Өнеркәсіп географиясы


- бөлім ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ ӨНЕРКӘСІП ГЕОГРАФИЯСЫ



жүктеу 2,97 Mb.
бет2/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

2- бөлім
ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ ӨНЕРКӘСІП ГЕОГРАФИЯСЫ

4. Отын-энергетикалық кешені


4.1. Отын өнеркәсібі
4.2. Энергетика және оны тасымалдау
5. Тау-кен өнеркәсібі
6. Металлургия кешені
6.1. Қара металлургия
6.2. Түсті металлургия
7. . Машина жасау кешені
7.1. Машина жасау кешеніне жалпы сипаттама. Құрамы, маңызы және
болашағы
7.2. Электрондық-энергетикалық машина жасау
7.3. Көліктік машина жасау
7.4. Ауыл шаруашылық машиналарын жасау
7.5. Станок, аспаптар мен құрал-жабдықтар жасау
7.6. Басқа салалық арнайы машиналар жасау
8. Химия өнеркәсіп кешені
8.1. Химия өнеркәсібінің географиясы
8.2.Полимер химиясы (химиялық талшық, синтетикалық смола және
каучук, пластмассалар)
8 .3. Минералды тыңайтқыштар өнеркәсібі
8.3.1 Азот тыңайтқышы
8.3.2 Фосфор тыңайтқышы
8.3.3Калий тыңайтқышы
9. Орман және ағаш өнеркәсібі
10. Құрылыс индустриясы
11. Агроөнеркәсіптік кешен
11.1 АӨК: алғышарттары, мазмұны және құрылымы
11.1.1 Агроөнеркәсіп кешеннің нарықтық экономикадағы орны
11.1.2 Агроөнеркәсіп кешенінің құрамы мен құрылымы,
қалыптасуы және дамуы
11.1.3. Агроөнеркәсіп кешенінің шикізат базасы
11.2. Агроөнеркәсіп кешенінің өңдеуші салаларының географиясы
11.2.1. Салалардың таралу ерекшеліктері, аймақтар бойынша орналасуы,
құрылымы
11.1.3. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені және оның
даму болашағы
11.3.Тамақ өнеркәсібінің географиясы
11.4. Жеңіл өнеркәсіп географиясы
12. Өнеркәсіп-инновациялық сектор


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


ҚОСЫМШАЛАР


ГЛОССАРИЙ


АЛҒЫ СӨЗ

«Өнеркәсіп географиясы» оқулығы Қазақстанның жоғары оқу орындарының жаратылыстану-ғылыми бағыттағы «5ВО60900» – география мамандықтарына арналған. Дүниежүзінің және Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік географиясы курстарында шаруашылықтың салалық құрылымын оқыту барысында да көмекші оқу құралы ретінде ұсынылады. Аталмыш оқулықтың қазақша нұсқасы алғашқы рет басылым көріп отыр.


«Өнеркәсіп географиясы» оқулығының мақсаты – өнеркәсіп және оның салаларының аумақтық ұйымдасуын және олардың орналасу заңдылықтарын зерттеу. Ол өз кезегінде материалдық өндірістің ең ірі әрі жетекші саласының аумақтық орналасуының өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастырады, сондай-ақ оны экономикалық, техникалық және табиғи жағдайларына сәйкес жалпы және аймақтық тұрғыда да зерттейді. Сонымен қатар оның мазмұнында географиямен қоса экономика, технология және экология мәселелері тоғысатындықтан, оқыту барысында тек қана географиялық емес, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық әдістер де қолданылады. Ал экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелер өзара ажырағысыз, әрі бір-біріне тәуелді келеді. Сондықтан қазіргі кездегі өнеркәсіп географиясының шаруашылық салаларына жалпы сипатттама берумен қатар, олардың өндірістік-технологиялық процестері мен экономикалық-географиялық жағдайларына, ғаламдық экологиялық және экономикалық проблемаларына да көптеп көңіл бөлінеді.
«Өнеркәсіп географиясы» оқулығы авторлық топ құрастырған бағдарламаның негізіне сай жазылып, дүниетанымдық идеяларды жүйелі және тиянақты етіп жеткізеді әрі оларды өмірмен тығыз байланыстыруға мүмкіндік береді. Оқулық осы заманғы өнеркәсіп салаларының дамуының негізгі бағыттарымен таныстырып, оны жаңа ақпараттар ағынында дұрыс түсінуге көмектеседі.
«Өнеркәсіп географиясы» оқулығының міндеті – студенттердің ой-өрісін кеңейтуге көмектесе отырып, әрбір өнеркәсіп саласының қалыптасуы мен дамуын, олардың шаруашылықтағы орны мен маңызын анықтау болып табылады.
«Өнеркәсіп географиясы» пәні студент жастардың жаңаша технологиялық, экономикалық және экологиялық ойлау қабілетін шыңдайды.
Жоғарыда аталғандай аталмыш оқулық туған тілімізде тұңғыш рет жарыққа шығуымен қатар, еліміздің жоғары оқу орындарының (негізінен классикалық университеттердің) география мамандықтарында бұрындары оқытылған оқулықтарынан мазмұндық сипаты жағынан ерекшелігі - жаңаша өндірістік қатынастар мен нарықтық экономика шарттарына сәйкес жазылуы.
Кеңестер заманында бұл оқу курсы Қазақстанда, сол кезде географ мамандарды дайындайтын жалғыз университет – «Қазақ мемлекеттік университетінде» (педагогикалық жоғары оқу орындарын қоспағанда) ғана оқытылғанды. Яғни ҚазМУ-дің «экономикалық география» мамандығында «Кеңестер Одағының өнеркәсіп географиясы» жеке оқу курсы ретінде оқытылған. Ал соңғы жылдары «Өнеркәсіп географиясы» пәні кейбір жоғары оқу орындарының география мамандықтарының жұмыс оқу жоспарларына таңдау компоненті құрамында енгізілген. Көбінесе бұл пәннен төл тіліміздегі оқу құралы болмағандықтан, студенттер қалауы басқа оқу курстарына ойысқан. Осы олқылықтың орнын жою мақсатында аталмыш оқулық жарыққа шыққалы отыр.
Тұжырымдай келе, бұл оқулық - «Өнеркәсіп географиясы» пәнінен мемлекеттік тілде шығарылып отырған алғашқы туынды, осыған орай авторлар ұжымы оқырман қауымнан оқулық туралы шынайы сын-ескертпелер күтеді, ал олар өз кезегінде оның ары қарай толықтырылып өңделуіне өз септігін тигізеді.


КІРІСПЕ

«Өнеркәсіп географиясы» пәні еліміздің жоғары оқу орындарының жаратылыстану-ғылыми бағытында кәсіби білікті географ мамандарды даярлаудағы таңдау компонентіндегі оқу пәндерінің бірі болып табылады. Курстың мазмұны жоғары оқу орындарының студенттері не, география пәнінің мұғалімдері мен әдіскерлеріне өнеркәсіп саласының географиясы бойынша білімді тереңдетуге негіз болады.


«Өнеркәсіп географиясы» пәнінің мазмұны жоғарыда аталған мамандықтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына толық сәйкестендірілген. «Өнеркәсіп географиясы» пәні білім алушылардың «Экономикалық және әлеуметтік географияға кіріспе», «Экономикалық теория негіздері», «Қазақстан мен ТМД-нің экономикалық және әлеуметтік географиясы» оқу курстарынан алған білімдеріне сүйене отырып, «Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» және «Қазіргі дүние географиясы» курстарымен қатар оқытылу арқылы, олардың экономикалық білімі мен дүниетанымын кеңейте түсуге, экономикалық және экологиялық ойлаудың негізін қалауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Қазақстан өз тәуелсіздігінің жиырмасыншы жылына аяқ басып отыр. 1991 жылдан бастап, өзінің стратегиялық мақсаттары етіп тұрақтылық пен табысты таңдап алып, әрі жаңа кезең үшін дамудың жаңа бағдарламаларын құра отырып, еліміз алға қарай қарыштап қадам басуда.
Осылардың куәсі ретінде ел экономикасының жиынтық көрсеткіші табылады. 1994 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мың доллардан сәл асатын еді. Ал, Халықаралық валюталық қор есебі бойынша 2007 жылдың ортасына қарай ол 10 еседен аса өсті және ол11,5 мың Америка Құрама Штаттары долларынан асып түсті (сатып алу қабілеті паритеті бойынша). Дәл сол кезде осы деңгейге қол жеткізу жобасы 2015 жылға ғана жоспарланған болатын.(қосымшадағы 1-кесте).
Әлемдік тәжірибе өз тәуелсіздігінің алғашқы 20 жылы шамасында бір де бір елдің осындай нәтижеге қол жеткізбегендігін көрсетіп отыр. Мысалға, Оңтүстік Кореяның егеменді дамуының алғашқы жиырма жылдығындағы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 3 есе, Малайзиянікі - 2 есе, Сингапурдікі - 4 есе, Венгриянікі - 5 есе, Польшанікі - 4 есе ғана өскен.
Елде индустриалдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы табыспен жүзеге асырылуда. Оны жүзеге асырудың бірінші жылының нәтижесінде пайдалануға 152 кәсіпорын берілді, тұрақты жұмыспен 24 мыңға жуық қазақстандық қамтамасыз етілді. Ел бойынша барлығы шамамен сегіз жүз әртүрлі өндірістер құрылған. Өнеркәсіптің жетекші салаларын қауырт индустриалдық-инновациялық дамыту процесі басталған, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуде ілгері ұмтылыс жасалды. 2014 жылға дейін шаруашылықтың әртүрлі салаларында 294 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, бұл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының салалық құрылымын және көліктің инфрақұрылымын кеңістіктік-уақыттық орналастырудың жаңа географиясын орнықтыру мен қалыптастыруды бастап отыр. Болашақта Қазақстанның экономикалық географиясының әртүрлі тақырыптық карталарында Қазақстан шаруашылығының іс жүзінде барлық салаларының кәсіпорындарының көптеген жаңа нысандары белгіленетін болады. Жаңа өндірістерді географиялық орналастырудың заңдылықтарын, оның республиканың белгілі бір аумақтарында дамуының ерекшеліктерін ғылым мен практиканың байланысы принциптерін ұстана зерттеу қажеттігі аталмыш оқулықтың мазмұнының өзектілігіне себепкер болып отыр.
«Өнеркәсіп географиясы» пәнінің мақсаты мен міндеттеріне келсек, ол - дүние жүзі бойынша өнеркәсіптің әрбір саласының географиясын қарастыру барысында оған Қазақстанның қатыстырылуы. Өйткені, экономикалық-географиялық нысанды нақтылы жете білу көбінесе салыстырмалы негізде жүзеге асады. Осы себепті оқулықтың барлық тарау-тақырыптарында туған республикамыздың өнеркәсіп салалары мазмұндық тұрғыда берілген. Ал бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының жетекші салаларының серпінді индустриалдық-инновациялық дамуы мен аумақтық ұйымдастырылуының жаңа нысандарының географиясын анықтаудан және бейнелеуден тұрады.
Алға қойылған мақсатқа сәйкес:
- дүниежүзінің және Қазақстанның өнеркәсіп салалары кешендерінің жетекші әртараптандырылған салаларының жаңа нысандарының географиясын зерттеу және анықтау;
- осы тұрғыдан отын-энергетика мен тау кен-металлургия салаларының индустриалдық-инновациялық белсенді кәсіпорындарының географиясын және баламалы энергетикасының болашақтарын анықтай отырып, электр-энергетикалық кешеннің инфрақұрылымын зерттеу және айқындау;
- бүкіләлемдік және еліміздің машина жасау кешенінің, химия өнеркәсібінің және агроөнеркәсіп кешенінің мысалында, өңдеу өнеркәсібінің индустриалдық-инновациялық кәсіпорындарының географиясының негізгі тенденцияларын зерттеу және анықтау сияқты міндеттер шешіледі
Жоғарыда аталған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында кейбір өзекті мәселелерге қысқаша сипаттама бере кетсек, бұл тұрғыда оқулық мазмұнында еліміздің өңдеу өнеркәсібінде ішкі нарықты отандық бәсекеге қабілетті өніммен қанықтыру әлеуетінің бар екендігін растайтын, отын-энергетика кешенінің индустриалдық-инновациялық белсенді кәсіпорындарының аумақтық орналасу географиясы және отын-энергетика кешенінің сервистік инфрақұрылымының географиясын қалыптастыру мен оның болашағы қарастырылады. Сонымен қатар тау кен-металлургия саласының индустриалдық-инновациялық белсенді кәсіпорындарының географиясының, аталған кешен жобаларының ТМД мен Қазақстан аумақтарында жүзеге асырылу мазмұнын толығымен баяндай отырып, электр-энергетика кешенінің инфрақұрылымын кеңейту географиясының сипаттамасы да берілген. Оның аясында жел энергиясының және энергияның басқа да дәстүрлі емес түрлерінің қолда бар потенциалды көздерінің негізінде баламалы энергетиканы дамытудың қазіргі күйі және болашағы қарастырылады.
Сонымен қатар оның мазмұндық сипатында келесідегідей мәселелер: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасын 2010-2014 жылдарға қауырт индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанның өнеркәсібі саласында стратегиялық жүзеге асырылатын жобаларды көрсете отырып, машина жасау және т.б. кешендерінің салалық құрылымының даму географиясы да сипатталған. Көліктік, ауыл шаруашылық, мұнай-газ және тау-кен машина жасау нысандарының географиясы нақтылы көрсетілген. Өңдеу өнеркәсібінің басым, жетекші салаларының қатарында химия және минералдық тыңайтқыштар өндіру жөніндегі, құрысыл индустриясы кәсіпорындардың жаңа географиясы және Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі географиясы қарастырылған.
Оқулықтың жалпы мазмұндық құрылымына келсек, оның бірінші бөлімінде: Өнеркәсіп географиясының салалық құрылымы мен өзгерістері, үлгілері және ірі географиялық аймақтары; пәннің зерттеу әдістері мен міндеттері; шаруашылық салаларын орналастырудың негізгі теориялары; өнеркәсіп салаларының географиялық орналасуына әсер етуші факторлар тақырыптары зерделенген.
Ал екінші бөлімде, өнеркәсіптің салалық құрылымы, яғни атап айтсақ: отын-энергетикалық; тау-кен өнеркәсібі; металлургия; машина жасау; химия өнеркәсібі; орман және ағаш өнеркәсібі; құрылыс индустриясы; агроөнеркәсіп кешендері мен олардың құрамындағы салалар мен өнеркәсіп-инновациялық сектор жеке тараулар ретінде ұсынылған
«Өнеркәсіп географиясы» пәнінің басқа салаларымен байланысы на келсек, ол көптеген білім салаларымен кіріккен. Ғылым ретінде «Экономикалық және әлеуметтік географиясының» өз кезегінде «Әлеуметтану» және «Экономикалық теория негіздері», т.б. өте тығыз ұштасқан, әрі пән ретінде де аталған ғылым салалары негізінде қалыптасқан, басқа да оқу құралдарымен өзара байланысқан.
«Өнеркәсіп географиясы» пәнін оқып-үйрену барысында, оған экономикалық, технологиялық және экологиялық бағыттар саласындағы білім іргетас болып қаланады. Әрбір өнеркәсіп салаларының қалыптасуына табиғи және экономикалық алғышарттармен, тарихи, т.б. факторлар негіз болуымен қатар, оған экономикалық және әлеуметтік географияның даму заңдылықтары өнеркәсіптің құрылымдық және аумақтық ерекшеліктерінің зерделеуде, оның салалық құрамына экономикалық-географиялық талдау жасауда, даму және орналасу ұстанымдарын білуде экономикалық және әлеуметтік географияның заңдылықтары көмек береді.Оқулық келесі тарау-тақырыптарында материалдық өндірістің жетекші саласы – өнеркәсіп пен оның салалары туралы экономикалық-географиялық ақпараттар мен мағлұматтар берілген



жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау