Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет61/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   107

187 
 
 
 
 
4.28 
-сур. LCD-технологияның жұмыс істеу сұлбасы (а) және 
қимадағы сұйықкристалды экран (б): 
1  —  кескіндеменің  шығуы;  2  —  түрлі-түсті  сүзгілер;  3  —  канавкалары  бар 
шыны панельдер; — экранның сыртқы жарығы; — канавкалардағы сұйық 
кристалдар; — поляризаторлар; — мөлдір электродтар 
 
 
Кернеу  болмаған  жағдайда  экранның  ұяшығы  мөлдір,  себебі  сұйық 
кристалдар  поляризациялау  векторын  жарық  бірінші  жəне  екінші 
поляризаторлар өтетіндей етіп бұрады. 
Электр  өрісі  болған  жағдайда  сұйық  кристалдарда  поляризациялау 
векторы азырақ бұрышқа бұрылады жəне оның мəніне байланысты екінші 
поляризатор  жарық  үшін  жарым-жартылай  мөлдір  болады,  немесе  мөлдір 
емес  болады  (көмескі  жарық  сəулелері  толығымен  сіңіріледі  жəне  экран 
қараяды). 
Түрлі-түсті  кескіндеме  ЭСТ-мониторларда  сияқты,  əр  пикселде  түрлі- 
түсті  сүзгілердің  қолданылуымен  қалыптастырылатын  қызыл,  көк  жəне 
жасыл сияқты үш негізгі түстің тіркесуі арқылы пайда болады. 
Матрица 
пикселдерінде 
ұяшықтарды 
басқару 
мөлдір 
жеке 
электродтардың  көмегімен  орындалады.  Электродтарды  басқару  əдісіне 
қарай матрицалар пассивті жəне активті деп бөлінеді. 
Пассивті 
матрицадаэлектрон-сəулелі 
түтікшедегідей, 
көлденең 
жаймамен,  жолма-жол,  олардың  мөлдірлігін  өзгерте  отырып,  басқарушы 
кернеуді  жеке  адрестелетін  ұяшықтарға  бірізді  жіберу  арқылы 
қалыптастырылады.  Ұяшық  сыйымдылықтарының  разрядталуы  нəтиже- 
сінде электр заряды жоғалғанда, кескіндеме жоқ болып кетеді, себебі 


188 
 
кристалдар бастапқы күйіне ауысады. 
Ұяшықтар  инерциясы  себебімен  экранның  жаңартылуы  баяу  өтеді, 
сондықтан  кристалдар  мөлдірлігінің  өзгеру  жылдамдығы  тез  қозғалатын 
кескіндемелерді əрқашан дұрыс бейнелеуге мүмкіндік бермейді. 
Белсендіматрицадаэкранның  əрбір  ұяшығы  үшін  жеке  күшейткіш 
элементтерTFT  (Thin  Film  Transistor  —  жұқаүлпекті  транзистор) 
қолданылады,  олар  көрші  ұяшықтар  ықпалының  орнын  толтырады  жəне 
олардың  мөлдірлігін  өзгерту  уақытын  едəуір  азайтуға  мүмкіндік  береді. 
Түрлі-түсті  матрицада  əрбір  үш  транзистормен  басқарылады,  олар 
кескіндеменің  жеке  нүктесінің  қорытпа  түсін  қалыптастырып  жəне  сақтай 
отырып,  матрица  регенерациясының  келесі  цикліне  дейін  көк,  жасыл 
немесе қызыл субпикселдердің зарядтарын жадыда тұтады жəне сақтайды. 
Дəл  осы  жұқа  үлпекті  транзистор  зарядтың  кернеуін  өзгертеді,  оның 
ықпалымен  мөлдірлік  градациясын  өзгерте  отырып,субпикселдің  сұйық 
кристалын поляризациялау жазықтығы өзгереді. 
Жадтаушы транзисторлар мөлдір материалдардан жасалады жəне сұйық 
кристалдарымен шыны панельде орналастырылады. 
Сұйық  кристалдарымен  пластинадан  кейін  көмескі  жарық  құрылғысы 
орналастырылады,  оның  есебінен  монитор  экранына  кескіндеме 
шығарылады.  Көмескі  жарық  үшін  пластиналар  түрінде  люминесценттік 
шамдар,флуоресценттікшамдар  немесе  экранның  біркелкі  жарықтылығын 
қамтамасыз ету үшін шағылдырғыштары бар сəуледиодтарқолданылады. 
Құрастырылымының 
арқасында 
барлық 
сұйықкристалдық 
дисплейлердің  жазық  экрандары  бар,  ал  оларда  жасалатын  кескіндемелер 
анықтығымен  жəне  түстердің  қанықтығымен,  ЭСТ-мониторларға  тəн 
бұрмаланулардың болмауымен ерекшеленеді. 
СК-индикаторлардың  маңызды  параметрлерінің  бірі  –  кереғарлық 
болып табылады.Кереғарлықтың минималды мəні 200: 1 құрайды; бұл ара- 
қатынас  неғұрлым  жоғары  болған  сайын,  монитордағы  кескіндеме 
соғұрлым жақсырақ болады. 
СК-мониторлар 
электрон-сəулелі 
түтікшелердегі 
дисплейлермен 
салыстырғанда,экран  жақтарының  əртүрлі  ара-қатынаста  шығарылады  — 
əдеттегі 3:4 –тен кең форматты 9:16-ға дейін. 
СК-монитор  ерекшеліктеріне  бір  мезгілде  кескіндеме  жаймасымен 
экранды  90°-ға  бұру  мүмкіндігі  де  жатқызылады,  олпайдаланушыға  A4 
форматты парақпен мəтінді немесе суретті «айналдырусыз» жұмыс істеуге 
мүмкіндік береді (4.29-сур). 


189 
 
 
 
 
4.29 
-сур. Сұйықкристалды мониторлар: 
а —4:3 жақтарымен кәдімгі экран; б —90°-ға бұрылған экранымен кәдімгі; в — 
кең форматты 
 
 
TFT-панельдерін шығару технологиясыөзінің күрделілігі үшін жарамды 
бұйымдарды  шығарудың  шағын  ғана  пайызы  бар,  сондықтан  өндірушілер 
техникалық  құжаттамада  мониторды  брактауға  себеп  болмайтын  ұрылған 
пикселдер  (үнемі  ақ  немесе  қара  түспен  жанып  тұратын)  деп  аталатын 
жарамсыз транзисторлардың шекті санын орнатады. 
Матрицаларды  жаппай  өндіруде  «ұрылған»  пикселдерді  болдарымау 
мүмкіндігі  жоқ,сондықтан  ISO  стандартымонитордың  класына,  панельдің 
өлшеміне  жəне  ақаудың  сипатына  қарай  «ұрылған»  пикселдердің  белгілі 
бір санын рұсат береді. Барлығы төрт класс бар: бірінші класс үшін 
«ұрылған» пикселдерге рұқсат берілмейді; басқа кластар үшін бірнеше ақ 
немесе қара нүктелердің болуы мүмкін (матрица типіне қарай). 
Әдетте,  LCD-мониторларбірқатар  стандартты  рұқсаттарды  қамтамасыз 
етеді, бірақ тура сол уақытта СК-панель нақты матрица үшін оңтайлы жəне 
өндіруші ұсынған режимде сапалырақ жұмыс істейді, бұл ретте кескіндеме 
нүктесі бір пикселмен қалыптастырылады. 
Кескіндемені  қалыптастыру  үшін  суретті  қалыптастыру  үшін  қажетті 
пикселдер саны, немесе экранның барлық пикселдері қолданыла алады. 
Бірінші жағдайда кескіндеме экранның бір бөлігін ғана алады, ал оның 
айналасында  қалған  аудан  қара  жиектемені  құрады,    мұнда 
қолданылмайтын  пикселдер  шоғырланған.  Екінші  жағдайда  СҚ-панельдің 
барлық 
пикселдері 
қолданылады, 
сондықтан 
кескіндеме 
бүкіл 
экранға«созылады»,  бірақ  бұл  ретте  шағын  бұрмалаулар  пайда  болады  
жəне  айқындылығы  нашарлайды,  себебі  кескіндеменің  нүктесі  бірнеше 
пикселден тұрады. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау