Экстенсивті (кеңейту) жол - қосымша қорларды (табиғи, материалдық, еңбек) пайдалану арқылы өндіріс көлемінің сан жағынан өсуі; интенсивті жолға қарама-қарсы.
Энергетикалық дағдарыс – энергетикалық ресурстардың, ең алдымен, мұнайдың өте-мөте тапшы болып, әрі қымбатты кетуі. Энергетикалық дағдарысты монополиялар әдейі туғызады, сөйтіп олар энергияны көбірек тұтынуға итермелейді, сонымен қатар бірқатар елдерде мұнай өндіруді әдейі тежеп тастайды, сол арқылы мұнай өнімдерінің бағасын қымбаттатады.
Энергияны көп қажет ету – белгілі бір тұтыну көзінің энергиясы қажетсінуі өнімді өндіруге, жұмысты орындауға жұмсалған энергия (электр, жылу, атом, сәуле энегиясы, т.б.) шығынын (қатынасын) білдіретін көрсеткіш. Жекелеген өнім шығаруға, жұмысты орындауға кеткен энергия шығынының натуралды бірлігін көрсету, немесе өнімнің (жұмыстың) өзіндік құны құрылымында жұмсалған құнын пайыз түрінде білдіру.
Электротехника және электроника саласы - автоматтандырылған басқару жүйелері мен телекоммуникация құралдарынан бастап, тұрмыстық техникаға дейінгі алуан түрлі өнімдерді шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |