205
Одан бөлек, оған бір немесе бірнеше CD-ROM дискжетектердің
интерфейстері кіруі мүмкін. Осы модуль арқылы CD-дисктерді қосуға жəне
өзінің жеке компьютерлік музыкаңды дыбыстауға болады.
Дыбысты синтездеудің
осы түрлері цифрлық болғандықтан,
синтезделген сигналдарды шығару үшін АЦТ көмегімен оларды қайтадан
аналогты фонограммаға түрлендіру керек.
Қазіргі дыбыстық тақшалар төмендегідей бөлінеді:
■ цифрлық жазба жəне қайта жаңғырту трактілерін қамтитын дыбыстық
тақшалар;
■ тек қана музыкалық синтезаторы бар музыкалық тақша;
■ бір тақшада дыбыс өңдеуді жəне музыкалық синтезаторды біріктіретін
аралас тақша.
Дыбыстық тақша аналық тақшаның PCIслоттарының біріне карта
түрінде жалғанады жəне дыбысты жазуды, қайта жаңғыртуды жəне
(немесе) синтезді қамтамасыз ететін барлық операцияларды орындайды.
Дыбыс құлаққаптар немесе колонкалар арқылы шығарылады, ол үшін
желілік шығулар көзделген. Стереофониялық режимді қамтамасыз ету үшін
əрбір кіру жəне шығуға екі каналдан (сол, оң)бөлінеді. Одан басқа,
көптеген дыбыстық тақшалардың құрамына:
■ микшер — əртүрлі көздердің сигналдарын араластыру құрылғысы;
■ модемдік жəне ойындық порттар;
■ акустикалық жүйеге арналған қуаты аз күшейткіш кіреді.
Тақшалардың кейбір модельдеріндеTV-тюнерлер орналастырылады.
Дыбыстық тақшада микрофонды жəне желілік шығуды қосу үшін
жалғағыштар бар, ол дыбыстарды жазуға жəне алдағы уақытта өңдеу жəне
қолдану үшін қатты дискте сақтауға мүмкіндік береді.
Тақшаның
желілік
кірулері
құлаққаптарды
жəне
сыртқы
көпканалдыдыбыстыңакустикалық жүйелерін қосуүшін қолданылады.
Желілік кіру сыртқы аудиожүйеден дыбыстық сигналдарды жазу жəне
араластыру үшін қолданылады. Кейбір дыбыстық тақшаларда оны желілік
шығу ретінде қолдануға болады.
Микрофондық кіруге дауысты немесе басқа дыбыстарды жазу үшін
микрофон қосылады. Дыбыстық тақшалардың жеке модификацияларының
микрофондық кіруді желілік шығу ретінде қолдану мүмкіндігі бар, ол
қосымша акустикалық колонкаларды қосуға мүмкіндік беріп, көлемдік
дыбысталудың сапасын арттырады.
Аналогты құрылғыларды қосу үшін негізінен 3,5 мм стандарттық
штекер (істікше) (4.31-сур) қолданылады.
206
4.31
-сур. Аналогты дыбыстық
сигналдың штекері (істікшесі):
1 — корпус; 2 — жер; 3 — сол канал;
4 —оң канал
Типтік дыбыстық тақшаларда джойстик немесе MIDI-құрылғыларды
қосу үшін15-түйіспелі DB-15 жалғағыш қолданылады.
Дыбысты цифрлық өңдеудің жетілдірілуі нəтижесінде фонограм-
маларды көлемді көпканалды қайта жаңғыртудың бірнеше технологиясы
пайда болды,олар тек қана тұрмыстық аудио- жəнебейнеаппаратурада ғана
емес, ДЭЕМ-да кеңінен қолданыла бастады.
Көлемді дыбысталудың бастапқы сұлбасы дəстүрлі 2 каналдық
стереодыбыспен салыстырғанда, төрт каналдан тұрды: сол — L (Left); оң
— R (Right); орталық — C (Center) жəне кеңістіктік — S (Surround).
Кейін аудиожүйелерде 6каналдық цифрлық дыбысқа көшті, олDolby
Digital 5.1 атауына ие болды. Көлемді дыбысталудың осындай жүйесі 20
кГц-ке дейінжиілік диапазонында бес каналдан (сол, оң, орталық, оң
кеңістіктік — RS (Right Surround), сол кеңістіктік — LS (Left Surround)
жəне қалған каналдардан 10 есе кішкентай (20... 120 Гц) жиіліктердің
шектелген жолағы бар алтыншы каналдан тұрды.Сондықтан алтыншы
төмен жиілікті канал «.1» (дыбыстық диапазонның 1/10) белгісін, ал оның
акустикалық жүйесі «сабвуфер» (Subwoofer) атауын иеленді.
Dolby Digital-мен аудиожүйелеркүрделі кеңістіктік əсерлерді қолдануға
мүмкіндік береді жəне шынайы сезулерді тудырады. Дыбыс тыңдаушыға
бес немесе жеті жақтан түсуі мүмкін: орталықтан алға, солға жəне оңнан
алға (жаппай), сол жақтан жəне оң жақтан бүйірлері бойынша (7.1 нұсқасы
үшін), сол жақтан жəне оң жақтан артынан (тылдық), ол акустикалық
жүйелерді 2.0, 2.1, 4.0, 4.1, 5.0, 5.1 и 7.1 сұлбасы бойынша қолдануға
мүмкіндік береді. Қолданылатын шығулардың санына қарай сол жəне оң
жаппай колонкалар, сол жəне оң тылдық колокалар, орталық колонка, сол
жəне оң тылдық колонкалар жəне сабвуфер қосыла алады.
Dolby Digital-дадыбыс өте жоғары сығу коэффициенті бар (12 : 1 аса)
жəне 64...400 кбит/с битрейтті қолдайтын AC3 (Audio Coding-3) компрессия
алгоритмін қолдана отырып, 18 битпен кодталады. MPEG сияқты, AC3қысу
барысында адамның есту арқылы қабылдау ерекшеліктеріне негізделеді, ол
байланыс тасымалдаушыларының немесе каналдарының ақпараттық
сыйымдылығын тиімдірек қолдануға болады.
207
Сосын 6.1 сұлбасы бойынша 7 каналдық Dolby Digital EX жүйесі
əзірленді, онда қоршаған дыбыстың қосымша орталық (тылдық) кеңістіктік
канал көзделген.
Келесі DTS стандарт(Digital Theater System — цифрлық театралды
жүйе) тура сол 5.1 сұлбасын қолданады, бірақ сигналды қысудың азырақ
деңгейі дыбысқа көбірек тереңдікті үстейді, каналдардың жəне сигнал/шу
қатынасының бөлінуін жақсартады. Оның DTS-ES модификациясы6.1
форматында жұмыс істейді.
DTS кодирует звук в 24 битах с динамикалық компрессиямен жəне 1:1-
ден1 :4 - к е д е йі нг і құбылмалы сығу коэффициенті 24 битпен кодтайды.
Бірақ, Dolby Digital-мен салыстырғанда 1,5 Мбит/с-ке дейінгі
битрейттесапалы дыбыс алып, жады көлемін үш еседен аса көбейтуге тура
келеді.
Dolby Digital технологиясы DVD, мультимедиялық қосымшаларда
қолданылады жəне сегіз каналдан бастап (7.1 сұлбасы) кəдімгі екі каналдық
стереоға дейін (R жəнеL) қолданыла алады.
Әдетте, ДЭЕМпайдаланушысының жұмыс орны кеңістіктік тұрғыдан
шектелген, бірақ екі акустикалық жүйеден артық қолдануға мүмкіндік
бермейді. Dolby Digital-да кодталған музыканы екі акустикалық жүйеде
немесе құлаққаппен тыңдау үшін Virtual Surround технологиясы
(виртуалдыққоршау) қолданылады, ол 2 каналдық дыбысты көлемді
ретінде субъективті қабылдауға мүмкіндік береді.
Разpядтылық, дискреттеу жиілігі, каналдардың саны, дуплекстік
режимде жұмыс істеу, синтез əдісіжəне синтезатор паpаметpлері,
қолдайтын арнайы əсерлер, қолданыстағы стандарттармен үйлесімділік
жəне қосымша функционалдық мүмкіндіктер дыбыстық карталардың
негізгі сипаттамалары болып табылады.
Дыбыстық карталардың аппараттық мүмкіндіктерін тиімді қолдану
үшін дыбыс жазудың əртүрлі бағдарламалары қолданылады: MPEG
файлдарын қайта кодтау, сөйлеуді айырып тану (мəтіндерді дыбыстау
үшін), создания MIDI-файлдарды, MP3 жəнеWAV файлдарын жəне т.б.
4.5.2. Акустикалық жүйелер
Дыбыс жаңғыртудың сапасы көбінесе өтпелі трактінің (дыбыстық карта
— күшейткіш колонкалардан құралатын акустикалық жүйе) электр
акустикалық параметрлерге (мысалы, АЖС) жəне олардың жайда
тыңдаушыға қатысты орналасу сұлбасына тəуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |