Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет70/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   107

214 
 
желілерін  қиып  өтіп,  өз  шығуларында  айнымалы  кернеу  құрады.  Мұндай 
микрофонның  қарапайым  құрылымы  жəне  шағын  габариттік  өлшемдері 
бар,  пайдалануда  сенімді.  Қайта  өндірілетін  жиіліктердің  диапазоны  — 
30...15 000 Гц. 
Таспа  типтіэлектрдинамикалық  микрофондакатушканың  орнына 
магниттік  өрістеөте  жұқа  (шамамен  2  мкм)  алюминийжұқалтырынан 
жасалған  кеңірдекті  таспа  орналасқан.  Бұл  микрофон  ең  алдымен 
студиялардан  музыкалық  хабарлар  үшін  қолданылады.  Қайта  өндірілетін 
жиіліктердің диапазоны — 50... 15 000 Гц. 
Электрстатикалық  конденсаторлық  микрофондадыбыстық  қысым 
жұқа  металл  мембранаға  ықпал  етіп,  электр  конденсаторының 
пластиналары  болып  табылатын  металдық  қозғалмайтын  корпустың 
арасындағы 
қашықтықты, 
демек, 
сыйымдылықты 
да 
өзгертеді. 
Мембрананың  сыйымдылығы  мембранаға  ықпал  ететін  дыбыстық 
қысымның  жиілігімен  бірге  өзгереді.  Пластиналарға  тұрақты  кернеуді 
жеткізу  конденсатор  арқылы  тоқтың  пайда  болуына  алып  келеді,    оның 
күші дыбыстық жиілік тербелістерімен бір ырғақпен өзгереді. 
Микрофонның  жоғары  шығу  кедергісі  бар  жəне  жеткілікті  күшті 
сигнал(ондаған  милливольт)  береді,  бірақ  ол  сыртқы  қорек  көзін  қажет 
етеді  (əдетте  3.4  В).  Кей  микрофондардакіріктірілген  қорек  көзі 
қолданылады. Қайта өндірілетін жиіліктердің диапазоны — 30... 15 000 Гц. 
Бұл  микрофондардыбыс  жазу  жəне  дыбыс  жіберудің  жоғары  сапалы 
жүйелерінде қолданылады. 
Электрстатикалық  электреттік  микрофондар  жұмыс  істеу  принципі 
бойынша  конденсаторлық  болып  табылады,  бірақ  ондағы  тұрақты  кернеу 
мембранаға  жұқа  қабатпен  жағылған  электрет  зарядымен  қамтамасыз 
етіледі,  бұл  қабат  зарядты  ұзақ  уақыт  бойы  сақтайды  (30  жылдан  аса). 
Электреттер  —  бұл  электрлендіруді  тудырған  сыртқы  ықпал  алынғаннан 
кейін ұзақ уақыт бойы электрленгенкүйде қалу  қабілеті бар диэлектриктер 
(тұрақты  магниттердің  электр  аналогтары).  Электреттер  тұрақты  электр 
өрісінің көздері ретінде қолданылады. 
Пьезоэлектрлік  микрофондадыбыстық  тербелістер  пьезоэлектриктен 
жасалған пластинаға ықпал ете отырып, оның бетінде электр зарядтарының 
пайда болуына алып келеді. Электрсерпімді деформацияларда электр  өрісі 
болмағанда  кристалл  поляризациясы  барысындапайда  болады  (тура 
пьезоэлектрлікəсер). Қайта өндірілетін жиіліктердің диапазоны — 100 
...5000 Гц. 


215 
 
Электромагниттік  микрофондадыбыстық  толқындар  болат  якорьмен 
қатты  байланыстырылған  мембранаға  ықпал  етеді,  оның  тербелісі 
барысында  якорьдің  үстінен  оралған  сымның  қозғалмайтын  катушканың 
шығуларында тұрақты магниттің саңылауында кернеу пайда болады. Қайта 
өндірілетін жиіліктердің диапазоны — 300... 5000 Гц. 
Барлық  сымдық  микрофондардыңДЭЕМ-ның  дыбыстық  тақшасына 
жалғану үшін стандарттық 3,5 мм штекер бар. 
Стереофониялық  радиохабар  жəне  дыбыс  жазуда  екі  бірдей  біржақты 
бағытталған  микрофондар  (жиі  конденсаторлықнемесе  электрдинами- 
калық) жүйесін қолданады. Олар жалпы корпуста бірінен кейін бірі тығыз, 
диаграммалары  бір-біріне  90°  бұрышпен  бағытталатындай  етіп  орналас- 
тырылады (стереофониялық микрофон). 
Микрофондардың сипаттамаларында бағытталу диаграммасының түрі, 
1 кГц жиілікте сезгіштік (децибелмен), өткізу жолағы (герцпен), шығу 
кедергісі (килооммен) көрсетіледі. 
 
 
4.5.5. Тюнерлер 
Тюнер  (ағылш.tuner  —  баптаудың  радиомеханизмі)  жоғары  жиілікті 
эфирлік  радиосигналды  қабылдау  жəне  қайта  модуляциялауға  арналған 
жəне ДЭЕМ құрылғыларының мультимедиялық класына жатқызылады. 
Тюнерлердің жақсы сезгіштігі бар, радио жəне телехабарларды тұрақты 
қабылдауды,  бейнемагнитофондар,  бейнекамераларды  қосуды  жəне 
бейнеконференциялар өткізуді қамтамасыз етеді. 
Конструктивтікорындалуы  бойынша  тюнерлер  сыртқы  (ДЭЕМ-ғаUSB 
арқылынемесе  бейнеадаптермен  монитор  арасына  қосылады),  ішкі  (ISA, 
PCI,  немесе  PCI  Express  кеңейту  слоттарына  қондырылады)  жəне 
бейнетақшаға кіріктірілген болып бөлінеді. Дыбысты қайта жаңғырту үшін 
тюнерлер дыбыстық тақшаны қолданады. 
S-Video біріктіргіші TV-тюнерлердің басым  бөлігінде қолданылады, 
себебі оны тұрмыстық бейнеаппаратураның көптеген құралдары қолдайды. 
Функционалдық мақсаты бойынша  тюнерлерFM-тюнерлерге  (радио- 
қабылдағыштар)  жəнеTV-тюнерлерге  (телевизиялық  қабылдағыштар) 
бөлінеді, бірақ біріккен FM/TV-құрылғылар да шығарылады. 
Кез  келген  тюнердің  құрамына  телевизиялық  жəне  радиосигналды 
қабылдауға  жəне  каналдардың  селекциясына  жауап  беретін  қабылдау 
антеннасымен  тікелей  байланысты  жоғары  жиілікті  блок  кіреді.  Оның 
сезгіштігін,  бірінші  кезекте,  қабылдау  сапасы  жəне  тюнердің  кедергіге 
төзімділігі анықтайды. 


216 
 
Қазіргі  тюнерлер  микросхема  негізінде  орындалған  жартылай 
өткізгіштік  жоғары  жиілікті  блоктарды  қолданады.  Олардың  қабылдау 
сапасының  жоғры  болғаны  соншалықты,  олар  өндірісте  күрделі  жəне 
қолмен  баптауды  қажет  ететін  индуктивтілігі,айнымалы  (құрылыстық) 
конденсаторлары мен транзисторлары бар дəстүрлі экрандалған блоктарды 
ығыстыра бастады. 
FM-тюнерлер  62...108  МГц  жиілік  жолағында  радиодиапазонды 
сканерлей  отырып,УКВ  (FM-  диапазон)  радиостанцияларды  қабылдауды 
қамтамасыз  етеді.Әдеттегідей,  тюнер  баптау  процесінде  каналдарды 
белгілеп, дыбысты жіберу форматын (моно немесе стерео) анықтайды. 
Тюнерлер  қашықтықтағырадиостанцияларды  тыңдауда  жəне  кəдімгі 
сыртқы антеннаны  қолдануда  əлсіз сигналдарды  қабылдау  үшін жеткілікті 
сезгіштікке  ие.  Қазіргі  тюнерлер  тек  стандарттыFM  жəнебасқа 
диапазондарды  ғана  емес,  жаңа  цифрлық  стандарттардың  сигналдарын  да 
қабылдай отырып, дыбыстың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. 
TV-тюнер  950...2  150  МГц  жиілік  диапазонындағы  цифрлықжəне 
аналогты телеканалдарды қабылдауға жəне тыңдаушыға: 
■  теледидарлық бағдарламаларды мониторда көруге; 
■  бейнесигналдың сыртқы көздерін қосуға; 
■  жеке бейнекадрларды жəне ағындық бейнекөріністі жазуға (басып 
алуға); 
■  үй жағдайында əуесқой жəне кəсіби түсірілімнің компьютерлік 
бейнемонтажын жасауға мүмкіндік береді. 
Бейнекарта мен монитордың ортасына қосылатын сыртқы TV-тюнерлер 
ДЭЕМ-ның  қатысуысыз  жұмыс  істейді,  себебі  телевизиялық  кескіндемені 
тікелей 
мониторға 
шығарылады. 
Басқа 
тюнерлер 
кескіндемені 
қалыптастыру  үшін  бейнетақшаны  жəне  компьютердің  есептеу  ресурсын 
іске қосады. 
Жоғары  жиілікті  блоктан  басқа  аналогты-цифрлық  түрлендіргіш  те  кез 
келген  компьютерлікTV-тюнердің  маңызды  бөлігі  болып  табылады,  бұл 
түрлендіргіш  дискретті  ДЭЕМ  аналогты  телевидениені  қабылдауды 
қамтамасыз  ету  үшін,  ал  цифрлықTV-тюнерде  (егер  ол  аналогты 
бейнекірулермен 
жабдықталса) 
— 
сыртқы 
бейне-жəне 
аудиоқұрылғылардың сигналдарын түрлендіру үшін арналған. 
Қазіргі  TV-тюнерлерде  компьютер  процессорларын  босату  үшін  жиі 
MPEG-1, MPEG-2 аппараттық қысуды қолдайтын аппараттық кодтаушылар 
қолданылады. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау