227
Ноутбукты зиянкестерден қорғаудың тағы бір амалы — РС-
карталардың көмегімен қозғалыс датчиктерін жəне дыбыстық сигналды
қолдану. Бұл құрылғылар компьютерді орнынан жылжыту талпынысы
жасалғанда, орнынан 100...110 дБ деңгейімен (адам үшінауырту шегі —
шамамен 130 дБ) дыбыстық сигнал береді, ол бұзақыны үркітеді. Сигнал
берудің қосу деңгейін жəне дыбыстық сигналдың түрін опциальді таңдауға
болады. Одан бөлек, PC-карта баптауға қарай деректерді жоюды немесе
деректерді қатты дискте шифрлеуді жүзеге асыра алады; қосымша
қорғаныс үшін жұмсақ кабель қолданылады, оны зақымдау дабылдың
қосылуына алып келеді.
Радиоканал базасында қашықтықтан қорғау дыбыстық сигнал берудің
тағы бір түрі болып табылады. Таратқыш сөмкеде орналастырылады
немесе
ноутбукқа
бекітіледі,
ал
кішкентай
салпыншақ
-
қабылдағышпайдаланушыда болады.
Корпоративтікқұпия ақпарат қауіпсіздіктің едəуір кепілдіктерін талап
етеді, олар саусақ ізтаңбаларының оптикалық сканердің, USB-кілт пен
смарт-картаның қолданылуыменжария қолжетімділіктің аппараттық-
бағдарламалық əдістермен қамтамасыз етіледі.
Пайдаланушыны ажыратудың жеткілікті қарапайым жəне сенімді жолы
— саусақ ізтаңбаларын сканерлеуді пайдалану (ноутбуктердің жеке
модельдерінің құрамында осындай сканерлер бар). Адамды танубір немесе
бірнеше саусақтарының папиллярлық сызықтары бойынша жүзеге
асырылады (саусақтардың ізтаңбалары компьютерге алдын ала енгізеді).
Барлық ноутбуктерUSB-порттармен жабдықталатындықтан, қолжеткізу
кодтарын жəне шифрлеу кілттерін сақтайтын флэш-жадынегізіндегі USB-
кілттерді қолдану одан да оңай.
Смарт-карталардың қолданысы шектеулі, себебі оларды оқу
үшінкартридердің болуы қажет.
Саусақ ізтаңбаларын ұқсату мүмкін емес, смарт- карталар менUSB-
кілттерді жалған жасау — өте қиын, бірақ олар жоғалып қалуы немесе
ұрлануы мүмкін.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Ноутбуктар үстелүсті ДЭЕМ-нан несімен ерекшеленеді?
2. Ноутбуктардың түрлерін және оларды қолдану салаларын
атаңыз.
3. Ноутбуктар қандай негізгі тораптардан құралады?
4. Ноутбуктарды пайдалану ерекшеліктерін атаңыз.
228
5. Ноутбуктарды сақтау үшін қандай техникалық жабдықтар
қажет?
6. Планшеттік ноутбуктар ноутбуктардың басқа түрлерінен
несімен ерекшеленеді?
7. Неге ноутбуктарды стандарттау мүмкін емес?
5.2.
ҚАЛТА КОМПЬЮТЕРІ
Сырттай қарағанда кең тараған калькуляторға ұқсайтын электрондық
органайзерлер (электрондықжазба кітапшалар) қалта дербес компью-
терлерінің прототипі болды. Органайзерлерің функционалдық мүмкін-
діктерін өндіруші бағдарламаланды, ал пайдаланушыға іскерлік ақпаратты
сақтау үшін жадының шектеулі көлемі, оны өңдеу үшін оңайлатылған
мəтіндік редактор жəне бірнеше жолға шағын монохромды СК-дисплей
қолжетімді болды.
Сосын бір қолдың алақанына сыятын, салмағы 500 г дейін палмтопдар
(алақанша) əзірленді.
Palm OS жəнеWindows CE операциялық жүйелерінің құрылуы мен
дамуымен бірге ҚДК-ның қазіргі нақты түрлері іске асырылды. Операция-
лық жүйелер ҚДК-ға басқаДЭЕМ-мен ақпарат алмасуғажəне оларды жергі-
лікті жəне жаһандық компьютерлік тораптарға қосуға мүмкіндік береді.
ОЖ заманауи нұсқалары сапалы графика мен дыбыс, жадының үлкен
көлемдерін қолдауды қамтамасыз етіп, ҚДК-ның ресурстық мүмкіндіктерін
ұлғайтады жəне ноутбуктарға жақындатады.
Барлық толымдаушылар өте кішкентай (қорпуссыз орындалу) жəне
баспа тақшасында тығыз біріктірілген, соның арқасында ҚДК-ның салма-
ғышамамен 200 г құрайды жəне алақанға оңай сыяды(сондықтан оларды
алақанша деп атайды).
Барлық ҚДК-да түрлі-түсті экрандардың болуы жəне 1980-жж. ДЭЕМ-
мен салыстырғанда өнімділіктің айтарлықтай жоғарылуы маңызды өзгеріс
болды.Процессордың тез əрекеттігі мультимедиялық қосымшалардың
басым бөлігін орындауға əбден жеткілікті.
ҚДК-ның
ауқымды
модельдік
қатарыолардың
функционалды
мүмкіндіктеріне қарай шартты түрде жоғары, орта жəне бюджеттік класқа
бөлінеді.
Жоғары класты ҚДК-ның ортақ қасиеттері:
■
жоғары өнімділік (520... 624 МГц);
■
IrDA, BluetoothжəнеWi-Fi сымсыз байланыс модульдерінің болуы;
■
128 Мбайт-қа дейін көбейтілген жедел жады көлемі;
■
көлемі 4 Гбайтқа дейінгі ауыстырылмалы флэш-карталар;
■
рұқсаты 480 х 640 пикселге дейін экранның болуы.
229
Орта класты ҚДК-да процессордың жиілігі 400...520 МГц құрайды,
ЖСҚ — 64 Мбайт, рұқсаты 320 х 480 пиксел экраны бар. Модельге
байланысты IrDA, немесеBluetoothмодульдеріжəнеWi-Fi болуы мүмкін.
ҚДК-ныңбюджеттік класы саны жағынан көп жəне сұранысқа ие класс
болып табылады, ол негізінен жиілігі 300 МГц дейін процессорларменжəне
көлемі 32 Мбайт жады модульдерімен, 320 х 320 пикселге дейін экран
рұқсатымен жабдықталған. Сымсыз байланыс үшін BluetoothнемесеIrDA,
сирек—Wi-Fiмодулі болуы мүмкін.
Біраз ҚДК-ның жадыны ұлғайту жəне сыртқы құрылғыларды қосу үшін
кеңейту слоттары бар. Тұрақты жады көлемін арттыру қатты денелі флэш-
карталардың келесі стандарттарымен жүзеге асырылады: CompactFlash,
MultiMediaCard, SecureDigital, MemoryStickжəне т.б.
БарлықҚДКдиагоналі 3,5.4,0 дюймнан кем емес түрлі-түсті экрандары
бар. Экрандар басуларға сезгіш жəне ақпаратты кескіндеу, енгізу,
редакциялау немесе басқару үшін пайдаланылады, ол үшінарнайы
пассивтіқауырсын(стилус) немесе саусаққолданылады.
Қалта компьютерініңқұрастырылымы күрделі емес. Корпус, əдетте,
алдыңғы панельден жəне аккумулятормен біріктірілген артқы қақпақтан
тұрады.
ҚДКдисплейі — ең күрделі торап. Ол көмескі жарық құрылғысы бар
СК- матрица жəнесенсорлық панельден тұрады.
Дисплейлер екі түрлі болады: рефлективтіжəне трансфлективті.
Рефлективті дисплейдекөмескі жарық матрица кристалдарының
алдында орналасады. Жарық экранның ішіне арнайы сындырушы
қабатшамен сəулеленіп, кристалдардан өтеді, төсеніштен сəулеленіп,
сыртқа шығады.
Трансфлективтідисплейдекөмескі
жарық
пен
арнайы
пішінді
шашыратқыш төсеніш матрица кристалдарының артында орналасады.
Мұндай экранның кескіндемесі ашық, энергияны тұтыну рефлективті
экранға қарағанда айтарлықтай төмен.
Энергияны тұтынуды азайту үшін ҚДКкейбір модельдерінде экранның
көмескі жарығы қарқындылығының сыртқы жарықтанудың өзгеруіне
автоматты бейімделу мүмкіндігі бар.
Экраннан жоғары орналасатын сенсорлық панель дисплейдің басқа
құрамдас бөлігі болып табылады. Ол икемді үлпектен жəне шыны негізден
тұрады. Үлпекке мөлдір тік өткізгіштер, шыныға — көлденең өткізгіштер
келтірілген. Одан бөлек, шыныда мөлдір пластиктің майда нүктелері бар,
олар кездейсоқ механикалық ықпалдар барысында (мысалы, корпус
шайқалғанда)өткізгіштердің тұйықталуының алдын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |