Конспект Орындаған: Хамитов А. Қарағанды қ. 2021 ж. Тақырыбы: Көліктік тарифтер және оны пайдалану ережелері



жүктеу 30,84 Kb.
Дата21.01.2022
өлшемі30,84 Kb.
#34137
түріКонспект
Теміржол көлігінде жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру КОНСПЕКТ Хамитов А.


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

«Өнеркәсіптік көлік» кафедрасы

Атькен Е.

Теміржол көлігінде жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру

конспект


Орындаған: Хамитов А.

Қарағанды қ. 2021 ж.



Тақырыбы: Көліктік тарифтер және оны пайдалану ережелері

Қысқаша мазмұны:



  1. Көліктік тариф, түрлері;

  2. Жүктерді тасымалдау төлемін анықтау;

  3. Тасымалдау төлемақысын есептеуді автоматтандыру.

Көліктік тариф дегеніміз жүкті тасымалдау жұмыстарының түрлері мен ерекшеліктеріне сәйкес қызмет көрсету ақысын белгілейтін бекітілген баға. Көлік мекемелерінің қызмет ақысы көліктік тариф арқылы есептейді. Тариф экономикалық өзгерістер мен қызмен көрсетудің сапалық көрсеткіштеріне тәуелді.

Теміржол көлігінде қолданылатын тариф түрлері:



  • Жалпы тариф – жүк көлігінің басым бөлігі тасымалданады. Тарифтың негізгіт түрінің бірі.

  • Дербес тариф – нақты жүктерге арналған жалпы тариф мөлшерінен жоғарлатылған немесе төмендетілген бағада, арнайы көлікпен немесе көліктермен тасымалданатын жүктерге қолданылады.

  • Жеңілдетілген тариф – қолданыс сипатына байлансты дербес тариф болып саналады. Мәселен, белгілі бір жүктерді арнайы белгілі бір мекемелерге тасымалдағанда, немесе мемлекеттік жалпы экономикалық саясаты аясында бекітілген тариф, жалпы тарифтен төмен бағада.

  • Жергілікті тариф – жергілікті мекемелермен тағайындалған тариф.

  • Халықаралық тариф – халықаралық келісімшарт пен келісімдер негізінде қолданылатын тарифтер.

Теміржол мекемесі жүкті тасымалдау құнынан басқа жүкті тасымалдауға байланысты қосымша қызмет түрлеріне төлем алады. Бұл төлем тасымалдау барысында жүкті тексеру, өлшеу, сақтау, вагондарды жеткізу, жинау, тиеп-түсіру сияқты қызметтер шығынын жабады.

Тарифтерды жасау үлгісіне сәйкес дифферинциалды, пропорционалды және аккордты деп бөлінеді.

Дифферинциалды тариф деп көлік жұмысының бірлігіне келетін тарифтік төлем тасымалдану арақашықтығына сәйкес өзгеретін тарифты айтады.

Пропорционалды тариф деп жүктерді тасымалдау құны тасымалдау қашықтығына сәйкес тікелей пропорционалды түрде артып не кеміп отыратын тарифты айтады.

Аккордты тариф деп белгілі бір жүктерді немесе шектелген арақашықтық үшін ғана қолданылатын келісілген тарифтік төлемді айтады. ,

Жүкті тасымалдау тарифына ықпал ететін негізгі белгілер: жүктің түрі, көлемі, ерекшеліктері, вагон түрі, вагонның кімге тиесіл екендігі, тасымал маршруты, ара қашықтығы, жылдамдығы, локация, дислокация.

Тасымалдау құнын анықтау (таксировка) - теміржолдармен орындалатын жүктерді тасымалдау өұны. Инфрақұрылым қызметтері мен басқа да тиесілі төлемдер арқылы (қосымша алымдар, вагондарды, контейнерлерді пайдалану төлемдері, жолсеріктердің қызметі, тараптардың келісімі бойынша төленетін жұмыстар мен қызметтер үшін айыппұлдар және т.б.) белгіленді.

Тасымалдау құнын анықтау кезінде жүкқағаз деректері негізінде жөнелту стансасынан қабылдау стансаға дейінгі арақашықтықты анықтайды, тасымалдауға ұсынылған жүк түрін анықтап, жөнелтілетін вагон түрін белгілейді және тарифті белгілеудегі тиісті ережелерін қолданады.

Жүкті тасымалдау тиімді әрі ұтымды болуы үшін жүктерді тасымалдау төлемі ең қысқа қашықтықпен есептеледі. Тасымалдаушыға байланысты жүктерді тасымалдау қашықтығы ұлғайған жағдайда да тасымалдау төлемақысы ең қысқа қашықтық кұнымен алынады.

Тасымалдау ақысы мен алымдары тарифтік басшылықта көрсетілген ережелерге сәйкес алынады.

Жүктің салмағын жуықтау шарты:


  • егер жүк 10 тоннадан аз болса, әрбір толық емес жүздік толық 100 кг деп есептеледі (матиматикалық жуықтау тәсілімен анықталады, мысалы, 2820 кг 2900 кг);

  • егер жүк 10 тоннадан көп болса, әрбір толық емес тонна салмақ толықтырылып есептеледі ((матиматикалық жуықтау тәсілімен анықталады, мысалы, 14250 кг 15 тонна).

Тарифтік жүйенің құрамдас бөлігі ретінде жүктерді тасымалдауға байланысты тасымалдаушы орындайтын қосымша операциялар үшін алынатын алымдарды қарастыруға болады.

Тарифтік басшылықта төлем алынатын келесі қосымша операциялар көрсетілген:



  • жүкті өлшеу;

  • вагонды беру және алу, пойыз локомотивінің айлалық жұмысы;

  • тиеп-түсіру жұмыстары;

  • жүктің жарияланған құндылығын анықтау;

  • жүкті басқа мекен-жайға жіберу;

  • жүкті алып жүру және күзету.

Тасымалдау төлемақысын есептеуді автоматтандыру

Теміржол көлігінде жүктерді тасымалдау үшін төлемақыны жылдам әрі дәл есептеу үшін автоматтандырылған есептеуді жүзеге асыратын «Rail-Тариф» бағдарламасы қолданылады. Бұл жүйе Қазақстан, ТМД елдері, Латвия, Литва, Эстония және Грузия аумағы бойынша тасымалдау ақысын есептейді.



«Rail-Тариф» бағдарламасы ыңғайлы және заманауи интерфейс. Бір терезеден бастапқы деректер мен нәтижелерді егжей - тегжейлі көруге мүмкіндік береді. «Rail-Тариф» құрамына қосылған қосалқы қызметтері арқылы автоматты түрде теміржолдарында жалпы пайдаланымдағы вагондарды және контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлемақы, тұрған вагондар мен контейнерлерді кешіктіргені үшін алынатын айыппұлдарды және т.б. алымдар мен қосымша амалдарды есептейді.

«Rail-Тариф» бағдарламасында қабылдау және жөнелту стансалары таңдалған соң автоматты түрде тасымалдау арақашықтығы анықталады. Содан кейін тасымалданатын жүктің түрі, салмағы, вагонның түрі мен саны және оның жөнелтілім түрі, тасымалдау жылдамдығы таңдалады. Нәтижесінде «Rail-Тариф» бағдарламасы автоматты түрде жүктің кодын және сыныбын анықтап берді. Барлық мәліметтер енгізілгеннен соң, бағдарлама жүктің тасымалдау құнын автоматты түрде есептеп береді.
жүктеу 30,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау