Мурсалимова Н.К.
|
|
қазақ тілі және әдебиет мұғалімі
|
САБАҚ:
Менің туған күнім.
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 3
|
Қатысқандар: 12
|
Қатыспағандар: 0
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
1.Оқушыларға жаңа тақырыптың мазмұнын аша отырып, жаңа сөздерді меңгерту.
2.Оқушылардың сөздік қорларын байыта отырып, білім, білік , дағдыларын арттыру.
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Балалар сөз тіркестерінен қысқа сөйлемдер құрай алады, дұрыс оқи алады, сөздерді аудара алады.
|
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Берілген сөз тіркестерінен мәтін құрастыра алады, сөздерді тәуелдей алады және мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді таба алады.
|
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
Бірден оқи отыра сөйлемнің аудармасын бере алады, өз ойын тақырыпқа сай жеткізе алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады: сөздерді жекеше және көпше түрде тәуелдей алады.
|
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: торт, гүл шоғы, қонақтар, сыйлады, телефон, сыйлық, керемет
|
|
Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: менің туған күнім, не сыйлады?, тәтті торт, ойыншық сыйлады және т.б.
|
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Балалар, адамдар не үшін туған күндерін тойлайды?
- Сендер, туған күндеріңде сыйлық алғанды жақсы көресіңдер ме?
-Жаз айында туған жақсы ма, қыста туған жақсы ма?
-Туған күнді қызықты тойлау үшін, біз не істейміз?
|
|
Не себепті.......деп ойлайсыз?
- Не себепті туған күнде біз сыйлық сыйлаймыз?
|
|
Ишара:
-Балалар,сендер туған күндеріңде сондай керемет сыйлық алдыңдар. Сол сезімді сөзсіз кім жеткізе алады?(балалар, ым,мимика арқылы көрсетеді).
|
Алдыңғы оқу
|
Үй тапсырмасы: Тәуелдік жалғауын қайталау, туған күн туралы өлең жаттап келу.
|
ЖОСПАР
|
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері:
|
Ресурстар
|
Басы
|
1. Психологиялық дайындық. (5мин)
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!
-Оқушылардың көңіл-күйлерін білу үшін, балалар тақтадағы үш көңіл-күйдегі смайликтерді таңдайды.
2. «Миға шабуыл» (3мин)
- Балалар, туған күн қандай мейрам?
- Сендердің туған күндерің қашан?
- Аналарыңның туған күнін білесіңдер ме?
- Аға-інілеріңнің туған күні қашан?
(тақтадағы отбасы мүшелерінің портреттері арқылы әңгімелеу)
3. Топқа бөлу: (2мин)
партада үш түсті гүлдер жатады. Қызыл түсті гүлді таңдағандар 1 топты, көк түсті 2 топты, сары түсті 3 топты құрайды.
|
Интерактивті тақта.
Түрлі-түсті гүлдер-кеспелер.
|
Ортасы
|
Тапсырмалар:
1. «Шашыраған сөздер» (3мин)
Әр топ берілген сөздер мен суреттер арқылы сөйлем құрайды.
|