ПОӘК 042-18-20.1.56/03-2016
|
№ 1 баспа
|
беттің -беті
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ОӘК
|
ОӘК 042-18-20.1.28/03-2016
|
«Радиологиялық сараптама» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
№1 басылым
11.09.2016 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
(СИЛЛАБУС)
Пәннің атауы: «Радиологиялық сараптама»
Кредит саны: 3
Шифр – мамандықтың атауы: 5В030100 «Құқықтану»
Факультет, кафедра: Экономика және құқық факультеті, «Құқықтану» кафедрасы
2016ж
Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011жылғы 26-қазандағы №734 бұйрығымен бекітілген радиациялық гигиена пәнінен типтік оқу бағдарламасы негізінде «Құқықтану» кафедрасымен құрастырылды.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама № ____ «____» ________ 2016 ж.
Кафедра меңгерушісі
м.ғ.к., доцент ________________ Толысбаева А.Д.
ОҚМФА қоғамдық денсаулық сақтау және медициналық-профилактикалық пәндер бойынша жүйелік әдістемелік комиссия мәжілісінде қаралды.
Хаттама № ____ «____» ________2016 ж.
Комиссия төрайымы ., _______________
ОҚМФА Әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
Хаттама № «____» ________2016 ж.
МАЗМҰНЫ
|
|
|
|
|
|
1
|
Жалпы ереже
|
|
2
|
Пәннің мазмұны мен сағаттардың бөлінуі
|
|
3
|
Курс саясаты
|
|
4
|
Бағалау саясаты
|
|
5
|
Әдебиеттер мен интернет-ресурстар
|
|
|
|
|
«Радиологиялық сараптама» пәні бойынша
студенттерге арналған оқу бағдарламасы (SYLLABUS)
1.1 Кіріспе
Радиациялық сараптама – бұл иондаушы сәулелердің адамға әсер ету жағдайын, түрлерін және салдарын зерттейтін және адам денсаулығын қорғауға бағытталған шараларды зерттеп, дайындайтын ғылым.
Радиациялық гигиена иондаушы сәулеленудің, иондағыш радиация көздерімен жұмыс істейтін адамдардың және бүкіл халықтың денсаулығына тигізетін әсерін зерттейді және олардың жұмыс және тұрмыс жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғану шараларының кешенін дайындайды. Радиациялық ластану қазіргі таңның өзекті мәселесіне айналып отыр. Қоршаған ортаның радиобелсенділігі біздің өміріміздің бөлінбейтін бір бөлшегі, сондықтан да радиациялық сәулелену заңдылықтарын толық меңгермей Қазақстандағы, дүние жүзіндегі радиация жағдайын шынайы бағалау мүмкін емес. Радиациялық сараптама профилактикалық заң-криминалистикалық ғылыми бір саласы, сол себептен де «Құқықтану» мамандығының студенттері бұл саланың сұрақтарын жете білулері қажет.
1.2 Пәннің мақсаты халықты және әртүрлі кәсіп иелерін радиациялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін, қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғау мақсатында жоғары білікті мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау мамандарын дайындау.
1.3 Оқытудың міндеттері
Негізгі заңдылық акітілерімен танысу: «Қазақстан Республикасы Конституциясы», ҚР «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі» заңы, «Радиациялық қауіпсіздік нормасы», ҚР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» үкімі».
Иондаушы сәулелеудің көздерін қолдануымен байланысты адамның кәсіптік іс-әрекеті жағдайындағы және де халық тұратын орта жағдайындағы және ағзаның бір-біріне тигізетін әсерін дұрыс түсіну үшін пәннің теориялық негіздерін таныстыру.
Нақты жағдайларда радиациялық жағдайды бағалау мен обьективті ақпарат алу үшін санитарлық-дизиметрлік бақылау жүргізу әдістерін игерту және меңгерту.
Радиациялық сараптама саласында ескертпелі және ағымды мемелекеттік санитарлық бақылауды жүргізу мен радиациялық қауіпті нысандарда радиациялық жағдайды жақсарту бойынша ғылыми негізделген шараларды жасаудың теориялық негізі мен дағдыларды игерту.
1.4 Оқытудың соңғы нәтижесі
Студентбілуі тиіс:
- радиациялық сараптама және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі зандылық
құжаттарын;
- "Радиациялық сараптама" ғылымының шығу және даму тарихын;
- МСЭҚД радиациялық сараптама бөлімі мен СЭСО радиациялық
лабораториясының құрылымы мен ұйымдастырылуын;
-ядролық физика элементтерін (атом құрылысын, радиобелсенді
ыдыраудың негізгі заңын, ыдырау-жартылай ыдырауды сипаттайтын
негізгі шамалар, белсенділікті, белсенділіктің өлшем бірліктерін);
- радиобелсенді айналымдар түрлері мен олардыц сипаттамасын;
- иондаушы сәулелер туралы түсінік, олардың жіктелу қасиеттерін;
- иондаушы сәулелердің заттармен әрекеттесу түрлерін;
- иондаушы сәулелердің сандық сипаттамасы, сәулелену дозасы түсінігі мен
олардың өлшем бірліктерін, доза қуаттылығын, өлшем бірліктерін;
-иондаушы радиацияның ағза мен адамға әсер ету, ағзаның негізгі арнайы
емес реакцияларын және арнайы биологиялық әсерін;
-радиосезімталдық түсінігін және радиосезімталдығы бойынша ағза
ағзалары мен тіндерінің бүлінуін;
- адамға радиациялық әсердің сараптамалық нормалануы мен болжамдау
негіздерін;
- дозалар шегі, сыртқы сәулеленудің дозалық шегі, ішкі сәулеленудің рұқсат
етілген шегі туралы, бақылау денгейлері туралы түсініктерін;
- араласу деңгей туралы түсінікті (АД);
- жылдық тиімді сәулелену дозасы мен дозалық коэффициентін;
- тұрғындардың бір мезеттік сыртқы және ішкі сәулеленуге ұшырау түсінігін
және осы жағдайларда орындалуға қажетті талаптарды;
- медициналык тексерулер кезіндегі тұрғындардың сәулеленуге ұшырауын
нормалауды;
- ашық және жабык иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс кезіндегі
қызметкерлердің қорғану қағидалары, әдістері және шараларын;
- радиациялық қауіпсіздікке байланысты радионуклидтердің жіктелуін;
- ашық иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс түрлерін;
- иондаушы сәулелердің ашық және жабық көздерін қолданатын
мекемелердің, кабинеттердің орналасуы мен жоспарлануын;
- радиациялық сараптамада колданылатын зерттеу әдістерін (дозиметриялык,
соның ішінде ЭПР-дозиметриялық, радиометриялық, спектрометриялық,
радиохимиялық);
- жұмыс істеу жабдыктарының, аспаптардың көмегімен және жағындылар
алумен кызметкер қолдарының радиобелсенді заттармен ластануын анықтау
әдістерін;
- иондаушы сәулеленуді тіркеу әдістерін;
- радиациялық сараптама саласында қолданылатын аспаптар, олардың
жіктелуін, құрылымын, жұмыс істеу қағидаларын, колданылу тәртібін;
- радиациялық фон, табиғи радиациялық фон (ТРФ),
технологиялық өзгерген ТРФ, жасанды радиациялық фон туралы
түсініктерін;
- қоршаған ортаның радионуклидтерімен ластану көздерін, қорғану
шараларын;
- атомдық және ядролық апаттар туралы түсініктерін;
- атомдық апаттардың жіктелуін;
- атомдық аппаттар кезіндегі аймақтарға бөлуді;
- қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығы үшін ядролық қарулар
сынақтарынын салдарын;
- радиоактивті қалдықтарды өндеу, жою және көмудің казіргі кездегі және
болашактағы әдістерін;
- радиациялық сараптама саласындағы ескертпелі және ағымдык мемлекеттік
бакылау бойынша шаралар кешендерін;
- радиациялық сараптама саласындағы ескертпелі және ағымдык мемлекеттік
бакылау бойынша құжаттарды.
істей алуы тиіс:
- дозиметрлік аспаптар көмегімен дозиметрлік зерттеулер жүргізуді;
- есептеу әдісімен сәуле кабылдау дозасын аныктауды;
- есептеу әдісімен және арнайы кестелер көмегімен радиациялык корғану
шараларын аныктауды (кашықтыкпен корғау, мөлшермен корғау,
уакытпен қорғау, экранмен қорғау);
- радиометрлік, радиохимиялық, спектрометрлік зерттеулер жүргізу үшін
қоршаған ортаның әртүрлі нысандарынан(ауа, су, топырақ, азык-түліктер)
сынама алуды;
- қоршаған ортаның әртүрлі нысандарынан (ауа, су, топырақ, азық-
түліктер) белсенділік деңгейін аныктау мақсатында радиометрлік,
радиохимиялық, спектрометрлік зерттеулер жүргізуді;
- аспаптың көмегімен және жағындылар алу әдісімен жабдыктардың,
жабдықтар бетінің, қызметкерлер қолдарының радиоактивті заттармен
ластануын анықтауды;
- радиоактивті заттар мен басқа иондаушы сәулелену көздерін қолданатын
мекемелерге санитарлық тексеру жүргізуді;
- дозиметрия, радиометрия, спектрометрия деректерін талдау мен бағалауды;
- қоршаған орта нысандары мен әртүрлі материалдан жасалған жабдыктар
беттеріне дезактивация жүргізуді;
- радиобелсенді қалдыктарды өндеу, жою және көмуді тиімді жүрізуді
бағалауды;
- ескертпелі санитарлық бақылау саласында радиациялық тексеру бойынша:
гамма фон және радонның болуы ескеріліп, тұрғын, коғамдық үйлерді
салуға жер телімдерін бөлуге санитарлық қорытынды беруді;
- радиациялық қауіпті нысандарды салуға жер телімін бөлуге санитарлық
қорытынды беруді;
- радиациялық қауіпті нысандарды орналастыруда санитарлық-қорғаныш
аймағын анықтауды;
- радиоактивті заттар мен басқа иондаушы сәулелер көздерін қолданатын
құрылыстар жобаларына және мекемелер реконструкциясына сараптама
жүргізуді;
- санитарлык ережелерге сәйкес радиациялық техниканы, аспаптарды,
аппаратураларды орнатудың техникалық құжаттары бойынша шешімді
қарастыруды және дайындауды;
- радиоактивті заттар және басқа иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс
кезінде қолайлы жағдай жасау мақсатында мекемелерге санитарлық-
сараптамалық тексеру жүрізуді;
- ағымды санитарлық бақылау саласында: мекемелер, ведомствалар немесе
арнаулы территорияларда радиациялық қауіпсіздік жағдайларының
қолайсыз өзгерістерін уақытылы анықтау мен жоюға бақылау жүргізуді;
- жаңадан бекітілген заңдылыктарға және баска регламенттеуші кұжаттарға
сәйкес радиациялық жағдайға ез уақытында бақылау жүргізуді;
- сәулелік диагностиканың медициналық кабинетінде рентген сәулелерін
дозиметрлік өлшеудің әртүрлі құжаттарын (хаттаманы), радиобелсенді
заттарды қабылдауға, санитарлық паспорт алуға сұранысты, радиологиялық
зерттеулер кезіндегі зертханалық тәжірибелер хаттамасын, азық-түліктің
радиациялық қауіпсіздігі жөніндегі сараптамалық шешімді құрастыруды және
іс-кағаздарын толтыруды;
- радиациялық кауіпсіздік жөнінде медицина кызметкерлері және барлық
тұрғындар арасында сараптамалық білім денгейін жоғарылату бойынша
шараларды (дәрістер, семинарлар, әңгімелесулер, жалпыға арналған
акпараттар) жүргізуді
машықтануы тиіс:
- компьютерлік технологияны пайдаланумен тіркеу-есеп 6epv кұжаттарын
жургізуге;
- интернетжәнеинтранет желісінде, персоналды компьютерде жұмыска;
- ғылыми зерттеулер жүргізуге;
- радиологиялык нысаналарда санитарлык-дозиметрлік тексерулер жүргізуге;
1.5 Реквизитке дейінгі экология және тұрақты даму, физиология,
қоршаған орта және халық денсаулығы.
1.6 Реквизиттен кейінгі коммуналды сараптама,еңбек сараптамасы, тағам
сараптамасы, балалар мен жасөспірімдер сараптамасы, жалпы сараптама,
қоғамдық денсаулық және денсаулықты сақтау.
1.7Тақырыптық жоспар: тақырып,әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтылығы (дәріс, тәжірибелік,өзіндік жұмыс)
Курс
|
Семестр
|
Кредиттер
|
Дәрістер
(сағ)
|
Тәжірибелік сабақтар
(сағ)
|
СОӨЖ
(сағ)
|
СӨЖ
(сағ)
|
Барлығы
(сағ)
|
Қорытынды бақылау формасы
|
4
|
7
|
3
|
30
|
15
|
22,5
|
67,5
|
135
|
емтихан
|
1.7.1 Дәрістің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізілу
түрі
|
Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)
|
1кредит
|
1
|
Радиациялық сараптама пәні және мазмұны. Ғылымның негізгі даму кезеңдері. Радиациялық сараптамада қолданылатын әдістер. Заңдылық құжаттар. Радиациялық сараптамада қолданылатын негізгі түсініктер және олардың сипаттамасы. Радиобелсенді ыдырау заңы.
|
Шолу
|
1
|
2
|
Иондаушы сәуле көздері, олардың сараптамалық сипаттамасы. Адамның қазіргі кездегі сәуле қабылдау денгейі.
|
Мәселелік
|
1
|
3
|
Радиациялық эффектілер халықтың әртүрлі топтарындағы сәуле қабылдау денгейін реттеу мен оның салдарын бағалау негізгі ретінде.
Адамға радиациялық әсерлерді сараптамалық нормалау және болжамдау
|
Мәселелік
|
1
|
4
|
Ашық және жабық иондаушы сәуле көздерімен жұмыс істеу барысындағы қорғаныс қағидалары.
|
Шолу
|
1
|
5
|
Радиациялық қауіпсіздікті бақылау адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғаудың маңызды элементі ретінде.
|
Мәселелік
|
1
|
|
Барлығы 1- кредит
|
|
5
|
2 кредит
|
6
|
ҚР санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерініц радиациялық сараптама саласындағы жұмысының құрылымы мен ұйымдастырылуы.
|
Шолу
|
1
|
7
|
Радионуклидтермен қоршаған ортаның потенциалды ластау көздері, тегі жасанды радионуклидтердің таралуы.
|
Мәселелік
|
1
|
8
|
Қоршаған ортанырадиобелсенді ластанулардан қорғау.
|
Мәселелік
|
1
|
9
|
Радиациялық және ядролық апаттардың сараптамалық аспектілері.
|
Мәселелік
|
1
|
10
|
Атом электростанциялары халықтың сәуле қабылдауы мен қоршаған ортаның ластануы көзі ретінде. Атом энергетикасының даму перспективасы.
|
Мәселелік
|
1
|
|
Барлығы 2- кредит
|
|
5
|
|
Барлығы:
|
10
|
2.7.2 Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізілу түрі
|
Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)
|
№1 кредит
|
1
|
Радиациялық сараптамадағы ядролық физика элементтері. Дозаларды анықтаудың және қызметкерлерді сыртқы сәулеленуге ұшыраудан қорғаудың есептеу әдісі.
|
Шағын топпен жұмыс, «Түймедақ» әдісі
|
2
|
2
|
Радиациялық сараптамада қолданылатын радиометрлік зерттеу әдістері. Эталондарды дайындау, қондырғы есебінің тиімділігін аныктау, препараттың белсенділігін аныктау тәсілі.
|
Шағын топпен жұмыс, құралдармен жұмыс
|
2
|
3
|
Иондаушы сәуле көздерімен жұмыстың санитарлық ережелері. Жұмыс жабдыктарының және кызметкерлер қолдарының радиобелсенді заттармен ластануын зерттеу әдістері.
|
Шағын топпен жұмыс, «Түймедақ» әдісі
|
2
|
4
|
Қоршаған орта нысандарын санитарлықсараптау. Қоршаған орта нысандарын дезактивациялау әдістері.
|
Шағын топпен жұмыс,
«Миға шабуыл» әдісі
|
2
|
5
|
Мемелекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау облыстық департаментінің радиациялық сараптама бөлімі (СЭБОД мен санитарлық эпидемиологиялық сараптаудың облыстық орталығының радиологиялық зертханасы (СЭСОО) жұмысын ұйымдастыру. Радиациялық сараптама саласындағы ескертпелі және ағымды мемлекеттік санитарлык бақылау.
|
Шағын топпен жұмыс, «Лото» әдісі, нормативті құжаттармен жұмыс
|
2
|
|
Барлығы 1- кредит
|
|
10
|
№2 кредит
|
6
|
Радиациялық қауіпсіздік нормалары (РҚН - 99). Сыртқы қабылдаудың дозалык шектері. Ішкі сәуле қабылдаудың рұқсат етілген шектері.Радиометрлік зерттеулер үшін қоршаған орта нысандарынан сынама алу әдістері. Алынған сынамалардан препарат дайындау.
|
Шағын топпен жұмыс,
нормативті құжаттар-мен жұмыс
|
2
|
7
|
Стационарлық және жылжымалы радиометрлердің көмегімен ауаның, судың, тамак өнімдері мен топырақтың радиобелсенділігін гигинелық бағалау әдістері.
|
Реферат, пікірталас, презентация
|
2
|
8
|
«Радиациялық» және «ядролық» апаттар түсінігінің анықтамасы. Әртүрлі сапасы бойынша радиациялық апаттардың жіктелуі. АЭС-пен байланыссыз, оның салдары бойынша радиациялық апаттардың жіктелуі. Радиациялық және ядролық апаттарды қызметтік тексеру шараларын ұйымдастыру.
|
Теориялық сұрақтарды талқылау.
|
2
|
9
|
Радиациялық және ядролық апаттардың салдарын жою бойынша шараларды ұйымдастыру. Радиациялық апаттың ерте, аралык және қалпына келтіру сатысында аймаққа болу. Дезактивация түсінігі және оған көрсеткіш. Дезактивация әдістері.
|
Теориялық сұрақтарды талқылау,
«Пресс- конференция» әдісі
|
2
|
10
|
Қоршаған ортаның радиобелсенді заттармен ластушы потенциалды көздерінің сараптамалық сипаттамасы. Қоршаған ортаны радиобелсенді заттармен ластанудың қорғау шараларының жүйесі. Санитарлық зандылықта радиациялык кауіпсіздікті камтамасыз ету қағидалары.
|
Шағын топпен жұмыс, «Пресс-конференция» әдісі
|
2
|
|
Барлығы 2- кредит
|
|
10
|
|
Барлығы:
|
20
|
2.7.3.Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізілу түрі
|
Сағат саны
|
№1 кредит
|
1
|
Радиациялық сараптаманың даму тарихы. Ғылымның қалыптасуының негізгі кезеңдері.
|
Реферат, презентация, тақырып бойынша глоссарий, сөзжұмбақ, тест тапсырмаларын құрастыру, жағдайлық есептерді құрастыру, сөз жұмбақ, ғылыми- танымал мақалаларға талдау жасау,
тақырыптық альбом,
интелектуалды карта.
|
2
|
2
|
Иондаушы сәулелерді тіркеу әдістері.
|
2
|
3
|
Қызметкердің жеке бас сараптамасы мен жеке қорғаныс шаралары. Жеке қорғаныс құралдырының жіктелуі мен олардың сараптамалық сипаттамалары.
|
2
|
4
|
Ағзадағы радиобелсенді заттардың мөлшерін анықтау әдістері
|
2
|
5
|
Медицинада иондаушы сәуле көздерін пайдалану кезіндегі еңбек сараптамасы
|
|
6
|
Өнеркәсіпте иондаушы сәуле көздерін қолдану кезіндегі еңбек сараптамасы.
|
2
|
7
|
Әртүрлі иондаушы сәуле көздерінің заттармен өзара әсерлесуі.
|
2
|
8
|
Иондаушы сәулелердің жасушаға және көп жасушалы ағзаға әсері.
|
2
|
9
|
Биологиялық дозиметрия (электрондық парамагниттік резонанс және тағы басқалар) және олардың тәжірибеде қолданылуы.
|
2
|
10
|
Радиобелсенді индикаторлардың халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданылуы.
|
2
|
11
|
Қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығы үшін Қазакстан аймактарындағы көп жылдық ядролық сынақтар салдары.
|
2
|
12
|
Радиобелсенді заттар мен иондаушы сәуле көздерін пайдаланатын мекемелер мен өндірістерді санитарлық тексеру тәртібі.
|
2
|
13
|
Медициналық және рентген кабинеттерін радиациялық- сараптамалық тексеру.
|
2
|
14
|
Иондаушы сәулделер көздерін пайдаланатын мекемелер мен өндірістерде жұмысты ұйымдастыру мен радиациялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету. Радиобелсенді заттар мен иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс істеудің санитарлық ережелері (негізгі нормативті кұжаттар).
|
2
|
15
|
Аралық бақылау -8 апта
|
Кеңесу, тестілеу
|
2
|
|
Барлығы 1- кредит
|
|
30
|
№3 кредит
|
16
|
Иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс істеуге арналган мекемелер мен қондырғылардың орналасуына қойылатын сараптамалық талаптар. Өнеркәсіптердің ішкі жоспарлануына, санитарлық өткізгіштер мен саншлюздер қондырғысына қойылатын сараптамалық талаптар.
|
Реферат, презентация, тақырып бойынша глоссарий, сөзжұмбақ, тест тапсырмаларын құрастыру,
жағдайлық есептерді құрастыру, сөз жұмбақ, ғылыми- танымал мақалаларға талдау жасау,
тақырыптық альбом,
интелектуалды карта.
|
2
|
17
|
Иондаушы сәулелер көздерін әкелуге, тіркеуге, сақтауға және тасымалдауға қойылатын сараптамалық талаптар. Ашық көздермен жұмыс жасау кезінде желдетуге, шаң мен газдан тазалауға, сумен камтамасыз етуге, канализацияға қойылатын сараптамалық талаптар.
|
2
|
18
|
Атмосфералық ауада радиобелсенді газдар мен аэрозолдердің әрекеттері. Радиобелсенді изотоптардың жерасты суларында, беткі су қоймалары суларында таралуы.
|
2
|
19
|
Топыракта радиобелсенді заттардың әрекеттеріжәне олардың өсімдіктер мен жануарлар әлемінде таралуы. Дискриминация коэффициенті. Сыртқы ортаны радиоабелсенді заттармен ластану денгейі.
|
2
|
20
|
Биологиялық тізбек туралы түсінік. Түсу жолдары мен радионуклидтердің адам ағзасына жиналу үдерістері.
|
2
|
21
|
Радиобелсенді қалдықтар және олардың жіктелуі. Радиобелсенді қалдыктарды жинау, уақытша сақтау, тасымалдау мен залалсыздандыру. Радиобелсенді қалдықтарды көмудің экологиялық- сараптамалық мәселелері.
|
2
|
22
|
Атмосфераға жіберілген кұрамында радионуклидтері бар қалдыктарды залалсыздандыру әдістері. Сүзу, абсорбция, уақытпен ұстап тұру.
|
2
|
23
|
Сұйық радиобелсенді қалдыктарды қайтара өндеу әдістері. Дистилляция, тұңбалау, коагуляция, ионды алмастыратын сүзгілерді қолдану, физикалық-химиялық, биологиялық әдістер.
|
2
|
24
|
Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану. Радиобелсенді изотоптар мен иондаушы сәулелер көздерін медицинада қолданылуы.
|
2
|
25
|
Халыктың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны радиобелсенді заттардан қорғаудағы халықаралық ұйымдардың рөлі.
|
2
|
26
|
Атом энергетикасы өндірісі мен басқа да радиологиялық нысандардағы апаттардың себебінің жіктелуі және олардың салдарының масштабы.
|
2
|
27
|
Бөлмелердің радиациялық фоны. Радон мен оның өнімдерінің сараптамалық маңызы.
|
2
|
28
|
Радиацияның сырткы әсері кезінде фармакологиялык және биологиялық корғау.
|
2
|
29
|
Халыктың радиациялық қауіпсіздігін камтамасыз ету мен қоршаған ортаны радиобелсенді ластанулардан қорғау бойынша Қазакстан Республикасының негізгі заңдылық актілері.
|
2
|
30
|
Аралық бақылау- 15апта
|
Кеңесу, тестілеу
|
2
|
|
Барлығы: 3- кредит
|
|
30
|
|
Барлығы:
|
60
|
Курс саясаты
Пәнді меңгеру барысында студенттерге келесідей талаптар қойылады:
-Тәжірибелік және СӨЖ,СОӨЖ сабақтарына даярлау кезінде отандық әдебиеттер, жүйелі баспа материалдармен қатар, шетелдік әдебиеттерді қолдану
Берілген тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындау
Студенттердің медиация тәртібіне қатысты туындаған белгілі бір өзекті мәселелерге қатысты өз ойын заңи терминдерді қолдана отырып нақты білдіре алу
Дәріс немесе тәжірибелік сабақтарды жіберіп алған жағдайда оларды оқытушымен берілген жеке тапсырмаларды орындау арқылы тапсыру
7 және 15 апталарда студент аралық бақылауды тапсырулары қажет. 1- аралық бақылау коллоквиум нысанында ауызша, ал 2-аралық бақылау ауызша сұрақ жауап түрінде өткізіледі.
Барлық сабақтың 50% жіберген және аралық бақылау қорытындысы бойынша 50% төмен балл жинаған студент бақылаудан өтпеген болып саналып, жазғы семестрге қалдырылады.
Оқуда студенттерге қойылатын талаптар
сабақтарға міндетті түрде қатысу
барлық семинар сабақтарына, ОЖСӨЖ және аралық бақылауға дайын болу
семинарлар кезінде белсенді болу
барлық тапсырмаларды уақытында тапсыру
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысу
мұғаліммен әрқашан байланыста болу
Оқу үрдісі кезінде тыйым салынады:
- кешігіп келу және кетіп қалу;
- ұялы телефонды пайдалану;
- бір бірінен көшіру;
- оқытушы мен жолдастарды қатыссыз әңгімелермен уақыттарын алу;
Студенттердің білімін бағалау жүйесі кесте 4
А
|
95-100%
|
өте жақсы
|
А-
|
90-94
|
В+
|
85-89
|
жақсы
|
В
|
80-84
|
В-
|
75-79
|
С+
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
С
|
65-69
|
С-
|
60-64
|
Д
|
55-59
|
Д-
|
50-54
|
F
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
Қорытынды баға келесі формула арқылы есептеледі:
ҚБ=АБ1+АБ2/2*0,4+ЕБ*0,6
ҚБ – қорытынды баға
АБ1 – бірінші аралық бақылау
АБ2 – екінші аралық бақылау
ЕБ – емтихан бағасы
Ұсынылатын әдебиет:
негізгі:
«Пациенттерге медициналық рентгенологиялық тексеріс жүргізу барысында алынатын сәуле соққысының тиімді дозасына жүргізілетін бақылау». Бақылау әдістері бойынша әдістемелік нұсқау №5.05.012.03.- Астана қаласы, 2003.-28б.
«Дозаның аумаққа көбейтіндісін өлшейтін құралдарды қолдана отырып пациенттерді рентгенологиялық тексерістен өткізу барысында қабылдаған жеке тиімді сәуле соққысының дозасын анықтау». Бақылау әдістері бойынша әдістемелік нұсқау №5.05.011.03.- Астана қаласы, 2003.-14б.
Ильин Л.И., Кириллов В.Ф., Коренков И.П. Радиационная сараптама: учебник + СД.-М., 2010.-475с.
Архангельский В.И., Кириллов В.Ф., Коренков И.П. Радиационная сараптама: практикум: учебное пособие.-М.,2009.-352с.
қосымша:
«Санитарно-гигиенические требования по обеспечению радиационной безопасности». СанПин.-Астана, 2003.-210с.
Муминов Т.А., Кенесариев У.И., Бекмагамбетова Ж.Д., Туберкулез в регионе влияния ракетно-ядерного полигона.- Алматы, 2002.-328с.
Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие.- Алматы, 2002.- 304с.
Пивоваров Ю.П. и соавт. сараптама и основы экологии человека. Ростов н/Д: «Феникс», 2002.-512с.
сараптама. Под.общ.ред. Г.И. Румянцева.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2001.-608с.
Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж., Бекмагамбетова Ж.Д., Снытин И.А. Методические рекомендации по комплексной оценке загрязнения окружающей среды в регионах испытательных ракетно-ядерных полигонов Казахстана (на примере региона испытательного ракетно- ядерного полигона «Капустин Яр»).- Астана, 2000.-20с.
Рыскулов С.Т.Экология и радиация. Алматы, 2000.-40с.
Указ Президента РК №3956 «О первоочередных мерах по улучшению состояния здоровья граждан РК».- 18.05.1998г.
Достарыңызбен бөлісу: |