Ет өнімдерін өндіру өнеркәсібі
Ет өнімдерінің нарығын (ет жартылай фабрикаттарын қоса отырып) зерттеу олардың құрамында құндылығы жоғары мал ақуыздары және басқа да маңызды құрамдас бөліктер бар, халық тамағының негізгі өнімі ретіндегі рөлімен анықталады. Әлемде ет өнімдерін тұтынудың өсуі халық өмірінің деңгейінің нақтылы көтерілуінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып қызмет ете алады. 2009 жылы жан басына ет тұтыну әлем бойынша орташа алғанда жылына 40 кг-нан асып түсті (құс еті бойынша – 12,6 кг; шошқа еті бойынша – 16,3 кг; сиыр/бұзау еті бойынша – 9,9 кг; қой еті бойынша – 2 кг). Бірақ бұл көрсеткіштер әлем елдері бойынша қатты ерекшеленеді. Азия елдері үшін бұл көрсеткіш 30 кг-нан, ал Африкада 15 кг-нан аспайды. Салыстыру үшін: дамыған елдерде жан басына шаққанда ет тұтыну 80-87 кг (бұл ет тұтынудың ғылыми негізделген нормасы) деңгейінде және тіптен одан жоғары тұр.
Мысалға, Қытайда соңғы 20 жыл ішінде жан басына шаққанда ет тұтыну 10 кг-нан 39 кг-ға дейін артты (2015 жылға қарай 55 кг деңгейге қол жеткізу жоспарлануда). Ресейде, керісінше, ет тұтыну екі есеге дерлік қысқарды. Орташа ресейлік ет өнімдерін Америка Құрама Штаттарының тұрғынына (117 кг, ал болжамға сәйкес 2008 жылға қарай бұл көрсеткіш 128 кг жетеді) қарағанда үш есе дерлік және Франция, Германия, Ұлыбритания тұрғындарына қарағанда екі есе аз тұтынады. Бірақ 2000 жылдардың басында жағдай отандық ет және ет өнімдерінің өндірісінің артуы жағына өзгере бастады, Ресей нарығында шұжық өнімдерінің импортының үлесі айтарлықтай қысқарды.
Әлемдік ет өндірісінің көлемі қазіргі уақытта 260 млн тоннадан асып түседі. Шошқа етін шығару артты (2005 жылы 100 млн тоннадан аса). Құс етінің әлемдік өндірісі – 80 млн тоннаға жуық (оның ішінде 50 млн тоннадан астамы – бұл әзірлеуге дайын құс еті – бройлерлердің еті, күркетауық еті және т.б.). Қой еті мен ешкі етін өндіру өсіп келеді (13 млн тоннаға жуық). Сиыр етін/бұзау етін өндіру көлемі негізінен алғанда дамып келе жатқан елдердің есебінен артуда және бүгінгі таңда 63 млн тоннадан асып түсті.
Еттің жалпы әлемдік өндірісінде бірінші орынға Азия елдері шықты (әлемдік өндірістің 30%-ы). Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың үлес салмағы біршама төмендеді (20%-дан). Азияның көшбасшы орындарға алға жылжуы бірінші кезекте Қытайда (әлемдегі бірінші орын), Үндістанда, Таиландта және басқа да елдерде ет өндірудің арта түсуімен байланысты болып отыр. Бұл ретте әлемдегі Ұлыбритания, Австралия және Аргентина секілді, қазірде тіптен көшбасшылар тобына да кірмей қалған, еттің дәстүрлі өндірушілерінің позициялары салыстырмалы түрде әлсіреп қалды.
Еттің барлық түрлерін өндіру бойынша әлемдік көшбасшылар – Қытай (67 млн тоннадан аса), Америка Құрама Штаттары (39 млн тоннадан аса), Бразилия (16 млн тоннадан аса), Франция, Германия Федеративтік Республикасы, Үндістан, Испания, Мексика, Ресей (4,6 млн тоннадан аса). Әлемдегі шошқа етін өндіруші негізгі елдер: Қытай (әлемдік өндірістің 50%-ы), Америка Құрама Штаттары (10%-ға жуық), Германия Федеративтік Республикасы, Испания, Франция, Бразилия, Польша, Канада, Вьетнам, Дания, Ресей,. Әлемдегі сиыр етін өндіретін негізгі елдер: Америка Құрама Штаттары, Бразилия, Қытай, Аргентина, Аустралия, Мексика, Германия Федеративтік Республикасы, Франция және т.б. Қой етін, лақ пен ешкі етін өндіру бойынша көшбасшылар: Қытай, Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия, Түркия және т.б. Тамақ өнеркәсібіндегі жылдам дамып отырған бағыттардың бірі құс етін өндіру болып саналады. Әлемдегі аса ірі өндіруші болып бүгінде Америка Құрама Штаттары табылады. Одан кейін Қытай мен Бразилия келе жатыр. Қытайдағы ет өндіру көлемі Еуропа Одағы елдерінің үлесімен теңесіп те қалды.
«Еттің өзін» - халықаралық ет саудасының негізгі бабын экспорттау айтарлықтай жылдам қарқындармен өсіп келеді. Әлемдік ет саудасы 2005 жылға қарай 20 млн тоннаға дейін дерлік өсе түсті (ет өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша әлемдік өндірістің шамамен 5-10%-ы). Әлемдік нарыққа 6,5 млн тоннадан аса сиыр еті, 5 млн тоннаға жуық шошқа еті және 8 млн тоннаға жуық құс еті келіп түседі. Ет тауарларын экспорттау географиясында бұрынғысынша Батыс Еуропа елдерінің үлесі үлкен. Қосындысында осы аймаққа және Солтүстік Америка елдеріне ет пен ет өнімдерінің экспортының ¾ бөлігінен астамы келеді.
Кей мемлекеттер үшін ет пен ет өнімдерін экспорттаудың сыртқы экономикалық іс-әрекетінің негізгі бағыттарының бірі болғандығын атай кеткен жөн. Басқа елдер ет тауарларын импорттау мүмкіндіктерін өзінің нарығын қамтамасыз ету және тұтынушыларға ұсынылатын дайын тағам өнімдерінің алуан түрлілігін кеңейту үшін кеңінен қолданып отыр. Елдер үшін әлемдік нарыққа бәсекелестікке қабілетті ет тауарларын («еттің өзін» немесе тірі малдарды әлде қайта өңделген ет өнімдерін) шығару мүмкіндігі еттің түріне және ет тауарларының типіне байланысты әртүрлі жағдайлармен және факторлармен анықталады.
Дүниежүзіндегі етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады (25-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |