Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет2/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107


 
  кəсіпорындардың,  ұйымдар  мен  азаматтардың  телекоммуникациялық 
желілерге,  ортақ  қолжетімділікті  кітапханалар  мен  мəліметтер  базала- 
рына,  ғылыми-техникалық  ақпарат  архивтеріне  арналған  көпшілік  қол- 
жетімділік инфраструктурасының дамуы. 
АКТ  саласындағы  кəсіби  білім  беруді  дамыту  бағдарламаның  тек 
мақсаты  болып  қана  табылмай,  сондай-ақ  оның  барлық  компоненттерінің 
даму шарты бола отырып, оның басымдылықтарының құрамына кіреді. 
Жаңа сандық технологиялардың əсері қоғам қызметі мен жеке адамдар- 
дың барлық бағыттарына əсер етеді. Осы технологиялармен құрастырылған 
электронды  есептеуіш  машиналар  өзінің  дамуының  ұзақ  тарихи  жəне 
эволюционды жолын өтті. Олар ақпаратты ұжымдық жəне дербес өңдеудің 
тез,  сенімді  жəне  эффективті  электронды  есептеуіш  құрылғыларына 
айналды.  Дербес  компьютер  жеке  адамдар  мен  офис, мекеме  жəне  меншік 
түрі  əртүрлі  ұйымдардың  қызметкерлерінің  ең  кең  тараған  құралына 
айналды. 
«Электронды  есептеуіш  машина»,  «сандық  есептеуіш  машина», 
«компью-тер» терминдері халықаралық болды жəне олар орыс тілінде 
қабылданған. 
Дербес ЭЕМ (ДЭЕМ) сияқты күрделі құралды дұрыс таңдау үшін жəне 
эффективті  эксплуатациялау  үшін  қолданушы  бағдарламалық  құралдарды 
қолдану  бойынша  ғана  емес,  ЭЕМ  құралдарының  шеткері  құрылғысының 
ішкі,  сыртқы  архитектурасы,  олардың  аппаратты  жүзеге  асырылуы  жəне 
оның  жұмыс  істеуінің  физикалық  үрдістері  бойынша  қажетті  жəне 
жеткілікті білімге ие болу керек. 
Процессорлар мен жады көлемдерінің өнімділігінің, сенімділіктің өсуін 
жəне  аппаратты  құралдарының  энергия  тұтынуын  төмендетуді  үнемі 
қамтамасыз  ететін  ДЭЕМ-нің  құраушы  бөліктерін  микроминиатюризация- 
лаумен есептеуіш жүйелерді модернизациялау бойынша ғана емес, сондай- 
ақ  басқа  да  дамушы  салаларға:  радиобайланыс,  телекоммуникационды 
техника,  басқару  жүйелері  жəне  т.б.  арналып  аппаратура  ұрпақтарының 
əртүрлі  жаңа  түрлерін  жасау  бойынша  маңызды  мəселелер  үздіксіз 
шешіледі. 
ЭЕМ-нің  элементтік  базасын  дамытып,  мəліметтердің  кез-келген 
түрлерін  машиналық  өңдеуге  негізделген  алгоритмдерді,  экспертті 
жүйелерді  жасап,  жəне  компьютерлердің  интеллектуалдылығын  көтере 
отырып,  əлемдік  қоғамдастық  өзінің  барлық  қызметтерін  революционды 
түрлендіруге арналған шарттарды жасайды. 
Электронды  есептеуіш  машиналардың  аппараттық  құралдарын 
жетілдіру  техникаға  іргелес  салаларға  арналған  элементтік  базаны 
жасаудың жəне «қатал» (бағдарламаланбайтын) логиканы жеке құрылғылар 
мен толық комплекстердің бағдарламалық принциптеріне алмастырудың 



 
жаңа тəсілдердің қалыптасуына тікелей əсер еткен жəне əсер етіп жатыр. 
ЭЕМ құрылуының аппаратты негіздерін зерттеу кез-келген компью- 
тердегі  саналы  қолдануға  ғана  емес,  сондай-ақ  ақпараттықкоммуника- 
циялық технологияларды жəне басқа техника салаларын меңгеру үшін де 
жеткілікті білімнің жаңа деңгейін береді. 



 
   
1 тарау 
 
ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАНЫҢ 
ЭВОЛЮЦИЯСЫ 
 
 
 
 
 
    
1.1.   
ҚОЛДАНУ АЙМАҚТАРЫ 
 
Есептеуіш  техника  құралдарының  эволюциясы  электронды  есептеуіш 
машинасының қолдану аймағының үздіксіз кеңеюіне себепкер болады. 
Заманауи  қоғамда  миллиондаған  аналогты  (үздіксіз  əрекетті),  сандық 
(дискретті  əрекетті)  жəне  гибридті  (аналогты-сандық)  электронды 
есептеуіш машиналар (ЭЕМ) жұмыс істейді. 
Аналогты  электронды  есептеуіш  машиналар  тоқ,  кернеу,  фаза, 
электромагниттік  өріс  кернеулігі,  механизмнің  бұрылу  бұрышы  жəне  т.б. 
үздіксіз  шамаларының  айнымалы  мəндерімен  пайдаланылады.  Олар  
қажетті тез əрекеттікті қамтамасыз етеді, бірақ есептеудің жоғары дəлдігін 
жəне аз универсалдылықты қамтамасыз етпейді. 
Сандық  электронды  есептеуіш  машиналар  екілік  кодпен  берілген 
ақпаратты өңдеуге арналған. 
Гибридті  электронды  есептеуіш  машиналар  аналогты  жəне  дискретті 
ақпараттарды  өндіруге  қабілетті  жəне  жоғары  тезəрекеттік  пен  жоғары 
есептеу дəлдігіне ие. 
Аналогты  жəне  гибридті  ЭЕМ-дер  шектеулі  қолданысқа  ие  жəне 
негізінен  əртүрлі  моделдеу  стендтерінің  құрамында  жəне  техниканың 
күрделі  үлгілерін  сынау  кезінде  ғылыми-зерттеу  мекемелерінде 
қолданылады. 
ЭЕМ  өзінің  əмбебаптылығы  үшін  ғылым  мен  техниканың  барлық 
салаларында  кең  тараған.  Ресейдегі  ЭЕМ  теңдестірілген  паркінің  жасалуы 
күрделі  ұлттық  мəселе  болып  табылады,  оның  шешіміне  ғылым  мен 
техника  салаларындағы  жетістіктер  өсімі,  зияткерлік  меншіктің 
жинақталуы ғана емес экономикалық тəуелсіздік пен мемлекет қауіпсіздігі 
де тəуелді. 



 
Ресейдің  заманауи  машиналық  орталығы  айтарлықтай  əртүрлі  тактика- 
техникалық  сипаттамаларға  (тезəрекеттік  –  секундына  жүздеген  миллион 
операциялардан  ондаған  триллионға  дейін)  жəне  габаритты  көлемдерге 
(кубтық  миллиметрлерден  кубтық  метрлерге  дейін)  ие,  бұл  мəселелердің 
кең  көлемін  шешуге  мүмкіндік  береді.  ЭЕМ  жерлік,  теңіз,  əуе  жəне 
ғарыштық негіздеудің кез-келген объектілерінде орналастырылады, Жердің 
əртүрлі климаттық зоналарында жəне əуе кеңістігінде пайдаланылады. 
ЭЕМ  түрлері  индивидуалды  жəне  ұжымдық  қолданылуы,  сондай-ақ 
техниканың  əртүрлісіне  орнатылатын  –  тұрмыстық  қолданылудан  бастап, 
əскер мен қаруды басқаруға дейін болуы мүмкін. 
ЭЕМ  типтерінің  көптүрлілігі  негізгі мəселені  –  ақпараттық-коммуника- 
циялық  технологияларды  қолдау,  дамыту  жəне  тарату  мəселелерін  шешу 
үшін қажет. Бағдарламалық өнімдердің (операционды жүйелер, қолданбалы 
бағдарламалар,  драйверлер)  жалғастырушылығын  қамтамасыз  ету  үшін, 
алғы  моделдер  мен  кейінгілерді  (кейінірек  шығарылған)  үйлестірумен 
əртүрлі ЭЕМ буындары шығарылады. 
Ақпараттық  жүйелер  мен  технологиялардың  дамуын  келесі  белгілер 
жиынтығымен сипаттауға болады: 
  шешіліп жатқан мəселелердің күрделілігінің тұрақты жəне секірмелі 
өсуімен; 
  қолданылатын ЭЕМ жүйелерінің, желілері мен санының айтарлықтай 
өлшемдік өсуімен; 
  Жүйелердің мақсатты бағыттылығымен жəне өзгергіштігімен; 
  жүйелердің реалды объектілерге немесе адамдарға максималды жақын- 
дауымен; 
  əмбебап ортақжүйелі өнімдердің, желілік жəне операционды платфор- 
малардың қолданылуымен; 
  қуатты үлестірілген есептеуіш жəне ақпараттық ресурстарды ұжымдық 
қолданумен; 
  ЭЕМ-ді көп-көптен жəне дербес қолданумен. 
Заманауи  АКТ  өзінің  қолданбалы  қолданысын  автоматтандырылған 
басқару  жүйелерінде,  ғылыми  зерттеулерде,  жобалауда,  білім  беруде, 
криминалистикада, сондай-ақ геоақпараттық, телекоммуникациялық, сарап- 
тамалық жүйелерде жəне т.б. табады. 
Ақпаратты  тексттік  жəне  графикалық  өңдеуде,  тексттерді  бір  тілден 
екіншісіне  аудару  кезінде;  анимация  мен  дауысы  бар  презентацияларды 
жасауда;  экономикалық  есептеулерді,  қаржы  операцияларын  жүргізуде 
ЭЕМ үлесі үнемі өсіп отырады. 
Есептеуіш  жүйелердің  көптүрлілігі  олардың  мəліметтер  базасын  интег- 
рациялауды  жəне  компьютерлі  желілер  бойынша  ақпараттардың 
тасымалдауын қамтамасыз ететін коммуникациялық орта негізінде бірың- 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау