Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет73/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   107

224 
 
Әдетте,   олар   инфрақызыл   портпен,   FireWire,  Wi-FiнемесеBluetooth 
интерфейстеріменжəнефлэш-карталарды оқу құрылғысымен: MemoryStick- 
/MemoryStickPro, SD, XDжəнеMMC жабдықталады. 
Ноутбуктердің салмағы 8 кг дейін жетуі мүмкін. 
Сенсорлық  экрандарды  құру  технологиясының  жетілдірілуімен  бірге 
ноутбуктердің жаңа түрі — стилиустың көмегімен деректерді қолжазбалық 
енгізуге  мүмкіндік  беретін  планшеттік  дербес  компьютер  (TabletPC)  
пайда 
болды. 
Планшеттікноутбуктерпернетақтамен 
немесе 
онсыз 
шығарылады  жəне  топсалы  қосылысты  пайдалана  отырып,  экранды 
бірнеше экранда жылжыту мүмкіндігі бар. 
Сенсорлық  жабындының  болуы  экранның  ашықтығын,  шолу  бұрыш- 
тарын төмендетеді жəне оның диагоналін 14 дюймге дейін төмендетеді. 
Ноутбук-трансформердің  экранын  өзінің  көлденең  осі  бойынша 
айналдырып, жұмыс жағымен жоғары қойса, планшетке ұқсайды. 
Соңғы  кезде  планшеттіккомпьютердің  анағұрлым  мобильдік  түрі  — 
Ultra-MobilePC  (UMPC)  дамып  жатыр,  ол  ноутбук  пен  ҚЖК  ортасындағы 
аралық орынды иеленді. 
Қазіргі  UMPCсалмағы  шамамен  700  г,  рұқсаты  1  024  х600  пиксел  7- 
дюймдіксенсорлықдисплеймен,  тактілік  жиілігі  900  МГц,жедел  жады 
көлемі  512  Мбайт  процессормен,  көлемі  40  Гбайт-тан  жоғарықат- 
тыдискпен,  ал  жеке  конфигурацияларда  —GPS,  Wi-FiжəнеBluetooth  кірік- 
тірілген модульдермен жабдықталды. 
Құны  қымбат  материалдарды  қолдана  отырып,  эксклюзивтік  дизайн 
жасау  имидждік  ноутбуктердің  ерекшелігі  болып  табылады,  қымбат 
материалдар олардың жаппай шығарылуын шектейді. 
Ноутбуктердің  басқа  түрлері  (нетбуктерден  басқалары)  бір-бірінен 
функционалды  тұрғыдан  бір-бірінен  мардымсыз  ерекшеленеді,  стильный 
дизайны жəне дербес жұмыс жасаудың ұзақ уақыты бар. Олардың барлығы 
DVD  оптикалық  жетектермен,  көлемі  120  Мбайттан  төмен  емес  қатты 
дисктермен,  сымсыз  байланыс  құралдарымен,  USBпорттармен  жабдық- 
талған,  тезəрекеттігі  1,2  -  2,0  ГГц  жəне  салмағы  1,0...2,5  кг  құрайды. 
Олардың басым бөлігі кең форматты экранмен (15 немесе 17 дюйм), 1 280 
х768 пиксел рұқсатпен, модем жəне желілік картамен шығарылады. 
Нетбук (Netbook) — экраны 7.12 дюйм ықшамдалған ноутбук —интер- 
нетте жəне басқаофистік бағдарламалармен жұмыс жасауға бағытталған. 
Барлық  ноутбуктарда  аппараттық  құралдарды  өсіру  PCMCIA- 
карталарды  (РСCard)  қолдану  арқылы  жүзеге  асырылады,  олар  үшін 
габариттік  өлшемдердің  үш  түрі анықталған: Туре  I, Туре  II  жəнеТуре  III. 
Карталардың  ұзындық  өлшемдері  (85,6  мм)  жəне  ені  (54  мм)  бірдей  жəне 
қалыңдығы бойынша ерекшеленеді: I типтіңқалыңдығы — 3,3 мм; 


225 
 
II  типтің  қалыңдығы  —  ортасында  5  ммжəне  шеттерінде  3,3  мм;  III  типті 
РСCard  қалыңырақ  (10  мм)  жəне  карталардың  алғашқы  екі  түрлеріне 
арналған жалғағыштарға орнатыла алмайды. Карталарда құрылғыларды 
«ыстық» қосу технологиясы жүзеге асырылған, яғни құрылғыны қосу үшңн 
компьютерді өшіру қажеттілігі жоқ. 
Қазірге  кезеңде  ноутбуктер  ExpressCard жаңа  стандартына  өтіп  жатыр, 
ол  PCMCIA-карталарының  мүмкіндіктерін  жетілдірудің  логикалық 
жалғасына  айналды  жəне  PCI  Express  шинасын  қолдану  есебінен  
деректерді жіберу жылдамдығын шамамен 1,5 есеге ұлғайтты. 
ExpressCard  форматында  құрылғылардың  номенклатурасын  кеңейту 
үздіксіз  жүргізіледі.  Қазірдің  өзінде  адаптерлердің  көптеген  түрлері  бар: 
бейнекестелер,  сымсыз  желілердің,  цифрлық  телефондық  станциялардың, 
сыртқы  оптикалық  жинақтауыштарының  жəне  басқа  аппараттық 
компоненттердің адаптерлері. 
Бұл құрылғылар карталардың екі типтік өлшемдерімен шығарылады: 
ExpressCard/54 жəнеExpressCard/34 (5.1 сур. қараңыз). 
Екі картаның да габариттік өлшемдері ұзындық (75 мм) жəне қалыңдық 
(5  мм)  бойынша  бірдей,  ал  ені  тиісінше  54 жəне  34  мм  құрады (картаның 
белгіленуіндегі  бөлгіш  —  бұл  картаның  милиметрмен  есептегенде 
картаның  ені).  ExpressCard  құрастырылымы  оларды  ноутбуктің  бір  типтік 
слотына қосуға мүмкіндік береді. 
Ноутбуктердің  тараған  модельдері  жылтыр  жабындысымен  15дюймдік 
экрандармен,  мультиформаттықDVD-жетектермен,  қатты  диск  жетекпен, 
аналогты  модем  немесе  желілік  картамен,  сымсыз  байланыспен, 
ExpressCardслотымен,  екі  немесе  үш  USB  порттарменжəне  пернетақтамен 
толымдалады. 
Әдетте,  ноутбуктердің  84...86  пернесі  бар  пернетақтасы  бар; 
кіріктірілген  манипуляторлар  ретінде  трекбол,  трек-  пойнт  —  арнайы 
икемді  перне,  оның  бүгілісін  саусақпен  курсорды  керек  бағытқа 
жылжытады,  жəне  жиірек  трекпад  —  шағын  сенсорлық  панель 
қолданылады. 
Сенсорлық  панельдің  көмегімен  саусақпен  курсорды  экран  бойынша 
жылжытуға  болады.  Сенсорлық  панельдің  пернелері  пəрмендерді  таңдау 
жəне орындау  үшін қолданылады. Олар кəдімгі екі батырмалық тінтуірдің 
батырмаларына сəйес келеді. Сенсорлық панельдің планкасы нұсқарлармен 
белгіленген жəне кескіндемені айналдыруға арналған. 
Жұмыс  режимдерін  көрсету  үшін  сəуледиодтық  индикаторлар  қол- 
данылады: 
 
 – жұмыс режимінің индикаторы; 


226 
 
 
 
 
– Wi-Fi радиоадаптерін қосу индикаторы; 
 
– аккумулятор зарядталуының жай-күйі индикаторы; 
 – дискжетерге қолжетімділік индикаторы 
 
– Caps Lock индикаторы; 
 – Num Lock индикаторы; 
– оңайлатылған іске қосу индикаторы (бəсең режим). 
 
Бəсең режимді қосқанда процессор желдеткішінің айналу жылдамдығы 
азаяды,  себебі  бұл  режимде  процессор  мен  графика  төмендетілген 
өнімділікпен жұмыс істейді. 
Ноутбуктердің  жүйелік  тақшалары  стандартталмаған  (өндіруші  
олардың  бірегейлендірілуін  бір  модельдік  қатар  шегінде  ғана  қамтамасыз 
етеді).  Негізінен  олар  IntelCentrino  технологиясы  бойынша  жасалған  жəне 
PentiumM  процессорларының  орнын  басқан  бірядролық  жəне  екі  ядролық 
процессорлармен  толымдалады.  Тақшалардың  басым  бөлігі  DDR 
немесеDDR2  типті  жедел  жадының  екі  модулін  орнатуға  жəне  сыртқы 
мониторды қосуға есептелген. 
Енгізу-шығару  порттарын  кеңейту  үшін  жəне  ноутбукты  стационарлық 
шеткері  жабдықпен  тез  қосуды  қамтамасыз  ету  үшін  кейде  офистерде 
түйісу станциясын (док-станцияны) қолданады. 
Ноутбуктердің  басым  бөлігі  қатты  2,5дюймдік  дискжетектерді 
қолданады.  Соңғы  кезде  оларды  SSD  қаттыденелі  жадысына  ауыстыру 
тенденциялары байқалады. 
Ноутбуктерді 
пайдалану 
пайдаланушыларға 
физикалық 
жəне 
ақпараттық табиғаты бар əртүрлі тəуекелдермен байланысты: компьютерді 
ұрлау жəне мəліметтерді рұқсатсыз өзгерту (жою). 
Ноутбукты  ұрлаудың  алдын  алудың  ең  қарапайым  жолы  —арнайы 
құрылғыны — Кенсингтон құлпын пайдалана отырып, оны бір ауыр немесе 
ірі  затқа  (мысалы,  жұмыс  үстеліне)  бекіту.  Құлып  кəдімгі  немесе  кодтық 
құлпы бар иілгіш металл тросы болып табылады. Құлып тілі компьютердің 
корпусына, ал трос құлыптың көмегімен бір затқа сенімді бекітіледі. 
Беріктігі жоғары қорытпадан жасалған иілгіш тростың беріктігі жоғары, 
сондықтан кілтсіз (құпия кодсыз) жəне металл кесетін құралдарсыз мұндай 
қорғанысты жою мүмкін емес. 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау