Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы оқу
бағдарламалары мен жоспарларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 404
бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 маусымда № 11364
тіркелді.
"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы
Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының
сәйкес
:
15-1) тармақшасына
БҰЙЫРАМЫН
1. Қоса беріліп отырғандарға:
1) осы бұйрыққа
сәйкес, "энергия аудиті" біліктілігі бойынша кадрларды
1–қосымшаға
қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламасы;
2) осы бұйрыққа
сәйкес, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
2–қосымшаға
сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
жөніндегі оқу бағдарламасы;
3) осы бұйрыққа
сәйкес, "энергия менеджменті" біліктілігі бойынша
3–қосымшаға
кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламасы;
4) осы бұйрыққа
сәйкес, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
4–қосымшаға
сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
жөніндегі оқу жоспары бекітілсін;
5) осы бұйрыққа
сәйкес, "энергия аудиті" мамандығы бойынша қызмет істейтін
5–қосымшаға
кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу жоспары бекітілсін;
6) осы бұйрыққа
сәйкес, энергия менеджменті саласындағы мамандық бойынша
6–қосымшаға
қызмет істейтін кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу
жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму
және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен
кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет"
ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен
кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының
,
және
1)
2)
3) тармақшаларында
көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан
Республикасы Инвестициялар
және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен
соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
______________ А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 12 мамыр
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 404 бұйрығына
1-қосымша
"Энергия аудиті" бағыты бойынша кадрларды қайта даярлау
және (немесе) біліктіліктерін арттыру жөніндегі
оқу бағдарламасы
1. Кіріспе
1. Қазіргі уақытта энергия үнемдеу саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың шешуші
міндеті, бірінші кезекте, "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012
жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы
(бұдан әрі - Заң) талаптарын орындау
Заңының
болып табылады.
Заңның негізгі талаптарының бірі энергетикалық зерттеулер өткізу, энергия үнемдеу
бағдарламаларын әзірлеу, энергия үнемдеу іс-шараларын ұйымдастыру және іске асыру болып
табылады.
Өткізілетін энергия аудиттері нәтижесінде энергияны және энергия ресурстарын үнемдеу
әлеуеті, ұсынылатын әртүрлі іс-шаралар енгізуден болатын экономикалық артықшылықтар
айқындалатындықтан, энергия үнемдеуге арналған жүйелік тәсілсіз және энергия аудитін жүзеге
асыратын ұйымдарда энергетикалық зерттеулер саласындағы персоналдың тиісті кәсіби
дайындығынсыз заң талаптарының орындалуы мүмкін емес.
Оқу бағдарламасы өнеркәсіп кәсіпорындары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
объектілерінің энергия аудитін өткізу тәртібі, энергия аудиттерін өткізген кездегі әрекеттер
жүйелілігі, қажетті аспаптық қамтамасыз ету, орындалған жұмыс нәтижелерінің ресімделгені
туралы анық ұғым береді.
2. Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
2. Бағдарламаның мақсаты:
Энергетикалық ресурстарды, отын-энергетика кешенінде, өнеркәсіп салаларында, көлікте,
агроөнеркәсіп кешенінде, коммуналдық-тұрмыстық секторда энергия тиімділігі деңгейінің
заманауи жай-күйін, энергия тиімділігі деңгейлерінің нормативтік және перспективалы
көрсеткіштерін, энергетикалық тиімділік көрсеткіштерін, олардың нормативтік мәндерге,
энергия ресурстарын ұтымды пайдалану және үнемдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың
нормативтік-құқықтық базасына сәйкестігін және расталуын анықтау, энергия үнемдеу және
энергия тиімділігін арттыру әдістерімен және технологияларымен таныстыру әдістері мен
құралдарын пайдаланатын жабдықтар мен жүйелердің энергетикалық тиімділігі саласындағы
тыңдаушылардың кәсіби деңгейі мен біліктіліктерін арттыру, жаңарнтылатын энергия көздерін
пайдалануды, қажетті іс-шараларды әзірлей және құжаттаманы ресімдей отырып әртүрлі
мақсаттағы объектілерді зерттеу дағдыларын қалыптастыруды, кәсіби қызметтің
өндірістік-басқару түрін орындауға дайындықты қоса алғанда.
3. Бағдарламаның міндеттері:
Жаңартылатын энергия көздерін қоса алғанда, энергетикалық зерттеу стратегияларын
әзірлеудің жалпы қағидаттары, энергия тиімділігінің нормативтік базасы, энергия тиімділігі
деңгейлерінің нормативтік және перспективалы көрсеткіштері, энергетикалық тиімділік
көрсеткіштерін және олардың нормативтік мәндерге сәйкестігін растау әдістері, энергия
үнемдеудің, энергия сапасын бақылау және арттырудың заманауи және перспективалық
ғылыми-негізделген технологиялары туралы түсінік қалыптастыру;
Энергетикалық зерттеулер өткізу және олардың нәтижелері бойынша есептік құжаттаманы
рәсімдеу әдістемелері; электр жабдығы мен желілерінің энергетикалық тиімділік көрсеткіштерін
анықтау; отын-энергетикалық теңгерімдерді құрастыру; өнім бірлігіне есептегенде электр
энергиясының меншікті шығындарын анықтау; электр желілеріндегі электр энергиясының
нормативтік технологиялық кемлерін анықтау білімін беру;
Тыңдаушыларды энергия тұтынуды үнемдеу бойынша іс-шараларды бағалауды ескере отырып,
энергия тұтынуға талдау өткізудің жалпы қағидаттарымен таныстыру.
Тыңдаушылардың өндірістік процесті, жабдықты, жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді
және жұмыс істеуін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындай білуін қалыптастыру.
4. Оқытудың түпкі нәтижелері:
Тыңдаушы энергия аудитін жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе)
біліктіліктерін арттыру бойынша бағдарламаны меңгеру нәтижесінде:
энергия үнемдеудің негізгі саясаты болып табылатын заңнамалық база;
энергия тиімді жүйелер мен шешімдер;
энергия ресурстарының шығындарын азайту үшін қажетті қабылданған іс-шаралар;