11.4 Жеңіл өнеркәсіп географиясы
Жеңіл өнеркәсіп – халықтың жеке сұранысын қанағаттандыратын өнім түрлерін шығаратын сала. Бұл жеңіл өнеркәсіп индустрияның ең қарқынды дамыған саласы.
Жеңіл өнеркәсіп халықтың матаға, киімге, аяқ киімге деген сұранысын және басқа да салаларды материалдармен қамтамасыз етеді.
Жеңіл өнеркәсіптің құрамына 30 ірі салалар кіреді және олар:
шикізатты алғашқы өңдеу;
тоқыма өнеркәсібі;
тігін өнеркәсібі;
аяқкиім өнеркәсібі топтарына біріктірілген
Өндірісті орналастыру факторлары. Жеңіл өнеркәсіптің шағын салалары,әсіресешикізатты өңдеу сатысында ауыл шаруашлығымен байланысты болып келеді.
Кәсіпорындардың орналастырылуына тұтынушылық және шикізат факторлары, сонымен қатар еңбек ресурстары басты фактор болып табылады. Ауыл шаруашылығынан өзге, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат базасы болып химия (органикалық синтез) – жасанды және синтетикалық материалдар (жасанды жібек және тері, химиялық талшықтар, синтетикалық каучук және т.б.) өндірісі қызмет атқарады.
Экономикалық жағынан дамыған елдерде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жер жерде ірі қалаларда да, сондай-ақ шағын және тіптен ауылдық елді мекендерде орналастырылады. Дамушы елдер үшін ауылдық өндіріс, оның ішінде үйде өндіру ерекше маңызды мәнге ие. Бұл ретте өндірілетін өнім тіптен экспортталады да (кілемдер, зергерлік бұйымдар және т.с.с.).
Соңғы жылдары әлемнің жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының орналастырылуына шешуші рөлді, әсіресе, кең тұтынылатын бұқаралық өнім шығаратын салаларда өндіріс технологиясының деңгейі емес, жұмысшы күшінің құны (еңбектің арзандығы) басты фактор саналып отыр. Өндірістердің «жаңа индустриалды елдерінде» және басқа да дамушы елдерде күн өткен сайын көбірек шоғырлануы дәл осымен түсіндіріледі. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірудегі дамушы елдердің үлесі жалпы алғанда айтарлықтай (40-45%-ға дейін) өсті.
Бірақ жеңіл өнеркәсіптің осында қымбат, ерекше сәнді тауарлары шығарылатын шағын салалары және өндірістері бар. Осыған ұқсас кәсіпорындар экономикалық жағынан дамыған елдердің («сәнді заңдастырушылардың») мамандануы болып табылады. Солай бола тұрса да, бұл салада да өндірістердің дамушы елдерге орын ауыстыруы (әсіресе, зергерлік, тері, кілем, фарфор өнеркәсібі саласында) байқалуда.
Аймақтық тұрғыда жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі бойынша Еуропа көш бастап келеді, одан кейін Азия мен Америка келе жатыр. Дүниежүзі елдері арасында өнім шығару бойынша алдыңғы орындарды Америка Құрама Штаттары мен Жапония, сонымен қатар Қытай иеленіп келсе, одан кейін, айтарлықтай артта қала отырып, тығыз топпен дамыған елдер де, дамушы елдер (Италия, Бразилия, Франция, Таиланд, Ұлыбритания, Аргентина, Тайвань аралы) иеленуде.
Жеңіл өнеркәсіптің құрамында көшбасшы болып бұрынғысынша үш сала: тоқыма, тігін және аяқ киім салалары қалуда.
Ең бірінші орында мақта-мата өндірісі (Қытай, Үндістан, Ресей), екінші орында – химиялық талшық маталар өндірісі (АҚШ, Жапония, Үндістан) тұр. Жібек мата өндірісі бойынша - АҚШ, Жапония, Қытай болса, жүн маталары бойынша – Ресей мен Италия мемлекеттері алдыңғы орында.
Арзан жұмыс күші бар Гонконг, Пәкістан, Үндістан, Египет, Бразилия мемлекеттері бас жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын экспорттаушы мемлекеттер болып табылады.
Жеңіл өнеркәсіптің дамуында:
химиялық талшықтардан өндірілетін маталар өндірісін төмендету;
дамушы елдер тігін өнеркәсібінің даму үлесінің кең етек алуы;
өндірілетін өнімдердің ассортиментін кеңейту сияқты белгілі тенденциялар қалыптасқан
Жеңіл өнеркәсіп – өнеркәсіптің ірі саласы. Жеңіл өнеркәсіп халық тұтыну тауарларын өндіретін бірнеше өңдеуші салалардың жиынтығы болып табылады. Басқа өндіріс салаларына қарағанда жеңіл өнеркәсіп ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеуші салалармен тығыз байланысты. (7-сурет)
7-сурет. Жеңіл өнеркәсіптің өндірістік байланыстары
Жеңіл өнеркәсіптің өндірістік процесіне шикізатты алғашқы өңдеу, дайын өнімді шығару кіреді. Жеңіл өнеркәсіпке:
тігін өнеркәсібі;
былғары-аяқ киім өнеркәсібі;
бағалы аң терілері;
галантериялық өнеркәсіп;
полиграфиялық өнеркәсіп;
тамақ өнеркәсібі жатады
Жеңіл өнеркәсіп өнімдері көптеген қосымша өнеркәсіп салаларында қолданылады. Жеңіл өнеркәсіптің жартылай фабрикаттары басқадай өнеркәсіп өнімдерін шығаруда негіз болып табылады. Жеңіл өнеркәсіп өнімдері жиһаз, авиация және автомобиль өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, көлік, денсаулық сақтау саласында қолданылады.
Қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіп әр мемлекет экономикасының ірі құрамдас бөлігі болып табылады. Эксперттердің пайымдауынша дүниежүзінде жеңіл өнеркәсіпті әрі қарай дамытуда басты назар өнімнің сапасын және ассортиментін кеңейту, оның жаңа түрлерін игеру және халықтың сұранысына орай өнім шығарылымын арттыру болып отыр.
Жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы басты тенденция – өнімнің сапасын жақсарту және шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту. Ол - өз кезегінде жаңа мата түрлерін, аяқ киімдердің замануи моделдері мен фасондарын, тігін және тоқыма бұйымдарын шығару, сапалы және ашық реңкі бояғыштар, жоғары сапалы химиялық сіңіргіштерді қолдану.
Жеңіл өнеркәсіптің басты ерекшелігі салынған капиталдың жылдам қайтарымдылығы. Өндірістің технологиялық ерекшелігі аз шығын жұмсау арқылы шығарылатын өнім ассортиментінің тез алмастырылымдылығы. Ол өз кезегінде өндірістің мобильділігі қамтамассыз етеді.
Шикізатты алғашқы өңдеу сатысында жеңіл өнеркәсіп ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста болады. Жеңіл өнеркәсіп базасын ауыл шаруашылығы тауарларымен бірге химия өнеркәсібінің жасанды және синтетикалық материалдары (жасанды жібек және былғары, химиялық талшық, синтетикалық каучук) құрайды.
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының орналасуына тұтынушылық (аяқкиім, тігін) және шикізаттық, еңбек ресурсының болуы әсер етеді.
Өнеркәсіптің басқа салаларымен салыстырғанда әлеуметтік маңызға ие болып отырған бұл сала белгілі бір аймақтағы немесе елдегі тұрғын халықтың сұранысын қамтамассыз ету мақсатында дамиды. Оның дамуындағы басты факторлардың бірі – сапалы жұмыс күшінің болуы. Соңғы онжылдықтарда өндіріске ҒТР жетістіктері кеңінен енгізіле бастады.
Құрылымы жағынан жеңіл өнеркәсі:
шикізат өндірісі (мақта талшығын алу, теріні бастапқы өңдеу);
жартылай дайын өнімдер өндірісі (жіп иіру, тоқыма, бояу, елтірі);
дайын өнімдер шығару (тігін өндірісі, кілем тоқу, аяқкиім) сияқты бірнеше сатылы өндірістен тұрады.
Қазіргі кезде, әсіресе дайын өнім өндірісі жедел қарқынмен дамуда.
Жеңіл өнеркәсіптің орналасуы XX ғасырдың екінші жартысында күрделі өзгерістерге ұшырады. Бұл сала бойынша дүниежүзі бойынша жетекші орынға Азия елдері шықты. Бұған жергілікті шикізат базасы, салыстырмалы түрде арзан жұмыс күші, азиялықтардың дәстүрлі кәсіби мамандануы себепші болды. Дүниежүзінде өндірілетін табиғи жібек пен джуттың (табиғи талшық алынатын өсімдік) барлығы дерлік, ал ірі қара мал терісінің 30%-дан астамы Азияның үлесіне тиесілі, мақтаның жартысынан астамы осында жиналады. Химиялық талшықтар өндірісінің 2/3 бөлігін Азия елдері өндіреді. Тек жоғары сапалы аустралиялық жүнді сатып алуға мәжбүр болады.
Ұзақ уақыт бойы Батыс Еуропаның меншігінде болған зығыр өндірісінен Қытай алдыңғы орынға шықты. Батыс Еуропа мен АҚШ неғұрлым күрделі технология мен сапалы шикізатты қажет ететін қымбат өнімдер (былғары елтірі бұйымдары, сәнді киім-кешек, қымбат аяқкиім және т.б.) өндірісінде жетекші рөлін сақтап отыр.
Жеңіл өнеркәсіптің табысты дамуы үшін Қазақстанда қолайлы факторлар мен алғышарттар бар - Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын 400 - 450 мың тонна мақта-шикізат жинайды, елімізде табиғи шикізат – мақта талшықтарын өндіру (жылына 130-170 мың теңге), жүн (жылына 15-20 мың теңге) және былғары шикізатының 7,5 млн. данасынан астамын өндіру, әлемдік тауар нарығына мата мен иірілген жіпті экспорттау мүмкіндігі бар.
Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі алдындағы негізгі міндет – шикізатты өңдеу, жоғары қосымша құны бар өнімді өндіру және оның сыртқы нарыққа шығуының болашағы есебінен ішкі нарықты жеңіл өнеркәсіп өнімдерімен қамтамассыз ету.
Сала дамуының негізгі бағыттары тоқыма, тігін, былғары және аяқ киім өнеркәсібін жетілдіру және диверсификациялау үшін ынталандыруды құрумен байланысты.
Жеңіл өнеркәсіп - тоқыма (мақта, мата), тігі, былғары аяқкиім, мех, фарфор-фаянс, т.б салаларға бөлінед. Жеңіл өнеркәсіптің ішінде шығарылатын өнім көлемі мен жұмысшы саны жөнінен басты орынды тоқыма өнеркәсібі алады.
Достарыңызбен бөлісу: |