Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту


    4.3.2. Электрон-сәулелі түтікшелері бар



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет59/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   107

181 
 
4.3.2. Электрон-сәулелі түтікшелері бар 
мониторлар 
Үстелдік  ДЕЭМ-ның  басым  бөлігі,  электрон-сəулелі  түтікшелер 
базасындағы  мониторларды,  CRT-  мониторларды  (CathodeRayTube— 
катодтық-сəулелік түтікше) қолданған. 
Кезінде  ЭСТ-технология  тұрмыстық  теледидарлар  үшін  кинескоптар 
шығару  барысында  игерілген  жəне  күні  бүгінге  дейін  дисплей  экрандары 
ретінде  кеңінен  қолданылған.  Теледидарларды  сияқты,  мониторларды 
бастапқыда  дөңес,  сосынанығырақ  кескін  беретін,  шеттік  бұрмалауларсыз 
жазық электронды-сəулелі түтікшелермен шығаратын болды. 
ЭСТ  əрекет  қағидасы  келесідей:  саңылаусыз  шыны  түтікшеде 
электрондық зеңбірекпен қалыптастырылатын электрондар шоғыры ішінен 
люминоформен  қапталған экранға соқтығып, оның жарқырауын тудырады 
(4.25-сур.). 
Электрондық  зеңбірек  (электрондық  прожектор)  талап  етілетін  пішін 
мен  қарқындылықта  электрондардың  (электрондықсəуленің)  бағытталған 
ағынын құру үшін қолданылады. Катодпен қалыптастырылған электрондар 
шоғырының жолында қосымша электродтар бар: экран ауданында сəуленің 
бағытын  өзгертуге  мүмкіндік  беретін  ауытқытушы  жүйе;  шығатын 
кескіннің ашықтығын реттейтін модулятор; фокустандыру (шоғырландыру) 
құрылғысы. 
 
 
 
4.25 
-сур.Жазық экранды электрон-сәулелі түтікшенің сұлбасы: 
К — катод (электрондар көзі); М — басқарушы электрод [модулятор]; — үш 
электронды  шоғырды  қалыптастыратын  электрондық  прожекторлар;  2  — 
ауытқытушы пластиналар; — электрондық шоғырлар; — люминоформдық 
экран;  5  ,  6  ,  7  —  үш  түсті  (қызыл,  жасыл,  көк)субпикселдер;8  —    пиксел  
(нүкте); — бүркеме; 10 — вакуумдық баллон 
 
 


182 
 
Түрлі-түсті мониторларда  кескінді  қалыптастыру  үшін əрбір  үш  негізгі 
түс  үшін:  қызыл(Red),  жасыл(Green)  жəне  көк(Blue)  жеке  зеңбіректерді 
қолданады,  ал  люминофор  қабатыжақын  орналасқан  (Red,  Green,  Blue 
тіркесінде үш-үштен топталып) мозаикалық нүктелерден немесе түрлі-түсті 
люминофоржолақтары  —  субпикселдерден  тұрады.  Тиісті  нүктеге  немесе 
жолаққа  дəл  тию  үшін  электрондық  сəуле  қажетті  өлшемдерге  дейін 
тарылады.  Оған  люминофор  жабындысының  алдында  бүркеме  орнату 
арқылы  қол  жеткізіледі,  бүркеме  тесіктерінің  өлшемдері  бірлік  нүктенің 
немесе люминофор жолағының еніне жақын болуы шарт. 
Әрбір нүктенің жарқырау қарқындылығы түрлі-түсті реңктердің қажетті 
гаммасын  құрады.  Түрлі-түсті  ЭСТ  үшін  люминофорлар  ретінде 
сирекжерлік металдар негізіндегі күрделі құрамдарды қолданады. 
Люминофорға (қызыл, жасыл немесе көк) тиісті зеңбіректің сəулесі ғана 
түсуі  үшін  зеңбіректер  мен  экранның  арасында  металл  —  бүркеме 
орнатылған. Бүркеме температуралық кеңейтуі шағын болаттан жасалады. 
ЭСТ  экранында  бүркеме  типтерімен  (үшнүктелік  бүркеме,  саңылаулы 
бүркеме  жəне  апертуралық  тор)  ерекшеленетін  кескінді  қалыптастыру 
технологиясын қарастырамыз (4.26-сур). 
Үшнүктелік дельтатәрізді көлеңкелік бүркемедегеніміз –тесілген металл 
табақ,  оның  тесіктері  люминофордың  əрбір  тесігінің  алдында  орналасқан. 
Көрші  нүктелердің  арасындағы  қашықтық  барлық  зиянды  сəулеленулерді 
бүркейтіндей  етіп  таңдалады.  Соның  есебінен  əрбір  электрондық 
зеңбіректен тиісті түсті люминофордың қажетті нүктесінетиюі қамтамасыз 
етіледі.  Осындай  бүркемелі  ЭСТ  түстерді  жақсы  бейнелеп  көрсетеді, 
мəтіндерді  жақсырақ  шығарады,  бірақ  оларға  орташа  ашықтық  жəне 
төмендетілген кереғарлық тəн. 
Саңылаулы  бүркеме  бойлай  ойылған  саңылаулы  тесіктермен  құралады. 
Осындай  саңылаулардың  əрбір  үш  қатары  бір-біріне  қатысты  тігінен 
орналасып, осы тесіктері шахматтық ретте тор құрады. Бұл бүркеме сапалы 
ЭСТ өндіруде кең қолданыс тапты. 
 
 
 
4.26 
-сур. Бүркеме (перде) түрлерінің фрагменттері: 
а — үшнүктелік ; б — саңылаулық; в — апертуралық 
 
 


183 
 
Апертуралық тортік аса жұқа сым-жіптерден құралады жəне жарықтық 
шоғырдың  (пикселдің)ауданын  қатты  шектейді.  Тиісінше,  люминофор  да 
үш негізгі түсті тігінен кезектескен жолақтардан құралады. 
Бүркеме  кескіннің  ашықтығын  арттыруға  жəне  күңгірт  түсті  шынымен 
тіркесте жақсырақ кереғарлыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дəл емес 
түс жіберу кемшіліктердің бірі болып табылады. 
Люминофор  нүктелерінің  (олардың  арасындағы  қашықтықтар) 
өлшемдері  аз  болған  сайын,  экрандағы  кескіннің  анықтылығы 
жоғарылайды,  сондықтан  монитордың  параметрлерінде  «дəннің»  өлшемін 
көрсетеді. 
Үшнүктелік қөлеңкелік бүркеме үшін «дəннің» өлшемі люминофордың 
екі  көрші  нүктелерінің  (бір  түсті)  арасындағы  диагональ  бойынша 
қашықтығымен (қадамымен) анықталады. 
Апертуралық тор жəне саңылаулы бүркеме үшін «дəннің» өлшемі — ол 
бір  түсті  жолақтардың  арасындағы  қашықтық  (көлденең).  «Дəннің»  
шамасы кескіннің кереғарлығына ықпал етеді. 
Сыртқы магниттік өрістердің ықпалымен монитор экранындатүрлі-түсті 
немесе күңгірт дақтар пайда болуы мүмкін, олар жиі көлеңкелі бүркеменің 
магниттенуінен  шығады.  Электрон-сəулелі  түтікшенің  бүркемесін 
магнитсіздендіру  үшін барлық дерлік қазіргі мониторларда арнайы контур 
көзделген, ол бойынша қоректі қосу сəтінде тоқ жіберіледі. 
Монитордағы  суретті  бейнелеу  үшін  электрондық  зеңбірек  тұрақты 
мерзімде  жеке  кадрдың  бейнеленуін  жолма-жол  —  солдан  оңға  экранның 
жоғары шетінен төменгі шетіне қарай қайта салады. Бұл ретте электрондық 
сəуле  бірізді  барлық  көлденең  жолдарды  кадрдың  басынан  аяғына  дейін 
сызып  шығады,  сосын  экранның  жоғары  жағына  көтеріліп,  келесі  кадрды 
бейнелейді.  Сəуленің  қарқындылығына  қарай  пиксел  жарқылының 
ашықтығы  өзгереді.  Көру  қабілетінің  инерциялығына  байланысты  адам 
жылтылдауларды  байқамайды,  сондықтан  жылтылдайтын  пикселдер 
тұрақты бейне ретінде қабылданады. 
Үлкен индукциялы катушкалар жəне жиіліктің кең диапазонында негізгі 
кедергілерінің  көзі  болып  табылатын  электронды  сəуле  тербелістерінің 
электромагниттік  жүйелерін  қолдану  қажеттілігі  салдарынан  жолдардың 
(көлденең  жайманың)  шекті  жиілігі  ЭСТ-мониторларының  шектеуші 
параметрі  болып  табылады.  Жолдық  жайма  тораптарының  қуаты  оның 
жиілігін шектейтін маңызды факторларының бірі болып табылады. 
Кескіндеменің  тұрақтылығы  негізінен  монитордың  кадрлық  жиілігімен 
анықталады.  Регенерация  жиілігі  неғұрлым  жоғары  болған  сайын 
экрандағы  кескін  соғұрлым  тұрақты  болып  көрінеді.  Кескіндеменің 
жалтылдауы  көздерің  шаршауына,  бас  ауруларына  жəне  көру  қабілетінің 
нашарлауына алып келеді. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау