Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет96/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Тігін өнеркәсібі. Жеңіл өнеркәсіптің бұл шағын саласы дүниежүзінің барлық аймақтарында дамыған. Дамушы елдердің ол, бірінші кезекте арзан жұмыс күшін пайдалануға (өнімнің төмен өзіндік құнына) байланысты, экспортқа негізделген. Дәл сондықтан да тігін өнеркәсібі өнімдерінің аса ірі экспорттаушыларының санатына Қытай, Оңтүстік Корей Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Тайвань, Түркия, Үндістан, Италияны жатқызуға болады.
Тігін өнеркәсібі арзан жұмыс күші бар дамушы елдерде дами бастады. Тігін өнеркәсібімен айналысатын елдер Мальтадан бастап Балтық елдерін алып жатыр. Дүниежүзі бойынша тігін өндірісінің ірі орталықтары болып Нью-Йорк, Париж және Рим саналады. «Сән орталығы» болып саналатын Париж бен Рим дүниежүзіндегі сән индустриясының даму жолып айқындап беретін қалалар болып саналады. Үй жағдайындағы тігін өндірісінің дамуы Гонконгта көрініс табуда.
Тігін өнімдерінің халықаралық айырбас жасау үрдісі дамуда. Дамушы елдер элитарлы, ал дамушы елдер көпшілікке арналған тігін бұйымдарын шығарумен айналысады.
Былғары-аяқкиім өнеркәсібі
Аяқ киім өндірісіне дамыған елдерден дамушы елдерге ығысу тенденциясы тән. Солай бола тұрса да, осыдан он жыл ғана бұрын әлемнің аяқ киім өнеркәсібінде негізгі рөлді Америка Құрама Штаттары, Италия және басқа да экономикалық жағынан дамыған елдер алған болатын.
Қазіргі уақытта аяқ киім өндірісінің негізгі өндірушілері болып Қытай табылады, одан кейін Италия, Үндістан, Испания, Америка Құрама Штаттары, Франция, Португалия, Ұлыбритания, Германия Федеративтік Республикасы және т.б. жатқызуға болса, өндірістің ең елеулі өсімі көптеген дамушы елдерде байқалады. Аяқ киімнің (спорттық, жеңіл, үй ішінде киетін) танылған және әлемдегі аса ірі өндірушісі және экспорттаушысы Қытай болып табылады. Алайда, Ұлыбритания, Германия Федеративтік Республикасында, Францияда және т.б. елдерде аяқ киім өндірісі қысқарып отыр. Бұл дамушы елдердің, оның ішінде «жаңа индустриалды елдердің» бәсекелестігімен де, Еуропада аяқ киім өндіретін жаңа елдердің (Италия, Испания, Португалия) пайда болуымен де байланысты болып отыр.
Экономикалық жағынан дамыған елдерде аяқ киім өндіру негізінен ірі, жоғары механикаландырылған елдерде шоғырланған. Дамушы елдерде ірі және ұсақ фабрикалық пен тіптен үйде өндіру үрдісі де бар. Ол сәннің өзгерулеріне және әлемдік нарықтағы сала өнімдеріне деген сұраныстарға жылдамырақ және тезірек бейімделеді.
90-шы жылдардың басынан Шығыс Еуропаның барлық елдерінің аяқ киім өнеркәсібіндегі өндірістің күрт төмендеуі байқалған болатын. Тек бір ғана Ресейде өзінде ғана аяқ киім өндіру он есеге дейін (1990 жылғы 385 миллионнан 2002 жылғы 33 млн жұпқа дейін) қысқарды. Бүгінгі күні аяқ киім жұбының орасан зор санын ел импорттап отыр. Осыған ұқсас процестер ТМД-нің басқа елдерінде де болды (1990-2002 жылдар кезеңінде Украина - өндірістің жылына 200 млн жұп аяқ киімнен 13 млн жұп аяқ киімге дейін қысқаруы; Қазақстан – 40 миллионнан 0,7 миллионға дейін; Белоруссия – 47 миллион жұп аяқ киімнен 15 млн жұпқа дейін).
Былғары-аяқкиім өнімдерінің ассортименті (үй, көше, спорттық аяқкиім) кең, қымбат былғары аяқкиімнен басқа, синтетикалық (синтетикалық каучук, пластмасса, былғары алмастырушы) тауарларды өндіру кең етек алып отыр. Қымбат бағалы былғары аяқкиім өндірісі өнімінің 1/3 бөлігін береді. Аяқкиім шығару үнемі өсуде, жылдық аяқкиім шығару 12 млр парды құрайды, яғни жер шарының әрбір тұрғынына 2 пар аяқкиімнен келеді. Дамушы елдер арзан аяқкиім өндірумен айналысса, ал қымбат былғары аяқкиімді – дамушы елдер өндіреді (еуропалық мемлекеттер).
Соңғы он жыл ішінде аяқ киім өндірісінің орналасуы дамыған елдерден дамушы елдерге қарай ығысып келеді. Себебі оның орналасуындағы мұндай ерекшеліктер арзан жұмыс күшімен байланысты. Бұл үрдіс қазіргі таңда да жалғасуда. Мамандар жаңа елдердің пайда болуын болжап отыр. Ондай мемлекеттің қатарына Вьетнамды жатқызуға болады. Он жыл бұрын аяқ киім өндірісіндегі басты рөлді АҚШ пен Италия мемлекеттері алса, ал қазіргі кезде Азия мен орталық Шығыс елдеріне дүниежүзілік аяқ киім өндірісінің 60%-ы, Батыс Еуропаға -11%, Оңтүстік Америкаға – 7%, ал АҚШ-та -6% тиесілі.
Қазіргі күнде аяқ киім өндірісінідегі ірі өндірушілер қатарына Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Тайвань, Жапония, Индонезия, Вьетнам, Тайланд және АҚШ мемлекеттерін, ТМД елдерін жатқызуға болады.
Қазіргі кезде аяқ киім өндірісінің орналасуы арзан жұмыс күшіне негізделеді. Сән үлгісінің көшбасшысы ретінде Италия мемлекеті, кей жағдайда өндіруші елдер қатарына Аустрия мемлекетін жатқызуға болады.
Тоқыма мен киімнің халықаралық саудасы. Тоқыма өнеркәсібін (иірілген жіптің, барлық түрлердегі маталардың, киімнің) реэкспорттын қоса отырып, құндық көріністегі аса ірі экспорттаушылары болып қазіргі уақытта Қытай (әлемдік өндірістің 30%-ға жуығы), Америка Құрама Штаттары (7%-ға жуығы), Корей Республикасы, Жапония, Үндістан, Пәкстан, Түркия, Индонезияны айтап кетуге болады. Бұл ретте өнімнің осы түрінің ұлттық экспорттағы үлесі әлемнің көптеген елдерінде, мысалға Пәкістанда (50%-ға жуық), Непалда (22%), Индонезия мен Уругвайда (12%-дан) жоғары. Дүниежүзіндегі тоқыма өнеркәсібінің аса ірі импорттаушылары Еуропа Одағы елдері, Америка Құрама Штаттары, Қытай болып табылады.
Дүниежүзі елдері арасында киім (тоқыма және трикотаж) экспорттау бойынша дүниежүзі елдері бойынша көшбасшы болып қазіргі күні Қытай табылады (әлемдік нарықтың ¼ бөлігіне жуығы). Еуропа Одағы елдеріне жалпы алғанда киімнің әлемдік экспортының 25%-ынан астамы келеді, бұл ретте өнімнің 2/3 бөлігі Еуропа Одағы ішіндегі саудаға келеді. Одан кейін Түркия, Мексика, Үндістан, Америка Құрама Штаттары, Индонезия, Румыния, Оңтүстік Корея, Таиланд және т.б. келе жатыр. Камбоджаның (80%-дан аса), Бангладештің (70%-ға жуық), Сальвадордың, Гондурастың, Маврикийдің, Шри-Ланканың (50%-ға жуық), Тунистің және басқа да көптеген дамып келе жатқан елдердің ұлттық экспортындағы киім экспортының үлесі зор.
Әлемдік нарықтағы киімнің аса ірі импорттаушылары болып сонымен қатар Еуропа Одағы елдері (40%-дан аса, оның үстіне 25%-дан астамы – бұл сыртқы импорт), Америка Құрама Штаттары (30%-дан аса) табылады. Соңғы жылдары Ресей де киімнің айтарлықтай көлемін импорттап келеді.
Дүниежүзі бойынша жеңіл өнеркәсіптің көптеген салаларында өндірістік қуаттылықтардың орналасуындағы өзгерістердің келесі ортақ тенденциясы: Батыс Еуропа елдері мен Солтүстік Америка елдерінде өндіріс көлемінің қысқаруы және дамушы елдерде, әсіресе Азия елдерінде - өндіріс көлемінің арта түсуі тенденциясы байқалып отырғандығын атай кетейік .
Дүниежүзі индустриясының басқа өзге салаларының дамуына секілді, жеңіл өнеркәсіптің барлық салаларының дамуына ең жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізу әсерін тигізді. Дүниежүзінің көптеген елдерінде кәсіпорындар өнімділігі жоғары жабдықпен жабдықталған, микропроцессорлар, робототехника кеңінен қолданылуда.



жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау