Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет58/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   107

178 
 
Бүгінгі  таңда  қолданыстағы  типтік  өлшемдердің  ішінен  ЖПЕЭМ-да 
диагоналі 15, 17, 19, 20 жəне 21 дюйм қолданылады. 
Экранда кескіндеме жасау үшін түрлі-түсті жарқылдайтын элементарлы 
нүктелерден  тұратын  матрица 
қолданылады.  Көздің  түрлі-түсті 
фоторецепторларына  сəйкес  кескіндеменің  элементіне  —  нүктеге  үш  — 
мозаикаға  топтастырылған  түс  келтіріледі:  қызыл(R  —  Red),  жасыл(G  — 
Green)  жəне  көк(B  —  Blue).  ЭЕЭМ  мониторы  экранында  кез  келген 
мəтіндік немесе графикалық кескіндеме пиксел pixel — picture element), дəн 
немесе  кескіндеме  элементі  деп  аталатын  осындай  көптеген  нүктелерден 
қалыптастырылады.Нүктенің өлшемі миллиметрмен көрсетіледі. 
Пиксел  —  бұл  дербес  минималды  бірлік,  оның  түсі  мен  ашықтығы  
өзінің  параметрлерімен  белгіленеді.  Экранда  кескіндеме  құру  үшін 
қолданылатын  көлденең  жəне  тік  нүктелердің  саны  рұқсат  деп 
аталады.Егер  кескіндеменің  рұқсаты  1  280  х  1  024  пиксел  болса,  онда  ол 
экрандағы кескіндеме көлденең бойынша 1 280 нүктеден (көлденең рұқсат) 
жəнетігінен  1  024  жолдан  (тік  рұқсат)  тұрады  дегенді  білдіреді. 
Кескіндеменің сапасы мен дəлдігі осы мəндерге тəуелді. 
Монитордың  айыру  қабілеті  жəне  кескіндеменің  анықтығымонитор 
экранының көлденең жəне тігінен шығарылатын пикселдердің максималды 
санымен ғана емес, пикселдің қадамымен де анықталады, ол 0,21 ...0,28 мм 
құрайды. 
Заманауи  мониторлардың  стандартты  мəндері  бірқатар  пикселдерді 
құрайды: 640 х 400, 640 х 480, 800 х 600, 832 х 624, 1 024 х 768, 1 152 х 870, 
1  280  х  1  024,  1  600  х  1  200  жəне  одан  да  жоғары.  Осы  мəндердің 
əрқайсысына  экран  ауданы  мен  нүкте  қадамының  қатаң  ара  қатынасы 
арқылы  ғана  қол  жеткізуге  болады(мысалы,  экран  ені  324  мм  жəне  нүкте 
қадамы  0,25  мм  17дюймдік  монитор  үшін  көлденең  бойынша  оңтайлы 
рұқсат 1 280 пикселді құрауы тиіс). 
Монитор  диагоналінің  əрбір  өлшемі  үшін  өндіруші  өте  сапалы 
кескіндеме  шығатын  белгілі  бір  рұқсат  ұсынған,  бірақ тым жоғары рұқсат 
орнатылса,  пайдаланушыға  əрқашан  жұмыс  істеген  ыңғайлы,  себебі 
операциялық жүйенің графикалық интерфейсі өте ұсақ болып кетуі мүмкін. 
Үштүсті  пикселдер  көлденең  жолдарға  топтастырылған. Экранның  тігінен 
орналастырылған 
жолдардың 
жиынтығы 
кескіндеменіңкадрыболып 
табылады. 
Дисплейдің  көрсеткіштерінекилогерцпен  өлшенетін  жолдық  жиілік 
(көлденеңжайма),  дисплейдің  бір  секундта  құрайтын  жолдардың  саны; 
герцпен  өлшенетін  кадрларды  жаңарту  жиілігі  немесекадрлық  жиілік  (тік 
жайма) жатқызылады. 
Рұқсат жоғары болған сайын, жолдарды да соншалықты көп құру керек; 
кадрларды жаңарту жиілігі баяулайды. Кадрлардың жиілігі неғұрлым 


179 
 
жоғары  болса,  кескіндеме  соғұрым  тұрақты  болады.  Экранның 
жылтылдауы  кадрлардың  60  Гц-ке  дейінгі  ауысу  жиілігінде  байқалады, 
сондықтан ұсынылатын жиілік 75 Гц-тен төмен болмауы тиіс. 
Жолдардың жиілігі тік жайманың бір кадрда шығарылатын жолдардың 
санына (тігінен айыру қабілеті) көбейтіндісімен анықталады). 
Экранда  жолдарды  жоғарыдан  төменге  қарай  көрсету  жолдық  жайма 
әдісі, ал кезекпен, бірінші тақ жолдарды, одан кейін жұп сандарды көрсету 
жоларалық  жаймадеп  аталады.Мониторлардың  көбінде  жолдық  жайма 
əдісі  қолданылады,  ол  анағұрлым  анық  кескіндемені  қамтамасыз  етеді. 
Барлық  дерлік заманауи  мониторлар мультижиілікті,  яғни  рұқсат  берілген 
диапазоннан жолдық жəне кадрлық жаймалардың ерікті мəндеріне бапталу 
қабілетін иеленген (мысалы, 30... 100 кГц жəне60... 180 Гц). 
Монитордың  бейнесигналын  өткізу  жолағы  мегагерцпен  өлшенеді  
жəне  таңдалған  рұқсатта  оның  кадрлардың  берілген  жиілігін  сақтап  тұру 
мүмкіндіктерін  анықтайды.  Мысалы,  тік  жайма  -  85  Гц  жəне  рұқсат-  640 
х480  болса,  бейнесигнал  жолағы  37  МГц  құрайды,  алрұқсат-  1  280  х  1024 
болса, бейнесигнал жолағы 160 МГц құрайды. Сонымен, кадрлардың айыру 
қабілеті  немесе  ауысу  жиілігі  жоғары  болған  сайын,  монитордың  талап 
етілетін мониторды өткізу жолағы да кеңірек болады. 
Сонымен  қатар,  мониторларашықтығы  мен  кереғарлығы  бойынша 
бағаланады,  бұл  көрсеткіштер  қаншалықты  жоғары  болса,  кескіндеме 
соншалықты ашық жəне нақты болады. 
Заманауи  мониторларға  экономайзер  деп  аталатын  электр  қуат  беруді 
автоматты  басқау  жүйесі  кіріктеледі.  Энергия  тұтынуды  басқару  жүйесі 
Energy Starстандартына негізделген. Оны қолдану пайдаланушы орнататын 
белгілі бір уақытқа жұмыс істемейтін аралықта мониторды қуат тұтынудың 
төмендетілген  режиміне  ауыстыру  60.80%-ға  дейін  электрэнергиясын 
үнемдеуге мүмкіндік береді. Энергияны үнемдеу режимінде экранның өшуі 
орын  алады:  қысқа  мерзімді  кідірісте  тік  жай  өшіріледі;  ұзақ  кідірісте  тік 
жайма  өшіріледі  (мониторларда  электрон-сəулелі  түтікшелерде  (ЭСТ) 
катодтардың температурасы төмендейді ). 
Энергияны  үнемдеуден  басқа  қуатты  үнемдеу  режимдерін  қолдану 
жұмыс  істеп  тұрған  монитордан  жылу  бөлінуді  төмендетуге  мүмкінідк 
береді. 
ЖЕЭМ-ға  дисплейдіаналогты  режимде  қосу  үшін  D-sub  жаймасы, 
цифрлық  режимде  —  DVI  жаймасы.  DVI  цифрлық  интерфейсі  қолданыл- 
ғанда  кескін  «пикселге  пиксел»  бейнеленеді,  яғни  ұсақ  қаріптер  мен 
бөлшектер анығырақ болады. 


180 
 
Пайдаланушылардың  денсаулығын  қорғау  мақсатында  мониторлар 
қауіпсіздігінің  параметрлері  бойынша  ұсыныстар  əзірленді,  олар  жұмыс 
барысында  дисплей  шығаратын  электр  жəне  магниттік  өрістердің 
максималды рұқсат берілетін мəндерді регламенттейді. 
Әртүрлі  мемлекеттерде  өздерінің  жеке  стандарттары,  бірақ  Швецияда 
əзірленген  TCO  жəнеMPRII  стандарттары  ғана  халықаралық  стандарттар 
болып табылады. 
TCO  ұсыныстары  сəулеленулердің  əртүрлі  типтерінің  максималды 
рұқсат етілетін мəндерін ғана емес, минималды  қолайлы параметрлерді де 
анықтайды:  экрандардың  жаймалары,  люминофор  жарқырауының 
қарқындылығы,  ашықтық  қоры,  энергия  тұтыну,  шу  деңгейі  жəне  т.б. 
Стандарттар  қайта-қайта  жаңартылып  отырады,  TCO'92  стандартынан 
бастап,  бұл  нормалар  бұрынғыдан  да  күшейтілді  жəне  ТСО'95 
жəнеTCO'99стандарттарында сақталды. 
Одан  бөлек,  стандартқа  сəйкестікті  бағалау  үшін  TCO  құжаттарында 
мониторларды  тестілеудің  жан-жақты  əдістемелері  ұсынылған.  ТСО 
стандарттары  бойынша  тестілеуде  негізгі  өлшеулер  экранның  алдынан  30 
см  қашықтықта  жəне  монитордың  айналасынан  50  см  қашықтық- 
тажүргізіледі.  MPRII  стандартынасəйкес  барлық  өлшеулер  монитордың 
айналасынан  50  см  қашықтықтажүргізіледі,  сондықтан  TCO  талаптары 
MPRII-ге қарағанда анағұрлым қатал. 
ЭСТ  негізіндегі  мониторлар  зиянэлектр  магниттік  сəулеленудің  кең 
спектрін  шығарады,  сондықтан  пайдаланушыны  қорғау  бойынша  арнайы 
шаралар қажет. 
Сұйықкристалды мониторлар пайдаланушыға көбірек бейімдендірілген: 
мониторэкраныжыпылықтамайды  (онда  тік  жайма  жиілігі  болса  да),  ол 
энергияны аз тұтынады жəне электр магниттік өрісті таратпайды. 
Соңғы  кезде  PDP  плазмендік  панель(Plasma  Display  Panel)монитордың 
айналасынан  50  см  қашықтықта  жүргізіледі.Монитордың  айналасынан  50 
см  қашықтықта  жүргізіледі.  PDP  экран  иондалған  күйде  газбен 
толтырылған  жəне  флюаттайтын  затпен  қапталған  көптеген  шыны  
сауыттар болып табылады. Кернеу жіберілгенде газ плазма күйіне ауысады, 
оның иондары флюаттайтын затқа ықпал етіп, оның жарқылын тудырады. 
Осындай  технология  жоғары  ашықтық  пен  кереғарлықпен,  сондай-ақ 
жауап  берудің  аз  уақытымен  ерекшеленеді,  бірақ  жеке  ЕЭМ  –де  кең 
қолданыс тапқан жоқ. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау