190
Сонымен, рұқсаттың ұсынылған шектен төмендеуі кескіндеменің
нашарлауына алып келуі мүмкін.
Пикселдің түсін өзгерту үшін белгілі бір уақыт керек (пикселдің жауап
беру уақыты); егер ол көп болса, кескіндеменің динамикалық ауысуында
сурет жайылып кетеді — нүктелер өздерінің күйлерін өзгертіп үлгермейді.
Бірінші мониторларда бұл негізгі мəселелердің бірі болған.
Қазіргі таңда жауап беру уақыты 2, 5, 8 мс (кадрларды жаңарту
жылдамдығы)құрайтын
дисплейлер
шығарылады,
ол
ДЕЭМ
пайдаланушысының кез келген бағдарламалармен ыңғайлы жұмыс істеу
үшін жеткілікті.
Қазіргі СК-панельдердің кемшілігіне шектелген шолу бұрышы
жатқызылады — көзқарас экранға тура қараудан ауытқып кетсе, кескіндеме
бұрмаланады, жалтылдайды жəне түстерді өзгертеді, бірақ шолу бұрышы
үздіксіз ұлғайып отырады жəне заманауи модельдерде 160°-дан асады, бұл
оларды ДЕЭМ-да қолдану үшін жеткілікті
СК-мониторларда бір кескіндемеден екіншісіне ауыстырғанда, əсіресе
қозғалмайтын суретті ұзақ уақыт бойы көрсетіп тұрғаннан кейін
айқындылыққа ықпал ететін қалдық кескіндеме əсері байқалуы мүмкін.
Кескіндеме статикалық болып жəне дисплейде ұзақ уақыт бойы тұрса,
сұйық кристалды көмкеретін екі электродтың арасында электр
зарядтарының шағын айырмасы жинақталады. Бұл дисплей экранының
кейбір салаларында сұйық кристалдар сипаттамаларының нашарлауына
алып келуі мүмкін. Сондықтан бір кескіндемеден екіншіге ауысқанда
алдыңғы кескіндеме жарым-жартылай сақталады. Жұмыста ұзақ үзілістер
болғанда экранды қалдық кескіндемелерден қорғау үшін оны энергияны
үнемдеу режиміне қосу немесе қозғалмалы кескінді көрсететін экран
сақтаушысын белсендендіру керек.
СК-дисплейдің артықшылықтарына оның габариттік өлшемдері,
салмағы, электр тұтыну жəне электр магниттік сəулеленуі жатқызылады, ол
ең қауіпсіз ЭСТ-монитордың электр магниттік сəулеленуінен көп есе аз
болып табылады.
LCD-мониторлардың
негізінде үш өлшемді дисплейлерді (3D-
мониторларды) құру мүмкін, олар екі экранның көмегімен стереоскопия
қағидасының негізінде үш өлшемдік кескіндемені қалыптастырады. Бір-
бірімен қосарлы əрбір экранда минималды ерекшеленетін кескіндемелер
құрылады, ал олардың жазықтары пайдаланушының əрбір көзі өз суретін
көретіндей етіп орналастырылады.
Экранға стереоскопиялық кескіндемені шығару мүмкіндігі барСК-
мониторлар
шығарыла
бастады.
Жиынтықта
монитормен
бірге
стереокөзілдірік жəне екі DVIшығысы бар графикалық адаптерлерге
арналған арнайы драйверлер жеткізіледі.
191
Технология олардың арасында ауыстырылып кедергісіз қосылуға жəне
экранға қосарлы кескіндеме шығаруға, монитор дисплейіндегі кəдімгі
суретті үшөлшемдік суретке айналдыруға мүмкіндік береді.
СК-матрицасының үстінен сенсорлық панель орналастырылатын
планшеттік орындаудағы СК-мониторларкең қолданыс тапты.
Планшеттік дисплейлермен жұмыс істеу үшін арнайықауырсын(стилус)
қажет етіледі, ол мəтінді қолмен жазып енгізу жəне виртуалды
пернетақтаны басқару үшін қолданылады, ол кейбір ерекше міндеттерді
(мысалы, электрондық карталармен жұміс істеуде) шешу барысында өте
ыңғайлы жəне эргономиялық болып табылады.
Сенсорлық панельдертоқ өткізетін немесе резистивті жабынымен
болады.
Тоқ өткізетін жабындысы бар сенсорлық панельдертік өткізгіштерден
(бірінші икемді қабат), көлденең өткізгіштерден (қатты негіз) жəне
олардың арасындағы оқшаулауыш саңылаудан құралған матрицадан
тұрады.
Экранға басқанда бұл жерде өтізгіштердің тұйықталуы болады, ол
бойынша басу нүктелерінің координаталары анықталады.
Резистивті жабындысы бар сенсорлық панельдер үш қабаттан тұрады:
ирек тісті, икемді жəне ажыратушы. Икемді қабат монитор экранының
сырт жағынан орналасқан. Икемді қабатың бетін басқан кезде оның
түйіспелі жағы ирек тісті қабаттың түйіспелі жағына жанасып, жанасу
нүктесінде электрлік түйіспе құрады. Ирек тісті жəне икемді қабаттардың
ішкі беттері резистивті үлпекпен қапталған, сондықтан түйіспе кедергісін
өлшеу жанасу нүктесін анықтауға мүмкінідк береді.
Жанасу нүктесін анықтаудың жоғары дəлдігін сақтау үшін əдетте
сенсорлық панельдің бастапқы немесе дүркіндік калибрлеу талап етіледі.
Экранды калибрлеу процедурасы келесі ретте орындалуы мүмкін.
Бастапқыда экранның бір бұрышына бірқатар пикселдер (мысалы,
«+»символы түрінде) шығарылады, пайдаланушы стилусты көрсетілген
нүктеге орнатады. Өлшеу нəтижелері ДЭЕМ жадында сақталады. Тура
осындай процедура экранның қарама-қарсы бұрышында орналасқан, сосын
үшінші нүкте үшін жəне т.б. Жазылған деректер дисплей экранындағы
бақылау нүктелерінің дəл позициялары болып табылады. Осы
координаталар бойынша экранның бүкіл өрісінде кез келген нүктенің
масштабтайтын коэффициенттері есептеліп шығарылады.
Планшеттік дисплейлер негізінен портативтік ДЭЕМ-да: ноутбуктар
мен қалта компьютерлерінде қолданылады.
192
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Мониторлардың негізгі сипаттамаларын атаңыз.
2. Экрандағы кескіндеме қалай құрылады?
3.
«Пиксел», «рұқсат» ұғымдарына анықтама беріңіз.
4. Жолдық жиілік және кадрларды жаңарту жиілігі дегеніміз
не?
5. Монитордың электр тұтынуын басқару жүйесінің қандай
артықшылықтары бар?
6. ЭСТ жұмысы қағидасының мәні неде?
7. Электрон-сәулелі жазық түтікшенің сұлбасын түсіндіріңіз.
8. ЭСТ экранында кескіндеме қалыптастырудың қандай тех-
нологиялары бар? Оларды салыстырыңыз.
9. Электрон-сәулелі жазық түтікшедегі мониторлардың кем-
шіліктерін атап шығыңыз.
10. Пайдаланушы монитордың қандай параметрлерін баптай
алады?
11. СК-монитор жұмысының қағидасы неге сүйенген?
12. СК-экран қалай құрылған?
13. LCD-технология жұмысының сұлбасын түсіндіріңіз.
14. СК-экранның пассивті және активті матрицаларын салыс-
тырыңыз.
15. СК-мониторлардың артықшылықтары мен кемшіліктерін
тізіп шығыңыз.
16. Сенсорлық панельдің құрастырылымын сипаттаңыз.
4.4.
АҚПАРАТТЫ ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ДЭЕМ БАСҚАРУ
ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
4.4.1. Пернетақта
Пернетақта — бұл пайдаланушының ДЭЕМ-мен диалогтік өзара
əрекеттесу құрылғысы, оның көмегімен деректерді, бағдарламаларды,
пəрмендерді жəне басқа басқарушы ықпалдарды символдық енгізу жүзеге
асырылады. Пернетақта эргономиялық, яғни ұзақ қолдануда ыңғайлы
болуы тиіс, сондықтан пернелердің оңтайлы өзара орналасуы жəне
өлшемдері, шағылысулардың болмауы, дизайны жəне т.б маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |