақтамасына 
қызмет көрсету» (МДК.01.01) модулін кəсіби меңгеру кезінде қолданыла алады. 
Алғашқы кəсіби білім беру мекемелерінің қатысушыларына арналған. 
 
ӘОЖ 681.3(075.32) 
КБЖ 32.973ші722 
 
 
 
 
ISBN 978-601-333-318-2 (каз) 
ISBN978-5-4468-0510-5 (рус) 
 
© Сидоров В.Д., Струмпэ Н.В., 2011 
© «Академия» білім-баспа орталығы, 2011 
© Безендіру. «Академия» баспа орталығы, 2011 



 
   
Кіріспе 
 
 
 
 
 
 
 
Соңғы  жылдарда  əлемдік  ақпараттық-коммуникациялық  ресурстар  мен 
технологиялардың  халық  пен  елдердің  əлеуметтік  жəне  экономикалық 
дамуына  əсері  айтарлықтай  күшейді.  Әлем  жаңа  қоғам  типіне    көшу 
кезеңіне – ақпараттық кезеңге өтті. Ақпараттық (постиндустриялды)  қоғам 
–  бұл  өз  кезегінде  аграрлық  жүйені  шеттеткен  ағымдағы  индустриялды 
жүйені  алмастыратын,  адамдар  өмірін  жаңа  əлеуметтік-технологиялық 
ұйымдас-тыру. 
Постиндустриялды  қоғамның  көрінуі  жылдан  жылға  анығырақ  болып 
келеді: 
  адамдар  қызметінің  мəліметтерді  өңдеуге,  ақпаратқа  жəне    кəсіпорын 
мен  мекемелерді,  тіпті  мемлекеттерді  де  электронды  басқаруға 
байланысты бағыттары еселенуде; 
  адамзат  қоғамының барлық салаларында ақпарат жəне оның қолданылу 
жылдамдығы негізгі рөлді атқарады; 
  адамдардың  өмірі  арақашықтықтан  ақпараттық  қатынас  жасауға  одан 
ары дамып келеді; 
  қашықтағы  ақпараттық  қызметтердің  жаңа  түрлері  таралуда: 
гуманитарлы  (білім  беру,  денсаулық  сақтау,  əлеуметтік  қызметтер); 
кəсіби  (өндіріс  пен  қаржыландыруды  бағдарламалау,  талдау  жəне 
жоспарлау); 
  экономиканы  қайта  ұйымдастыру  жəне  өте  үлкен  көлемді  информа- 
циялар  қатыстырылатын  жаңа  жоғары  технологиялық  арнайы  өндіріс- 
терге көшу жүруде. 
Экономика  ең  алдымен  табиғи  ресурстар  мен  материалдық  өндірісте 
ғана  емес,  ақпаратқа  толық  құқықты  ие  болуға,  ғылыми-техникалық 
білімдерді қолдану жəне ақпараттық қызметтерді ұсынуға да негізделеді. 
Әлемдік  тенденциялар  ақпараттың  дəстүрлі  шикізаттың  жəне  энергети- 
калық  ресурстардың  бағалық  қатарына  кіргеніне  куə.  Жылдан  жылға 
ақпараттық қызметтер мен бағдарламалық жасақтамалар нарығының көлемі 
өсуде. 
Ұлттық  ақпараттық  ресурстар  халықтың  белсенді  бөлігінің  əлеуметтік, 
саяси  жəне  экономикалық  зияткерлік  қызметінің  маңызды  өнімі  жəне 
көптеген мемлекеттердің мақсаттарына қол жеткізудің қуатты қаруы болды. 



 
Бұл  өмірлік  маңызды  ресурстарды  сауатты  үлестіру,  ұлттық  жəне  халықа- 
ралық  мəселелерді  шешу  үшін  оларды  қысқамерзімді  жəне  ұзақмерзімді 
жоспармен бақылау жəне басқару Ресей үшін де өте маңызды мəселе болып 
табылады. 
Электронды  есептеуіш  машиналарда  да  сақталатын  ақпарат  бұрыннан 
ұлттық  игілікке  айналды,  сол  себепті  əлемде  басқалардың  біліміне 
қолжетімділік  үшін үздіксіз күрес – ақпараттық соғыс болып жатыр. Басқа 
елдердің  мемлекеттік  құрылымының,  қылмыстық  топтардың,  жеке 
хакерлердің  ақпараттық  қаруының  Ресейдің  техникалық  қаруы  мен 
көпұлтты  халқына  айқын  жəне  жасырылған  мақсатты  əрекеттері  жалған 
ақпарат беру, ұрлау, жеке файлдарды, мəліметтер базасын жою немесе жеке 
ақпараттарды  халыққа  тарату  бойынша  ішкі  жəне  сыртқы  қауіптерді 
тудырады.  Ресейдегі  шектеулі  қолжетімділікті  ақпараттың  кепілдікті 
қорғанысы  тек  мемлекеттік  заңнамалармен  ғана  емес,  сондай-ақ  арнайы 
аппаратты-бағдарламалық құралдармен, соның ішінде мəліметтерді əртүрлі 
құпиялық таңбалармен құпияландырумен қамтамасыз етіледі. 
Мəліметтерді  (ашық  жəне  шектеулі  қолжетімділікті)  жасауға,  сақтауға, 
өңдеуге жəне тұтынушыларға ақпаратты ұсыну мен жеткізудің эффективті 
əдістерін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  заманауи  ақпараттық- 
коммуникациялық  технологиялар  (АКТ)  қоғамдық  қызметтің  барлық 
салаларының  эффективтілігін  көтерудің  маңызды  құралы  жəне  Ресейдің 
табысты экономикалық жəне қауіпсіз дамуының факторларының бірі болып 
табылады. 
АКТ-ның  енгізілу  жəне  жаппай  таралуының  есебінен,  азаматтардың 
ақпаратқа ашық қолжетімділігін қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялар 
бойынша  мамандарды  дайындау  мен  тұтынушыларды  көбейту  есебінен 
Ресейде  экономикалық,  мемлекеттік  жəне  муниципалды  басқару  нəтиже- 
лілігін  көтеру  «Электронды  Ресей»  Федералды  мақсатты  бағдарламасында 
көрініс тапты. 
Берілген ұлттық бағдарлама келесі мəселелерді шешуді қарастырады: 
  РФ  Конституциясында  кепілдендірілген  азаматтардың  жеке  мəлімет- 
терінің  жасырылуын,  елдің  ақпараттық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету 
сұрақтарын  реттейтін  АКТ-ның  эффективті  нормативті-құқықтық  база- 
сының жасалуы; 
  заманауи  ақпараттық  технологияларды  қолдану  негізінде  өкімет  орган- 
дары  жəне  шаруашылық  субъектілері  мен  азаматтардың  электронды 
қарым-қатынасының эффективтілігін қамтамасыз ету; 
  экономикада  ақпараттық  технологияларды  қолданудың  көлемділігін 
жəне эффективтілігін көбейту шарттарын жасау; 
  АКТ  базасында  білім  беру  жүйесін  модернизациялау    есебінен 
кадрларды дайындау жəне алдын-ала дайындау деңгейін өсіру; 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау