Отчет о реализации Государственной программы развития здравоохранения Республики Казахстан


Одан басқа, МӘМС енгізу шеңберінде Үкіметтің 3 қаулысы қабылданды



жүктеу 2,54 Mb.
бет12/13
Дата14.05.2018
өлшемі2,54 Mb.
#12758
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Одан басқа, МӘМС енгізу шеңберінде Үкіметтің 3 қаулысы қабылданды:

- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру туралы 2016 жылғы 1 шілдедегі № 389;

- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 210;

- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржылық орнықтылығының кейбір мәселелері туралы 2016 жылғы 5 мамырдағы № 274.


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры құрылған. Ол 2017 жылғы 1 шілдеден басталатын МӘМС-ның ақшалай аударымдарын жинақтайтын болады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы құрылған (бұдан әрі – Заң жобасы). Заң жобасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 5% мөлшерінде МӘМС жарналары өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жеке тұлғалардың төлеу нормасын енгізеді. Сонымен қатар, жұмыс берушілер үшін, мемлекет, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер жарналарының аударымдар мөлшерлемелері өзгерту ережелер көзделген.

Және де, МӘМС заң жобасында азаматтарды барынша МӘМС қамту үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар мемлекеттен келіп беретiн адамдардың санаттарының тізбесін кеңейтілді.

Жол картасына сәйкес, МӘМС негізгі қағидаттары мен кезеңдері насихаттау үшін 2016 жылы аймақтарда республикалық және облыстық штаб-пәтерлерінде 3 кезеңді іс-шаралар жүзеге асырылды: денсаулық сақтау қызметкерлері, қоғамдық және жұмыс берушілер арасында.

Бірінші кезеңмен республикалық штаб спикерлерінің деңгейінде 959 медициналық ұйым үшін 20 кездесу өткізілді, медициналық ұйымдардың 3445 өкілі қамтылды. Өңірлік спикерлер облыстар, қалалар әкімдіктерінің басшылығымен 61 610 медицина қызметкерінің арасында 637 кездесу өткізді.

АТЖ-ның екінші кезеңі шеңберінде өңірлік штаб мүшелеренің әртүрлі нысаналы топтар: жұмыс берушілердің, бюджеттік ұйымдар жұмыскерлерінің, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, жұмыссыз және ірі кәсіпорындар жұмыскерлерінің арасында аудандар және елді-мекендер деңгейінде кездесулер өткізді. Өңірлердің есептері бойынша 108 мыңнан астам адамды қамти отырып, шамамен 1 600 кездесу өткізілген.

Одан басқа, елдің ЖОО-лары мен колледждерінде бекітілген графикке сәйкес 2016 жылғы қазаннан бастап барлық өңірдегі медициналық ұйымдардың басшылары мен медицина қызметкерлерін оқыту басталды. Оқыту 2017 жылғы 1 шілдеге дейін жалғастырылады және 160 мыңнан астам адамды қамту болжамдалады.

АТЖ шеңберінде семинарлар және кездесулер БАҚ-тарда жарық көрді, 98 ТВ-сюжет шығарылды, баспасөз басылымдарында 225 материал және Интернет-порталдарда 50 ақпараттық хабарлама жарияланды.

2017 жылы МӘМС енгізу бойынша жұмыс берушілер, денсаулық сақтау ұйымдары мен халық арасында белсенді кең көлемді насихаттау жұмыстары жалғастыратын болады. 2017 жылы ақпараттық кампанияларын негізгі бағыттары:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік табыс комитетімен, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, Байланыс және ақпарат министрлігімен, әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорымен (бұдан әрі - Қор), министрліктің өкілдерімен, аймақтарда республикалық және облыстық штаб-пәтерлерімен Заңның жобасын түсіндірумен қоса насихаттау жұмыстары жүргізілген;

- қордың ресми сайтын қосу және ары қарай дамыту;

- жаңалықтар, мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен аналитикалық бағдарламалар, Қордың өкілдерімен, ұлттық және аймақтық мемлекеттік телеарналардың эфирінде ұйымдастыру;

- электронды және баспа БАҚ арналарында МӘМС тақырыбы мәселелерді қамту бойынша журналистер мен блогерлерге оқу семинарлар өткізу;

- баспасөз іс-шараларын ұйымдастыру (брифингтер, баспасөз-конференциялар, баспасөз турлар).

Халықты МӘМС енгізу туралы хабардар етуді, сондай-ақ Интернет-аудиториямен интерактивтік байланысты арттыру мақсатында Facebook.com әлеуметтік желісінде ресми аккаунт жасалды.

МӘМС туралы ақпараттық бейнероликтер әзірленіп, олар Youtube видео-хостингінде жалпыға қолжетімді.

2016 жылғы 16 қырқүйекте Тарифтік саясатты дамыту бойынша жол картасы Медициналық-экономикалық кеңесінің отырысында қабылданған.

Жол картасын іске асыру барысында Медиклық-экономикалық кеңесімен клиникалық-шығынды топтар бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын көмектің емделіп шығу жағдайы үшін әдістемесі, тарификатор қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесі жасалынған және қабылданған, жан басына шаққандағы қаржыландыру, шығындарды жоспарлау, онкологиялық қызметтерге ақы төлеу негінде мектеп медицина ақы төлеу жүйесі бойынша жаңа тәсілдемелер қабылданған.

Басымды бағыттар (кардиохирургия, босандыру, неонатология) бойынша, емделіп шығу жайдайының бағасына әсер ететін, қосымша факторларды есепке ала клиникалық-шығынды топтарды қалыптастыру жөнінде кешенді логикасы жасалынған және шығарылған. Емделіп шығу жағдайына тарифтерді жетілдіру үшін пилоттық жобасының нәтижелер бойынша клиникалық-шығын топтарға (бұдан әрі – КШТ), соларды есептеу халықаралық тәжірибені есепке алумен, өзгерістер енгізілетін болады. 2017 жылғы сәуірінде пилоттық жоба аяқталады.

Медициналық-экономикалық кеңесінің жұмыс топтың отырыстарында 7 тарифтерді белгілеудің әдістемелері жасалынған және қарастырылған: төсек-күнге, есептеленген орта баға бойынша, медикалық-экономикалық тариф бойынша, нақты шығыстар бойынша, кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша, ТМККК және МӘМС жүйесінде тарификаторды қалыптастыру, онкологиялық науқасқа арналған кешенді тариф.

Медициналық жабдықтарды есеп жүйесінің деректер негізінде медициналық қызметтерді жеткізушілердің негізгі құрал-жабдықтарының жағдайы бағаланған, ТМККК және МӘМС шеңберінде негізгі құрал-жабдықтарын жаңартуына шығынның орын толтыру моделі жасалынған.

Менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту бойынша жол картасы 2016 жылғы 10 ақпанда бекітілген.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар нысанына кезең-кезеңімен өту бөлігінде Жол картасын іске асыру шеңберінде 2016 жылы 5 республикалық қазаналық кәсіпорындары байқау кеңесін енгізуімен шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарға қайта ұйымдастырылған.

Коммерциялық емес іс-принциптерін жүзеге асыру үшін бұл іс-шара ұсынысын әзірлеу 2017 жылы мемлекеттік жоба тапсырысына енгізілген.

2016 жылы ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында корпоративтік басқару органдар болу талдау жүргізілген, оның енгізуі бақылауда. Келесі кезеңмен (2017-2019 жылдары) өңірлерінде сәйкес жұмыс жүргізуі жоспарлануда.

Жоба бойынша денсаулық сақтау жүйесінде көшбасшылық және қазіргі заманғы басқару дамыту мақсатында «Денсаулық сақтау ұйымдарында басқару және корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру» Жол картасы мақұлданды.

2016 жылғы 1 наурыздан бастап АҚ «Астана медицина университеті» базасында денсаулық сақтау жүйесінде корпоративтік басқаруды дамыту орталығы жұмыс жасауда. Оған әдістемелік және корпоративтік басқару қалыптасуы мен дамуындағы консультациялық қолдау, корпоративтік басқару стандарттарын тәжірибелік іске асыруға көмек көрсету және корпоративтік басқару принциптерін оқыту функциялары кіреді..

Корпоративтік басқару мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық базаны талдау, бірқатар нормативтік құқықтық актілерді өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Маңызды қадамдардың бірі корпоративтік басқару мен стратегиялық әріптестікті дамыту саласында Назарбаев Университетімен ынтымақтастықты қарастыру.

Еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында корпоративтік басқаруды дамыту мақсатында ДББҰ «Назарбаев Университеті» базасында Назарбаев Университетінің Жоғары мектебінің бағдарламасы бойынша 53 менеджерлер басшылар оқытылды.

Сондай-ақ, Халықаралық қаржы орталығының (IFC) базасында жоғары оқу орындарының 10 басшыларына арналған медициналық мектептерінде корпоративтік басқару мәселелері бойынша семинар өткізді. Астанада медицина университетінде Корпоративтік басқару орталығы құрылды.

Денсаулық сақтау жүйесінде корпоративтік басқару принциптерін енгізу және басқарушы алқалы органдарының өкілеттіктерін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Денсаулық сақтау нысандарын және корпоративтік хатшылардың басқару органдарының мүшелерін оқыту үшін International Finance Corporation және Қазақстан тәуелсіз директорлар қауымдастығымен әріптестік басталды.

Корпоративтік басқару нысандарын енгізу басқарушылық дербестігі университеттерді қамтамасыз ету Назарбаев Университетінің тәжірибесі негізінде медициналық мектептердің академиялық және әкімшілік тәуелсіздік кезең-кезеңмен кеңейту үшін: 5 мемлекеттік медициналық жоғары оқу Қадағалау кеңестері, АҚ «Астана медицина университеті» Директорлар кеңесі, жоғары оқу орындарының ұйымдық құрылымы қайта қаралған.

«Денсаулық сақтау әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы құрылған тұжырымдамасыдағы 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Соның ішінде бақылау кеңесінің және алқалы органдарының мүмкіндігін кеңейту (басқару, ішкі аудит қызметі) енгізу тұрғысынан.

«Денсаулық менеджері» кәсіби стандартын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Денсаулық сақтау менеджерлері үшін оқыту бағдарламаларының тақырыбы жасалынған.

ДББҰ-ның Назарбаев Университеті» Жоғары мектебінің білім беру бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, менеджерлер мен қызметкерлері үшін тренинг басталды (Қазақстанның 8 медициналық ұйымдарында 32 маман).

Бюджет шеңберінде, іс-шараларды іске асыру кезеңі 2017-2019 жылдары көзделген.


Бесінші бағыт аясында 8 іс-шараны жүзеге асыру қарастырылған. Соның ішінде 2016 жылы 2 іс-шара аяқталуы жоспарланып, өз уақытында орындалған.


6-бағыт

Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру

Адами ресурстарды басқаруын жетілдіруі, медициналық білім беруді жаңғыртуы, инновациялар мен медицина ғылымын дамытуы қарастырылған.


ДСДРО жаңында Денсаулық сақтау кадрлық ресурстардың обсерваториясы жұмыс істейді (бұдан әрі – Обсерватория). СБК қабылданған, Денсаулық сақтау кадрлық ресурстардың обсерваториясының Стратегиясы жасалынды.

Кадрлық ресурстардың обсерваториясының негізгі міндеттер:

- денсаулық сақтау жүйесіндегі кадрлық қамтамасыз етуінің жайдайын бақалау;

- денсаулық сақтау кадрлық ресурстардың (бұдан әрі – ДСКР) жағдай туралы талдамалық және есептік ақпаратты қалыптастыру;

- кадрлық потенциалдың саңалық және сапалық құраушыларды талдауына әдістемелік тәсілдемеларді жасау;

- денсаулық сақтау кадрлық ресурстарды ұзақ мерзімдік және орта мерзімдік жоспарлау;

- денсаулық сақтау саласындағы технологиялық және кәсіптік, жоғары және жоғары кейінгі ұйымдарында оқуына алуын жоспарлау бойынша ұсыныстар жасау;

- ДСКР саласында зерттеулерді жүргізу және т.б.

2016 жылдың қордындысы бойынша Обсерваториясымен ДКР бойынша статистикалық есеп жүргізу әдістемесін жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдар жасалынған және бекітілген, оның ДДСҰ, Еуростат ұсынымдарымен үйлестіруі жүргізулуде. ДКР дефицитты анықтау методикасы, медициналық ұйымдардың кадрлық қөызметтердің құзырет модельдері, кадрлық қызметтердің жұмысын бағалау әдістемесі және индикаторлар жасалынған. Сондай-ақ, ДКР есептеу, талдау және бақылау тиімді жүйесін қалыптастыру және ДКО қажетілікті жоспарлау және болжамдау әдістерін жетілдіру бойынша іс-шаралар іске асырылған, солар келесі жылдары жалғастырылады.

Мемлекеттік бағдармала шеңберінде, жетекші халықаралық практиканы және Министрлігінің медициналық ЖОО-дың жетекші шетелдік мектептерімен ұзақмерзімді стратегиялық серіктестікті енгізу негізінде денсаулық сақтау кадрларды даярлау сапасын жеткізу болып саналатын, ҚР медициналық білімнің жаңғыртуы басталынған. Меморандумдар жасалынған, негізгі әлеуттік стратегиялық серіктестіктер анықталған (С.Ж. Асфендияров атындағы КҰМУ және Дьюк университеті, АҚШ, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті және Лунда университеті, Швеция, Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті мен Сент-Луиса университеті, АҚШ, Астана қаласының медицина университеті және Римның «Ла Сапиенца» университеті, Италия, Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтика университеті мен Гданьск медицина университеті, Польша).

Медициналық ЖОО мен жетекші шетелдік ЖОО арасында статегиялық әріптестіктің қорытынды I этапы бойынша медициналық ЖОО-да бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау сараптамасы және автономдық пен академиялық еркіндікті енгізу алғышарттары жүзеге асырылды.

Жоғары оқу орындарының академиялық және қаржылық менеджмент жүйесін талдау және статегиялық әріптестіктің ұсынымдары негізінде 2017-2021 жылдарға арналған медициналық жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық автономиясын кеңейтуге арналған іс-шараларды қамтитын даму стратегиясы бекітілді.

Бүгінгі таңда, ШЖҚ РМК «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ҚР Үкіметінің қаулысымен АҚ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» болып қайта құрылды.

Алайда, мемлекеттік бағдарламадағы медициналық білім ерекшелігін ескере отырып ғылым, тәжірибе және білім беру интеграциясының қажеттілігі аясында (Университеттік ауруханалар) шетелдік жетекші елдерінің тәжірибесі бойынша кешенді медициналық орталықтар құру қарастырылған.

Халықаралық тәжірибе, сондай-ақ тек қана ғылым, тәжірибе және білім беру интеграциясы контекстінде қазіргі заманғы білім мен бәсекеге қабілетті дәрігер оқыту үшін тиімді ортаны құруға болады деп көрсетеді. Университеті ауруханалар медициналық және академиялық қызметті жүзеге асыру үшін ғана негіз болып табылмайды, сонымен қоса ол табысты ғылым, білім мен тәжірибенің тиімді интеграциясын көрсететін, медициналық жаңалықтар мен инновациялар орталықтарына айналады (медицина бойынша Нобель сыйлығы лауреаттарының көпшілігі - Университеттік ауруханадан шыққандар).

Университеттік аурухана - медициналық инновациялар мен ғылым орталығы ғана емес, сондай-ақ «дәрігер-ғалым-ағартушы» моделін дамыту базасы.

Мамандарды елімізде және шетелде даярлау және қайта даярлау жөніндегі денсаулық сақтау саласы бойынша жыл сайын бөлінетін бюджет, қызметкерлердің кәсіби тұрақты дамуын қамтамасыз етуді көздейді.

Осылайша, 2016 жылғы 27 сәуірдегі «Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2016 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» № 330 бұйрығына сәйкес 14 637 маман оқылды, оның ішінде елдің ішінде – 14133; 44 шетелдік сарапшыларды тарта отырып (мастер-класстар) - 419 жергілікті денсаулық сақтау қызметкерлері мен 85 шет елдік мамандар.

Берілген оқытылу «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлау» 005 республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде өткізілген.
Алтыншы бағыт аясында 9 іс-шараны жүзеге асыру қарастырылған. Соның ішінде 2016 жылы 3 іс-шара аяқталуы жоспарланып, өз уақытында орындалған.


7-бағыт

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және қазіргі заманғы
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде денсаулық
сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету


Денсаулық сақтау ұйымдарының желісін жетілдіруі, жарақтандырудың және медициналық техниканы пайдаланудың тиімділігін арттыруы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуы қаорастырылған.


2016 жылғы 10 ақпанда Денсаулық сақтау ұйымдардың инфрақұрылымды және ҚР денсаулық саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестестікті дамыту бойынша жол картасы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрмен бекітілген және 2016 жылғы 28 шілдеде нақтылған.

Жол карта шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдардың жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды одан әрі дамыту, денсаулық сақтау объектлерін жеке сектор басқаруына тапсыру және жекешелендіру; МЖӘ келісімшарттар арқылы ақпараттық технологияларды енгізу; денсаулық сақтау әрекеттегі объектлерін медициналық жабдықтарымен жарақтандыруды жақсарту үшін МЖӘ механизмдерін қолдануы; бөлек республикалық денсаулық сақтау объектлерін іске асыруы жоспарланған.

Қазіргі ауқытта 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік жобалардың ықтимал тізімі 45 жобаларды құрыды (емханалар – 20, жабдықтар – 2, қоп бейінді стационарлар – 6, жедел медициналық көмек станциялар – 2, дәрігіерлік амбулаториялар – 4, оңалту орталықтар – 2, облыстық онкологиялық диспансер – 1, облыстық патологоанатомиялық бюросы – 2, офтальмологиялық диагностика орталығы – 1, облыстық туберкулезге қарсы диспансер – 1, офтальмологиялық аурухана – 1, стомотологиялық емхана – 1, кеңесші-диагностикалық орталығы – 1, медициналық қызметкер үшін жатақхана – 1), соның ішінде:

2 – республикалық концессиялық жобалар:

- «ҚР ДСӘДМ «Қарағанда мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК жанындағы Қарағанды қ. 300 төсек орынды көп бейінді клиникалық аурухананы құру және пайдалану» (2016 жылғы 20 желтоқсанда Жобаны кеңес беру сүйемендеу қызметтер бойынша байланысқан грант туралы келісім жасалынған);



- «ҚР ДСӘДМ «С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК жанындағы Алматы қаласында 300 төсек орынды көп бейінді аурухананы құру және пайдалану» (2016 жылғы 26 желтоқсанан концессиялық ұсынысқа экономикалық сараптамасының оң тұжырымы алынған).

43 – МЖӘ жергілікті жобалар (Ақмола облысы – 2, Ақтөбе облысы – 5, Алматы облысы – 2, Атырау облысы – 2, ШҚО – 2, БҚО – 2, Қостанай облысы – 2, Қызылорда облысы – 2, Павлодар облысы – 2, СҚО – 1, Манғыстау – 2, ОҚО – 9, Алматы қ. – 4, Астана қ. – 6).

Жергілікті маңыздағы МЖӘ жобалар даярлау кезеңдерге шақанда:

- жоспарлау бастапқы сатында: 7 жобалар (Ақмола облысы – 1, БҚО – 2, Қызылорда облысы – 2, Астана қ. - 2);

- кеңес беру сүйемелдеуді қаржыландыру сатында: 6 жобалар (ОҚО – 6);

- жобаның тұжырымдамасының жасау мен сараптамасын өту, концессиялық ұсыныс, ТЭН, конкурстық құжаттар, концессияның келісімщарт жобасы сатында: 19 жобалар (Ақмола облысы – 1, Алматы облысы – 2, Атырау облысы – 1, Қостанай облысы – 2, Павлодар облысы – 2, Манғыстау облысы – 2, Алматы қ. – 4, ШҚО – 2, ОҚО – 3);

- конкурсқа даярлау және концессионерді таңдау бойынша қайталанған конкурс сатында: 6 жобалар ( Астана қ. – 3, Ақтөбе облысы – 2, Атырау облысы – 1 );

- конкурс жүргізу сатында: 1 жоба ҚО – 1);

- МЖӘ келісімшарт жасау сатында: 4 жобалар (Ақтөбе облысы – 3, Астана қ. – 1).


2015-2016 жылдар 9 денсаулық сақтау объектлер бойынша сенімгерлік басқаруға беру келісімшарттар жасалған (Жамбыл облысының Тараз қаласындағы № 6 қалалық емхана; Алматы қаласының (№ 18 ҚЕ филиалы) бөлмесі; Ақтөбе қаласының Жедел шұғыл медициналық көмек облыстық станциясы; Жамбыл облысының Облыстық тері-венерологиялық диспансері, Жамбыл облысының Облыстық офтальмологиялық диспансері; Жамбыл облысының стоматологиялық емханасы; Жамбыл облысының № 2 қалалық емханасы; Жамбыл облысының № 7 қалалық емханасы; Жамбыл облысының онкологиялық диспансердің ғимараты хоспис ашуына).

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарымен сенімгерлік басқаруға 40 объектлерді беруге жоспапрланған (Солтүстік-Қазақстан облысы – 1, Павлодар облысы – 3, Атырау облысы – 4, Шығыс-Қазақстан облысы – 5, Ақмола облысы – 2, Қостанай облысы – 1, Қарағанды облысы – 2, Астана қ. – 3, Ақөбе облысы – 1, Манғыстау облысы – 1, БҚО – 2, Алматы қ. – 15).

Сонымен бірге, қазіргі ауқытта отаңдық өндірушілердің мемлекеттік қолдау шаралардың бірі мемлекеттік сатылым, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлем шеңберінде отаңдық өндірушілерді ұзақ мерзімді келісімшарттармен қамтамасыз ету болып саналады.

Қазақстан Республикасы аймағында өндірісі бар, отаңдық өндірушілермен медициналық техниканы жеткізу ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау бойынша даярлық және конкурстық рәсімдері жүргізілген.



жүктеу 2,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау