Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет68/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   107

208 
 
Дыбыс сапасына акустикалық жүйенің колонкаларында орнатылған дауыс 
зорайтқыштардың (динамиктердің) параметрлері де ықпал етеді. 
ДЭЕМ-ға  дыбысты  ендіружүйелік  блоктың  корпусына  кіріктірілген 
қарапайым  динамиктен  басталған,  ол  қазір  негізінен  апаттық  жағдай 
туралы  дыбыстық  дабыл  беру  үшін  қолданылған  жəне  қазір  де 
қолданылады. 
Дыбыс  берілудің  монофониялық  (бірканалдық)  жүйесі  бойынша 
жаңғырту сапасы табиғи дыбысталуынан едəуір ерекшеленді. Дыбыстарды 
бір  динамиктен  табиғи  көлемді  көзге  таратудың  сəйкессіздігі  де  
акустиканы нашарлатты. 
Жағдай  алғашқы  дыбыстық  карталар  пайда  болғалы  бері  өзгерді,  олар 
құлаққаптарды  жəне  екі  пассивті  (қосымша  күшейтусіз)  колонканың  —  іс 
жүзінде  қарапайым  динамиктердің  көмегімен  стереофонияны  қамтамасыз 
ете алды. 
Динамиктердің  жұмыс  істеу  принципі  қозғалмалы  сəуле  таратушыда 
орналасқан  катушканың  айнымалы  магниттік  өрісі  мен  тұрақты  магнит 
өрісінің  өзара  əрекеттесуіне  негізделген.  Нəтижесінде  жеткілікті  қуатты 
дыбыс  жəне  жаңғыртылатын  жиіліктердің  ке  диапазоны  пайда  болады. 
Сəуле  таратушы  ретінде  диффузор  (конус)  немесе  жазық  мембрана 
қолданылады.  Мембранасы  бардинамиктер  өте  кішкентай  өлшемдерге 
(əсіресе тереңдікке) ие, бірақ жиілік қуаты мен ені азырақ. 
Сəуле  таратушы  динамиктердің  акустикалық  ресімделуіакустикалық 
жүйенің  дыбысталуына  ықпал  ететін  маңызды  факторлардың  бірі  болып 
табылады.  Корпусы  жабық,  динамикалық  диффузор  фронталды  панельге 
шығарылған акустикалық жүйелер кеңінен қолданылады. 
Кез  келген  акустикалық  жүйенің  құрамына  пассивті  элементтерден 
басқа  белсенді  торап  —  электрондық  күшейткішкіреді,  онсыз  қазіргі 
дыбысжаңғырту  мүмкін  емес.  Бұл  блок  бірнеше  функция  орындайды. 
Біріншіден,  күшейткіш  кіру  сигналының  қуатын  арттырады;  екіншіден, 
оның  жиілік  сипаттамасын  тегістейді;  үшіншіден,ДЭЕМ  əртүрлі  көздері: 
DVD/CD-дискжетектер,  қатты  дисктер,  тюнерлержəне  т.б.  сигналдарын 
өңдеуді қамтамасыз етеді. 
Барлық  заманауи  компьютерлік  колонкаларкөпжолақты,  себебі  бір  де 
бір  қазіргі  динамик  адамның  құлағы  қабылдайтын  жиіліктердің  кең 
диапазонын 
қайта 
жаңғырта 
алмайды. 
Сондықтан 
колонканың 
корпусынабірнеше  динамик,  көбінесе  екі  динамик  орнатылады:  жоғары 
жиілікті (2-ден 15... 20 кГц дейін) жəне орташа жиілікті (100 Гц-тен 10 кГц 
дейін).  Төмен  жиілікті  динамик(20...150  Гц),  əдетте,  жеке  корпусқа— 
сабвуферге шығарылады. 


209 
 
Сабвуферлер 
үшін 
динамиктің 
диффузоры 
колонканың 
бет 
панелінешығарылмаған,  корпустың  ішінде,  қалқада  орналастырылған 
акустикалық жүйе қолданылады. 
Сабвуферге  теңгерімді,  дыбыс  қаттылығының  деңгейі,  төмен  жəне 
жоғары  жиіліктерді  қолмен  реттейтін  күшейткіш  жəне  фронталды 
(жаппай)жəне  тылдық  колонкаларды  қосу  үшіншығуы  бар  күшейткіш 
кіріледі 
Динамиктердің  параметрлерісапалы  дыбысты  қамтамасыз  етуде 
маңызды  рөл  атқарады,  бірақ  көп  нəрсе  колонка  корпустарының 
құрастырылымына  да  тəуелді,  сондықтан  ағаштан  жасалған  колонка 
корпустарын  қолданған  жөн,  себебі  дəл  осы  материал  дыбыс  тазалығын 
қамтамасыз ететіндей жақсы сіңіруші қасиеттерге ие. 
Акустикалық 
колонкаларпассивтікжəне 
активтік 
(кіріктірілген 
күшейткішімен болып бөлінед. 
Акустикалықжүйелер келесі параметрлермен сипатталады: 
■  қуат; 
■  жиіліктік диапазон; 
■  гармоникакоэффициенті (дыбыстың бұрмалануы); 
■  амплитудалық-жиліктік сипаттама (дыбыстық қысымның орташалан- 
дырылған деңгейінің жиілікке тəуелділігі; 
■  сезгіштік (сəуле таратушылардың дыбыстық қысымы деңгейінің 
келтірілетін электр қуатына деген қатынасы). 
Қазіргі  кезеңде  екі  колонкалы  қарапайым  стереожүйе  2.0  деп  
белгіленеді  (бірінші  сан  колонкалардың  сан,  екіншісі—сабвуферлердің 
саны). 
Алғашқы  көпканалдық  акустикалық  жүйелердің  4.0  деген  белгілері 
болған, оның құрамына тиісінше төрт колонка кірді (екеуі фронталды жəне 
екеуі тылдық), 4.1 сұлбада сабвуфер қосылды. 
Акустикалық жүйелердің келесі түрі əлдеқашан толыққанды 6 каналдық 
көлемді  дыбысқа  сəйкес  келеді.  Сөз  5.1  акустикасы  туралы  етіледі,  оның 
құрамына  екі  фронталды  колонка,  екі  тылдық,  бір  орталық  колонка  жəне 
екі сабвуфер кіреді. 
Сапалы  акустика  үшін  орталық  жəне  фронталды  колонкаларда  əдетте 
екі  кең  жолақты  жəне  бір  жоғары  жиілікті  динамик  орнатады.  Тылдық 
колонкаларүшөлшемді 
арнайы 
əсерлерді 
құруда 
музыкалық 
композицияларға  қолдауды  жүзеге  асырады.  5.1  жүйесін  ДЭЕМ  негізінде 
үй кинотеатры үшін минималды жеткілікті деп есептеуге болады. 
Жуырда  7.1  жəне  7.2  9-8  каналдық  жүйелер  қолданыла  бастады  (олар 
өтек  ұқсайды).  Бұл  акустикада  тағы  екі  колонка  қосылды  —  тылдық 
орталық, ал 7.2 жүйесінде екі сабвуфер қолданылады. 


210 
 
4.5.3.Құлаққаптар 
Құлаққаптар,  немесе  бас  телефондар,  сөйлеу,  музыка  жəне  басқа 
дыбыстық сигналдарды тыңдау үшін арналған. 
Орнату  орны  бойынша  құлаққаптарқыстырмалы  (құлақ  қалқанына 
бекітіледі),  каналішілік  (құлақ  өзегіне  енгізіледі)  жəне  жапсармалы 
(құлаққа тағылады). 
Құлаққаптарда  негізінен  жазық  мембраналы  сəуле  таратушылар 
қолданылады. 
Құлаққаптарды  шығаруда  дыбыстың  жақсы  сапасы  үшін  арнайы 
материалдарды:  жоғары  жиіліктер  саласында  сезгіштікті  жақсартатын 
титан  немесе  дыбыс  бұрмалануларын  азайтатын  неодим,  темір  жəне  бор 
қорытпаларынан  аса  қуатты  магниттер  қолданады.  Құлаққаптарды  ұзақ 
уақыт  бойы  тағатындықтан,  пайдаланушыға  құлаққаптың  салмағы, 
габариттік  өлшемдеріне  жəне  олардың  құлаққа  қысымына  байланысты 
қажетті  ыңғайлылықты  қамтамасыз  етудің  маңызы  зор.  Сондықтан  кейде 
жапсармалы  құлаққаптардың  «тостағандарын»  шарнирлерге    орнатады, 
яғни айналмалы етеді. 
Пайдалану  ыңғайлылығына  ықпал  ететін  жəне  құлаққа  қысымды 
азайтатын  амбушюрлардың  құрастырылымы  де  маңызды.  Амбушюрлар  — 
құлаққаптың  ішкі  жағында  орналастырылған  жұмсақ  төсемдер. 
Амбушюрлардың  құрастырылымы  жапсармалы  немесе  құлақты  қорғап 
тұрған валик түрінде болуы мүмкін. 
Қарапайым  құлаққаптар  жапсармалы  амбушюрлармен  —  құлақ 
қалқанын  қапсырмайтын,  тек  жанасатын  жұмсақ  жастықшалармен 
жабдықталған.  Құлаққаптардың  көптеген  модельдерінде  құлақ  қалқанына 
қысымды  едəуір  төмендететін  құлақты  қоршайтын  амбушюрлар    бар. 
Валигі  бар  амбушюралар  тұйық  кеңістікті  қалыптастырады  жəне  төмен 
жиіліктерді жақсырақ қалыптастырып, сыртқы кедергілерді бұғаттайды. 
Құлаққаптарашық  (жартылай  жабық)  жəне  жабық  типті  болады.  Ашық 
типті  құлаққаптардың  сыртқы  бетіндеəдетте  шілтер,  темір  тор  немесе 
шағын  тесіктері  болады  жəне  құлақты  қоршаған  ортаның  шуларынан 
оқшауламайды. 
Жабық  типті  құлаққаптар  акустикалық  орта  құрады,  сондықтан  дыбыс 
қаттылығының  аз  деңгейлерінде  сыртқы  ортаның  шу  кедергілерін  жақсы 
бұғаттайды. 
Жаңа  технологиялар  —  интернет-телефония,  бейнеконференциялар, 
интерактивтік  оқыту,  сөйлеуді  тану  —  құлаққапты  микрофонмен 
конструктивтік  біріктіру  қажеттілігіне  жəне  мультимедиялық  гарниту- 
ралардың шығарылуына алып келді. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау