Технология пәні. 5-сынып. Уақыты -90 минут.
Тақырыбы: Мата туралы тұсінік.
Сабақтың мақсаттары:
білімділік: Оқушыларға жалпы мата түрлері, мата шығару процесі, мата бетінің құрылысы, матаның негізгі және арқау жібін анықтау әдісі туралы білім беру.
дамытушылық: Матаны тану, матаның оң және теріс жағын ажырату, мақта мен зығыр маталарын ажырата білуін, мата туралы мәліметтерді есте сақтауын, сарамандық тапсырмаларды орындауын дамыту.
тәрбиелік: Оқушыларды әдемілікті сезіне білуге, матаға ұқыптылықпен қарауға және көркемдік тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Мата туралы жалпы түсінік беру, сарамандық тапсырмаларды орындау арқылы матаның оң және теріс жағын ажыратуын, мақта мен зығыр маталарды ажыратуын үйрету.
Сабақтың түрі: теориялық, тәжірибелік.
Сабақты ұйымдастыру түрі: жалпылама, жеке-дара.
Сабақты өткізу әдістері:
Түсіндіру-безендіру әдісі (әңгіме, түсініктеме, сұрақ-жауап, көрнекіліктерді көрсету, кестемен жұмыс, оқулықпен жұмыс);
Нұсқау беру әдісі: (кіріспе, ағымды, қорытынды нұсқау беру);
Іздестіру-зерттеу: (матаны зерттеу)
Репродукциялау әдісі: (сарамандық жұмыс орындау).
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, дүниетану, химия, биология.
Көрнекілік: «Мата түрлері» плакаттар, мата үлгілерінің коллекциясы, мақта және зығыр талшықтары, «Мақта мен зығыр талшықтарын салыстыру» және «Матаның оң және теріс беттерін анықтау» кестелері, бағалау шарттарының кестесі.
Құрал-жабдықтар: лупа, қайшы, қылсүрткі, желім, альбом.
Әдебиеттер:
мұғалімге:Оқыту әдістемесі, дидактикалық материал, «Мектептегі технология» журналы, «Үй энциклопедиясы», «Технология оқулығы 5-6 сын.
оқушыларға: «Технология 6-сынып» оқулығы.
Сабақ барысының жоспары:
1)себептік: ұйымдастыру -3мин;
2)іс-әрекеттік: а)үйге тапсырма беру-2 мин, ә)жаңа тақырыпты түсіндіру-30 мин, б)сарамандық жұмысты орындату-45 мин, в)бағалау-3 мин г)жұмыс орнын жинату – 2 мин;
3)рефлексия: қорытындылау - 5мин.
№1-кесте Сабақтың мазмұны.
Сабақ- тың кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың
іс-әрекеті.
|
І
Ұйым-
дастыру
3мин
|
Амандасу. Журналға белгі қою. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсаты мен міндетін айту.
|
Оқу құралдарын түгендеп дайын- дайды.Тақырыпты жазып алады.
|
ІІ
а)Үйге тапсыр- ма беру
2мин
ә)Жаңа тақырып
ты түсін- діру
30мин.
Оқу- лықпен жұмыс
б) 1-ші
С/Ж
20мин
б)2-ші
С/Ж
25 мин.
в)баға- лау
3 мин
г)жұмыс орнын жинату
2 мин.
|
Үйге тапсырма беру: Оқулықтан §1,2,3 оқу (90-95 беттер).
|
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
|
Тақырыпқа байланысты мәліметтер:
Тоқылған талшықтарға байланысты маталар табиғи талшықтардан алынған және жасанды талшыктардан алынған болып екіге бөлінеді. Табиғи талшықтардан алынатын материалдар гигиеналық тұрғыдан алғанда денсаулыққа пайдалы, бірақ тез қыртыстанғыш, үтіктелуі қиын және тез отырады. Жасанды талшықтардан алынатан қоспа маталар жылтырлау, беті тайғақ, тез сетінейді, аз қыртыстанады. Мұндай матадан тігілген киім жақсы үтіктеледі, оңай жұтылады, тез кебеді. Табиғи талшықтарға өсімдік (зығыр, мақта) талшықтары жатады. (Мақта мен зығыр туралы мәліметтер №1 қосымшада берілген)
Мата өнеркәсіпте киім-кешек тігу, төсек-орын жабдықтарын тігу кезінде кеңінен қолданылады. Бұл тұрмыстық мата түріне жатады. Сонымен қатар тігілетін киім түрлеріне қарай арнайы және техникалық мата түрлері де қолданылады. Олардан спорт киімдері, үй жиһаздары, қорғаныс киімдері, қолшатыр, ойыншықтар, парашют дайындалады. Маталар құрамына, құрылысына, өңделуіне, сырт көрінісіне және тігу, жуу, тазалау кезінде өңделу жұмыстарына байланысты түр-түрге бөлінеді. (Плакаттардың көмегімен маталардың түрлерін түсіндіру).
Матаны шығарудың ең алғашқы сатысы – талшықтардан жіп жасау. Талшықтан жіп шығару процесін иіру деп атайды. Дайын болған жіп тоқыма фабрикасына түсіп, одан тоқу станоктары мата шығарады. Матаны алу процесін тоқу деп атайды. Матаның ұзына бойымен орналасқан жіпті негізгі жүп, ал көлденеңінен жатқан жіпті арқау жүп деп атайды. Матаның екі жағындағы тармақталмайтын шеттерін – матаның жиегі дейді.
(Оқушыларға тапсырма: Дәптерлеріңе иіру, тоқу, негізгі жіп, арқау жіп, матаның жиегі деген терминдердің анықтамасын теріп жазып алыңдар).
Матаның екі жақ беті бар: оң және теріс. Оларды матаның бетіне түскен суреті, бетінің жылтырлығы арқылы анықтайды.
(«Мата бетінің құрылысы» кестесін және мата үлгілерінің коллекциясын көрсету.)
Сарамандық тапсырманы орындауға кіріспе нұсқау беру: Мата үлгілерін алып, оның оң және теріс беттерін анықтап, жұмыстың қорытындысын кестеге толтырасыңдар. (№2-қосымшада берілген).
Сарамандық жұмысты орындау барысында ағымды нұсқау жүргізу. Кеңес бері, бағыттау.
2-ші сарамандық жұмысты орындауға кіріспе нұсқау беру: Мата үлгісін алып, екі шетінің жіптерін тарқат. Матаның негізгі және арқау жіптерінің орналасыун анықта.
Оқушыларға жиегі бар және жиегі жоқ мата қиықтарын таратып беру.
Сарамандық жұмысты орындау барысында ағымды нұсқау жүргізу. Кеңес бері, бағыттау.
Сарамандық жұмысты аяқтағаннан кейін қорытынды нұсқау жасау, бағалау шарттарының кестесін толтыра отырып оқушылардың бүгінгі сабақтағы жұмысына баға беру. (№3 қосымшада)
Сынып журналына және оқушылардың күнделіктеріне баға қою.
Жұмыс орнын, құрал-жабдықтарды жинату.
|
Оқушылар тыңдайды.
Оқушылар плакаттарды қарайды.
Мәліметтерді тыңдайды.
Жұмыс дәптерлеріне
терминдердің анықтамасын жазып алады.
Мата коллекцияларын қарайды.
Сарамандық жұмысты орындайды.
Оқушылар сарамандық жұмысты орындайды.
Күнделіктеріне бағаларын қойдырады.
Жұмыс орнын жинайды.
|
ІІІ
Реф- лексия
5 мин.
|
«Мата туралы не білдім, не үйрендім?» сұрағына жазбаша жауап беріңдер.
Шығу парағын жинап алу. Қоштасу.
Сау болыңдар!
|
Әр оқушы жеке шығу парағына сұрақтың жауабын жазып тапсырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |