Балық және балық өнімдері өндірісі
Балық шаруашылығы – дүниежүзілік шаруашылықтың ең ежелгі және ең маңызды саласы. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына 100 млн.тоннаға жетіп отыр. Оның 9/10-ын теңіздер мен мұхиттардан, ал қалған бөлігі тұщы сулардан ауланады. Балық пен теңіз өнімдерінің маңыздылығы олардың құрамындағы жануарлар ақуызының (белок) мөлшері мал мен құс етінен кем түспейтіндігіне байланысты артып отыр. Сондықтан да қазіргі таңда дүниежүзілік су айдындарында 20-30 мыңға дейінгі ірілі-ұсақты балық және басқа да теңіз өнімдерін аулайтын кемелер жүзіп жүр. Олардың басым бөлігі ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған балық аулаудан бастап, дайын өнімдер шығаруға дейінгі (әртүрлі консервілер дайындау, кептірілген балық және т.б.) іс-әрекетттерді толық жүзеге асырады.
Балық өнімдерін сыртқа сатуда Чили, мен Перу алдыңғы орында.
Қытайда балық шаруашылығы тұрақты дамуда, Қытай нарығында су кәсіпшілігі өнімінің түр-түрі мейлінше кең ұсынылады, теңіз өнімдеріне баға тұрақты, сауда айналымы өсуде. Осы саланың жалпы өндіріс көлемі 2010 жылы шамамен, 69,4 млрд. АҚШ долларын құрады.
2007 жылығы 21 наурызда ДСҰ бағыты бойынша көп жақты келіссөздер барысыңда АҚШ әлемдегі балық аулау кәсібін қолдауға бөлінетін мемлекеттік субсидияларды 50% қысқарту жоспарын ұсынды.
Осы жоспар айтылмаш секторды субсидиялау мәселе бойынша АҚШ ұсынған бірінші ауқымды бастама болып табылады. Оның шешіміне ұсынылған тәсілдің негізгі элементі болып балық аулау кәсібіне мемлекеттік қолдауды тоқтату болады, егер ол ресурстық базаға артық жүк түсіруге бастаса. Балық аулау кемелерін жалға алуға, оларға отын мен жанар жағар май алуға және балық аулауды ұйымдастыру мен теңіз өнімін дайындау жабдықтарына мемлекеттің қаржылық көмегін тыюға ұсыныс жасалады.
Субсидияның кейбір түрлерін, атап айтқанда теңіз өнімі мен балықты өткізу есебінен орны толтырылатын кемені сатып алу және жалға алу субсидияларын; қызметкерлер құрамы қауіпсіздігін және техниканы қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге арналған субсидиялар; балық ресурстарын көбейту шараларын жүзеге асыруға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған субсидияларды алып тастау қарастырылып жатыр. Сондай-ақ америкалық жоспар да саладағы қуаттарды ұлғайтуға ықпал ететін көлемі бойынша кішкене субсидияларды алып тастайды. Қаржыландыруға тыйым салу жасанды жағдайда балық өсіруге мемлекет жағынан қолдауға тартылмайды.
Халықаралық экологиялық ұйым Oceana мәліметтері бойынша балық аулауды жүргізуге арналған биоресурстық базаға тым жүктеме түсіретін субсидиялар жылына 20 млрд.долл.-ға бағаланады, жалпы «балық аулау субсидиясы» 34 млрд. құрағанда.
БҰҰ мәліметтері бойынша балық ресурстарының 52%-ы тұрақты аулау деңгейінде немесе оған жақын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады, ал 20%-ы – бұл шектен артық деңгейде. Oceana сарапшылары әлемдегі балық аулау кәсіпшілігімен айналысатын флоттар күші Әлемдік мұхиттағы балық ресурстарының осы кездегі көлемін сақтап қалу үшін қажетті осы шегінен 2,5 есе артық деп есептейді. Кейбір сарапшылар теңіз және мұхиттардағы (балықтар мен теңіз өнімдері) ресурс базасын шектен тыс пайдалану 2048 ж. олардың азаюына әкеледі деп ескертеді. 2003 ж. дәстүрлік балық кәсібі аймағының 29%-ы тұрақты балық аулау кәсібін жүргізуге өнімсіз болды.
Әлемдік мұхиттың биологиялық ресурсына шамадан тыс жүктеме болатын субсидиялардан бас тарту, оны қорғауға арналған үлкен біруақытты акция болып табылады. Ол, Жапония, ЕО және Қытай балық аулау кәсібін айтарлықтай үлкен көлемде субсидиялайтынын атап көрсетті, бұл негізделген аудандағы елдерден алыс балық аулауды жүргізуге мүмкіндік береді, атап айтқанда Африка және Латын Америка жанында.
АҚШ өз ұсынысын, сондай-ақ Жаңа Зеландия мен Бразилия ұсынған бастамашылықты өте түбегейлі шаралар деп есептейді, өйткені барлық жағдайларда кейбір ерекшеліктермен субсидияға тыйым салуды жүргізу қарастырылуда. Батыс Еуропада және Жапонияда әзірленген жоспарлар аз тереңдігімен айрықшаланады. Америкалық бастамашылықты табысты іске асырған жағдайда балық субсидиясы, Oceana есебі бойынша, жылына 20 млрд.-қа қысқарады.
АҚШ жоспарын толық қолдағанның өзінде ДСҰ-ң басқа қатысушылары тарапынан жаңа ереже осы ұйымның бағыты бойынша жаңа ғаламдық сауда келісімді жасаған жағдайда ғана нақты нормативтік база болады.
Балық аулау кәсібіне арналған субсидиялар көлемі бойынша жетекші елдер, млн.долл.: Жапония – 2935,3; АҚШ – 867,9; Канада – 768,6; Ресей – 633; Оңтүстік Корея Республикасы – 346,7; Индонезия – 254,4; Испания – 170,5; Норвегия – 160,4; Франция – 108; Ұлыбритания – 99;
ЖІӨ-ге қатысты балық аулау кәсібіне арналған субсидиялар көлемі бойынша жетекші елдер: Исландия – 0,39%; Норвегия – 0,09%; Жапония – 0,08%; Канада – 0,08%; Ирландия – 0,07%; Ресей – 0,04%; Жаңа Зеландия – 0,04%; Оңтүстік Корея Республикасы – 0,04%; Дания – 0,03%.
«Қазбалық» ЖШС базасында кластерлік бастаманы дамыту мақсатында Тарбағатай ауданында «Қазбалық», «Зайсан балықшылары», «Зайсан Ертіс», «КМZ», «Баршатас» ЖШС-лары мен «Әйгерім» шаруа қожалығы қатысатын ұйымдастырушылық жұмыстары жүргізілуде.
Тамақ өнеркәсібінің даму болашағы. Машиналардың, аппараттардың және техникалық линиялардың жеке қуаттылығының артуымен, өндірістің шоғырлануымен үйлесе отырып, өндірістің механикаландырылуы мен автоматтандырылуы күн өткен сайын аталған саланың жұмысшы күшіне деген қажеттілігін азайта түсуде. Алайда тағамдық салалар мен өндірістердің көпшілігі, ауыл шаруашылығымен және шикізат (мысалға, қант қызылшасын немесе консервілеуге арналған көкөністерді) өндірумен байланыстыларын қоспағанда, еңбекті көп қажет ете бермейді.
Осылайша, ғылыми-техникалық прогрестің тамақ өнеркәсібінің орналасуына деген әсері байқалуда. Біріншіден, техниканың ілгерілеуі тасымалдауды жеңілдетеді және арзандатады, өндірістің орналастырылуы мен тағам өнімдерін тұтыну арасындағы қатаң байланысты әлсіретеді.
Екіншіден, өндірістің аумақтық шоғырлануы және еңбек бөлінісі үшін мүмкіндіктері жоғары болады. Бұл факт, сонымен қатар қуатты, қымбат тұратын және өнімділігі жоғары жабдықты пайдалану өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Үшіншіден, тамақ өнімдерін өндіру мен тасымалдаудағы өзгерістердің жаңадан игерілетін және алыс аудандарда құрылатын өнеркәсіп орталықтарын жабдықтауды ұйымдастыру үшін үлкен маңызы бар.
Саланың кез келген дерлік өнімін ғаламшардың кез келген нүктесіне жеткізу мүмкін болғандықтан, тамақ өнеркәсібіндегі (және көліктегі) қазіргі техникалық прогресс жағдайларында жаппай тұтыну аудандарында жуық кезде міндетті деп саналған тағам өндірістерінің барлық жинағын құрудың еш қажеттігі жоқ.
Қорытындылай келе, экономикалық жағынан дамыған елдерде әдетте тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының барлық түрлерінің көрсетілгендігін және тауарлардың өте көп санының өндірілетіндігін, ал дамушы елдерде тамақ өнеркәсібінің экспорттық салаларының ең көп мәнге ие екендігін және шығарылатын өнім ассортиментінің айтарлықтай азырақ екендігін атай кеткеніміз жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |