«ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы «08» желтоқсандағы шешімімен (№14 хаттама) бекітілді



жүктеу 85,2 Kb.
Дата05.03.2018
өлшемі85,2 Kb.
#11444



«ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің

2017 жылғы «08» желтоқсандағы

шешімімен (№ 14 хаттама)

бекітілді

«ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін лауазымға қабылдау



САЯСАТЫ
1. Жалпы қағидалар

1. «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін лауазымға қабылдау жөніндегі саясат (бұдан әрі – Саясат) «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін лауазымға қабылдау рәсімін және осы рәсімнің шеңберінде Қоғамның Корпоративтік хатшысы (бұдан әрі – Корпоративтік хатшы) мен Қоғамның лауазымды тұлғаларының, құрылымдық бөлімшелері басшыларының өзара іс-әрекет жасауын сипаттайды.

2. Осы Саясат «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Қоғамның Жарғысына, Корпоративтік басқару кодексіне, Корпоративтік хатшы туралы қағидаға сәйкес, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін лауазымға қабылдау саясатын ескере отырып әзірленді.

3. Қоғамның Директорлар кеңесінің (бұдан әрі – Директорлар кеңесі) жаңадан сайланған мүшелері өз міндеттерін тиімді атқару үшін Қоғамның қызметі туралы толық ақпаратты алуға тиіс. Осымен байланысты Қоғам Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін Қоғамның қызметі, Директорлар кеңесі мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, Директорлар кеңесі жұмысының рәсімдері туралы, Қоғамның лауазымды тұлғалары және ұйымдастырушылық құрылымы туралы, оның ішкі құжаттары, Жалғыз акционер («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ) мен Директорлар кеңесінің шешімдері туралы ақпаратпен және Директорлар кеңесі мүшелерінің өз міндеттерін тиісті орындауы үшін маңызы бар өзге де ақпаратпен таныстыру рәсімін жүзеге асырады.

4. Осы Саясаттың мақсаты Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін лауазымға қабылдаудың айқын рәсімін қолдану жолымен Директорлар кеңесі шешімдерінің тиімділігі және салмақтылығын арттыру болып табылады.

5. Осы Саясат Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерінің барлығына қатысты қолданылады.



2. Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін лауазымға қабылдау тәртібі
6. Қоғамның Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелеріне арналған лауазымға қабылдау бағдарламасын бекітеді, Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған әрбір мүшесін осы шешіммен таныстыруға міндетті.

7. Қоғамның Жалғыз акционерінің Директорлар кеңесінің мүшесін (мүшелерін) сайлауы туралы шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған әрбір мүшесін осы шешіммен таныстыруға міндетті.

8. Директорлар кеңесінің Төрағасы 5 (бес) жұмыс күні ішінде Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерімен Қоғамның атынан шарттарға қол қояды.

9. Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелері Қоғамның Жалғыз акционерінің олардың сайлануы туралы шешімімен танысу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Директорлар кеңесі мүшесінің АҚ алдындағы міндеттемелеріне қол қояды, осымен бір уақытта Қоғамның ақпаратты жариялау мәселелерін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарымен танысады.

10. Қоғам Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерінің ұсынылуы заңнамамен және Қоғамның ішкі құжаттарымен көзделген ақпаратты жолдаумен байланысты Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерінің шығындарын өтемейді.

11. Директорлар кеңесі мүшелерін сайлау күнінен бастап бір ай ішінде, алайда Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелері алғашқы рет қатысатын Директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізген күннен кешіктірмей Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің әр мүшесіне мына ақпаратты жолдайды:

1) Директорлар кеңесінің қызметі бөлігінде:

− Директорлар кеңесі туралы қағида;

− Қоғамның Корпоративтік хатшысы туралы қағида;

− Директорлар кеңесінің соңғы жылдағы отырыстарының хаттамалары және оған материалдар;

– Директорлар кеңесінің комитеттері туралы қағида;

– Директорлар кеңесі комитеттерінің тізімі және құрамы;

− Директорлар кеңесінің жұмыс жоспары және Директорлар кеңесі комитеттерінің жұмыс жоспарлары;

– Директорлар кеңесінің мүшесі Директорлар кеңесінің қандай да бір комитетіне сайланған жағдайда, осы комитеттің соңғы жылдағы отырыстарының хаттамалары және оған материалдар;

− Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйлықақыларды төлеуді реттейтін құжаттар;

– Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру және сыртқы сарапшыларды тарту жөніндегі саясат;

– Қоғамның Директорлар кеңесінің жұмысын бағалау саясаты;

– Қоғамның Жалғы акцонерінің Қоғамның Директорлар кеңесінің қызметі мәселелері жөніндегі шешімдерінен үзінді-көшірмелер;

2) Қоғамның қызметі бөлігінде:

− барлық өзгерістер және (немесе) толықтырулармен қоса Қоғамның жарғысы;

− Қоғамның Басқармасы туралы қағида;

− Қоғамның корпоративтік басқару кодексі;

− Қоғамның корпоративтік этика кодексі;

− Қоғамның даму стратегиясы, даму жоспары, Қоғамның ағымдағы қаржы жылына бюджеті;

− Қоғамның жылдық есебі, соңғы үш жылға сыртқы аудиторлардың қорытындысымен қоса Қоғамның жылдық және аралық қаржылық есептілігі;

− Қоғамның инвестициялық қызметін, кадрлық және есептік саясатын реттейтін ішкі құжаттары;

− Қоғамның тәуекелдерді басқару саясаты және Қоғамның тәуекелдерді басқару жүйесін реттейтін негізгі ішкі құжаттары;

− Қоғамның корпоративтік даулар мен мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі қағидасы;

– Қоғамның Жалғыз акционерінің соңғы жылдағы шешімдері және оған материалдар;

3) қосымша ақпарат:

− Қоғамның бекітілген ұйымдастырушылық құрылымы;

− Қоғамның телефон анықтамалығы;

− Қоғамның аффилирленген тұлғаларының тізімі;

− Директорлар кеңесі мүшелерінің, Басқарма мүшелерінің, Корпоративтік хатшының өмірбаяны мен байланыс жасау деректерінің (телефон, электрондық почта, орналасқан жері) қысқаша сипаттамасы.

12. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі мүшелерін сайлау күнінен бастап үш ай ішінде Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған әрбір мүшесіне төмендегі ақпаратты жолдайды:

− даму жоспарының орындалуы туралы соңғы есеп;

− қызметтің маңызды көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы соңғы есеп;

− сыртқы аудитор, тіркегіш, қызмет көрсететін банктер туралы мәліметтер;

− Қоғамның Ішкі аудит қызметінің соңғы үш жылдағы есептері;

− Қоғамның Ішкі аудит қызметінің жұмыс жоспары;

− Қоғамның құрылымдық бөлімшелері туралы қағидалар;

− Қоғамда ішкі аудитті ұйымдастыру тәртібі;

− Қоғамның ақпаратын жария ету туралы қағида бар ақпараттық саясат;

− Қоғамның құпиялы ақпаратын құрайтын мәліметтер тізбесі және құпиялы ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін реттейтін Қоғамның ішкі құжаттары;

− Қоғамның корпоративтік даулар мен мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі саясаты;

− Қоғамның жуық жылда болатын корпоративтік оқиғаларының күнтізбесі;

− Қоғамның филиалдары мен өкілдіктерінің тізімі;

− Қоғамның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының негізгі нормативтік құқықтық актілерінің тізімі.

13. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі мүшелерін сайлау күнінен бастап үш ай ішінде Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған әрбір мүшесіне мыналарды қамтамасыз етеді:

− істің мән-жайын түсіндіру және жұмыс ерекшелігі мен басқа да мәселелерді талқылау үшін Директорлар кеңесінің Төрағасы және мүшелерімен кездесулер;

− Қоғамның Басқарма Төрағасы және мүшелерімен, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, соның ішінде Қоғамның Ішкі аудит қызметінің басшысымен, сондай-ақ қажет болса, сыртқы кеңесшілер және аудиторлармен кездесулер;

− Қоғамның филиалдары, еншілес, тәуелді және бірігіп бақыланатын ұйымдарына бару және олардың басшыларымен танысу.



14. Құжаттар олар бар болған жағдайда ұсынылады, жоқ құжаттар бекітілуіне қарай және белгіленген тәртіпте қосымша ұсынылады.

15. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі мүшелерін сайлау күнінен бастап үш ай ішінде Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған әрбір мүшесінен оның осы Саясаттың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттармен танысқанын растауын алады.

16. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшесінің сұрауы бойынша оларға сұраудың келіп-түскен күнінен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей Қоғамның қызметі, Қоғамның органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің жұмысы туралы басқа да қолжетімді ақпаратты ұсынады.
3. Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін лауазымға қабылдау рәсімі шеңберіндегі Корпоративтік хатшының уәкілеттіктері

17. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін лауазымға қабылдау рәсімін ұйымдастырады, соның ішінде:

− Қоғамның лауазымды тұлғалары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін лауазымға қабылдау рәсімін іске асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы сұрауларды дайындайды;

− Қоғамның лауазымды тұлғалары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары ұсынған ақпарат пен құжаттарды жинауды және жүйеге келтіруді іске асырады;

− Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелеріне осы Саясаттың 2-тауарына сәйкес ақпарат пен құжаттарды жібереді;

− қажетті кездесулерді ұйымдастыруға көмек көрсетеді.

18. Қоғамның Басқарма Төрағасы Қоғам Басқармасы мүшелерінің, Қоғамның құрылымдық бөлімшелері басшыларының Корпоративтік хатшының сұрауы бойынша өз құзыреті шеңберінде тиісті ақпаратты беруін қамтамасыз етеді.

19. Лауазымға қабылдаған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшесі Директорлар кеңесінің кезекті отырысында Директорлар кеңесіне Қоғамның қызметімен танысу қорытындылары туралы ақпарат береді.


4. Қорытынды қағидалар
20. Осы Саясат Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген күннен бастап күшіне енеді.

21. Осы Саясатқа өзгерістер мен толықтырулар Директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.





жүктеу 85,2 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау