Өнеркәсіп географиясы


Қант және қант өнімдері өндірісі



жүктеу 2,97 Mb.
бет92/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Қант және қант өнімдері өндірісі
Техникалық даму деңгейі бойынша тамақ өнеркәсібінің ішінен қант өндірісін бөліп көрсетуге болады. Қант өндіруде қантты фабрикалық тәсілмен шығару жетекші орын алады. Қанттың көптеген бөлігі дүниежүзілік нарыққа шығарылады.
Ірі экспорттаушы елдер – Бразилия, Куба, Аустралия, Оңтүстік Африка Республикасы және Тайланд, сонымен қатар еуропалық елдер – Франция, Нидерланды, Германия. Дүниежүзілік қант өндірісінің 2/3 бөлігі қант құрағының үлесіне, тек 1/3 бөлігі – қант қызылшасына тиесілі.
Қант дәстүрлі түрде экспорттық тауар болып табылады Соңғы кездері қант өндірісі дамыған елдерден дамушы елдер де қарай ығысуда.
Біз атап кеткенііміздей, тамақ өнеркәсібі ауыл шаруашылығымен тығыз байланысқан. Қант өндіретін кәсіпорындардың да өзінің дамуында шикізат базасына (қант қызылшасы, қант құрағы) бағытталғанын атай кеткеніміз жөн. Дамушы елдерде қанттың 95%-ы қант құрағынан жасалады. Дүниежүзіндегі рафинадталмаған қанттың аса ірі өндірушілері болып Бразилия, Үндістан, Америка Құрама Штаттары, Қытай, Аустралия, Таиланд, Франция, Мексика, Германия Федеративтік Республикасы, Куба табылады.
Қанттың (оның ішінде өңделмеген қантты) аса ірі экспорттаушылар – Бразилия, Таиланд, Франция, Австралия, Куба, Мексика, Германия Федеративтік Республикасы. Бірақ сонымен қатар соңғы жылдары қанттың бәсекелестері пайда болғандығын айта кету керек, бұл: тәттілендіретін, нәрлілігі төмен заттар мен сироптар. Оларды өндіру мен тұтыну жылдам өсіп келеді. Өндіріс негізінен алғанда дамыған елдерде жолға қойылған.
Дүниежүзінің бірқатар елдерінде бөліктерінде тәттілендіргіштер ретінде (құрақ және қызылша қантынан өзге) бірқатар өзге өнімдерді де, мысалға, жүгері сірнесін, үйеңкі сиропын, бал, сорго, пальма және құлмақ қантын қолданады.
Кондитерлік өнімдердің әлемдік нарығында Америка Құрама Штаттары, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Ресей, Франция, Қытай, Италия, Бразилия, Мексика ерекше көзге түседі. Кондитерлік өнімдердің ең жоғары орташа бағасы Жапонияда байқалады – 1 кг өнімге 20 долларға жуық (салыстыру үшін: Италия – 15,5 доллар, Швейцария – 15 доллар). Кондитерлік өнімдерді тұтыну бойынша алдыңғы орындарда Швейцария мен Ұлыбритания (1 адамға жылына 15 кг-нан), Германияда (13 кг), Нидерланды (12 кг), Америка Құрама Штаттарында (10 кг) иеленеді.
Темекі өнімдері. Темекі өнімдері нарығын екі топ елдерімен бөліп көрсетуге болады: жоғары дамыған – темекі өнімдері өндірісінің нарығы темекі өнімдеріне бай, бірақ темекі тартумен күресу нәтижесінде азаюда; дамушы елдер нарығы - табак өнімдерін тұтыну мен өндіру дамуда.
Темекі өнімдерін өндіруші кәсіпорындар ірі орталықтарға немесе темекі өнімдерін тасымалдаушы портар маңына қарай шоғырлануда. Бұл Батыс Еуропа елдеріне, сондай-ақ импорттық шикізатқа негізделген елдерге тән сипат болып отыр. Темекі өсіруші АҚШ мемлекетіндегі көптеген кәсіпорындар темекі өнімдерін сату орталықтарына шоғырланған.
Темекі өнімдерін өндіруші ірі елдер қатарына АҚШ, сонан кейін Қытай мен Үндістанды жатқызуға болады. Еуропа елдерінің ішінен ең ірі темекі өнеркәсібі өндірісі бойынша Германия, ондағы басты орталығы болып Берлин саналады. Себебі, соғыс жылдарынан кейін Батыс Берлинде жұмыссыздар санының көптеген бөлігі және негізгі кәсіпорын құрылысы осы жерлерде салына бастады. Қазіргі таңда, Ресейден басқа, барлық дамыған елдерде темекі өнімдерінің өндірісі қысқаруда, бірақ темекі өндірісі Түркия, Қытай мемлекеттерінде қарқындап дамуып келеді. Дамушы елдердегі сияқты Қытайда темекі тарту деңгейі максимумға жетіп отыр.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау