Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет89/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Тамақ өнеркәсібі өндірісін орналастыру факторлары
Дүниежүзінің тамақ өнеркәсібі орналасуына байланысты көптеген салаларға бөлінеді. Біріншіден, аз дамыған елдерде дәстүрлі тамақ өнеркәсібі артуда, ал дамыған елдерде бұл кәсіп мешеу қалуда немесе алынып тасталуда. Сондықтанда бұл елдерде салауатты өмір салтын ұстану мақсатында, шарап, темекі және сыра өндірісі қысқаруда. Керісінше, мешеу елдерде бұл өндіріс барынша дамып, кең етек алып отыр.
Тамақ өнеркәсібі даму деңгейі бойынша және орналастырылу сипаты бойынша әртүрлі, екі категориядағы салалардан тұрады.
Бірінші топқа сырттан әкелінетін шикізатта жұмыс істейтін және тікелей шикізат базасымен байланысты емес салалар жатады.
Осында өндірілетін өнім дереу тұтынуды талап етпейді, жоғары тасымалданғыштыққа ие. Бұл, мысалға, кондитерлік өнімдер өндіру, спирт ішімдіктері мен сыра шығару, қант-рафинад зауыттары, ұн тарту кәсіпорындары, темекі өнеркәсібі және т.с. Кей жағдайларда бұл ет өңдейтін зауыттар (мысалға, ет экспорттаушы елдердегі) болуы мүмкін. Осы өндірістердің масштабтары өте елеулі.
Кәсіпорындардың екінші тобына (масштабтары бойынша ұсақ): біріншіден, шикізатқа бағытталған (қант, консерві, ет өңдеу зауыттары, май жасау, ірімшік қайнату және т.с.); екіншіден, тұтынушыға бағытталған кәсіпорындар (нан пісіру өнеркәсібі, жартылай фабрикаттар өндірісі, алкогольсіз сусындар өндірісі және т.с.), үшіншіден, шикізатқа да, тұтынушыға да бағытталған кәсіпорындар жатады.
Тамақ өнеркәсібі ауыл шаруашлығымен тығыз байланысты. Өйткені одан шикізат (астық және бұршақ дақылдарын, теңіз өнімдерін, сүт пен ет, көкөніс пен жеміс-жидек) ретінде көптеген өнімдерді алады. Бұл сала агроөнеркәсіп кешенінің бір бөлігі болып табылады.
Қазіргі тамақ өнеркәсібі өндірістік және көлік шаруашылығының кең механикаландырылуымен және автоматтандырылуымен, жасанды суықты және вакуум техникасын, ең жаңа физикалық әдістерді (ультрадыбысты, жоғары жиіліктегі қыздыруды және т.с.), технологиялық процестерді жылдамдатуға арналған химиялық және биологиялық препараттарды қолданумен, жаңа өнімдердің (мысалға, балалар және диета тағамдарының) орасан зор алуан түрлілігімен сипатталады. Көптеген кәсіпорындар қазіргі заман техникасымен жарақтандырылған.
Ғылыми-техникалық прогрестің барлық бағыттарының ішінен әлемнің тамақ өнеркәсібінің орналасуындағы өзгерістерге ең көп әсерді тамақ өнімдерінің физикалық және экономикалық тасымалданғыштығын (оның ішінде жасанды суықты қолдану саласын кеңейтудің арқасында) арттырғандары берді. Сонымен қатар өнімдерді герметикалық, ауа өткізбейтін ыдыста сақтаудың жаңа тәсілдері үлкен келешекке ие. Нан мен басқа өнімдерді бірнеше күн және тіптен, апта бойына жақсы күйінде сақтауға мүмкіндік беретін тәсілдер кеңінен қолданылады. Жаңа тиімді және қауіпсіз химиялық және биологиялық консерванттар табылды.
Жылдам бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау әдістерін жақсартудың өзі оларды үлкен қашықтықтарға тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Көліктегі прогресс те дәл сол бағытта: тасымалдау жылдамдығын арттыруға, қазіргі заманға лайық және мамандандырылған құрамды дамытуға әрекет жасайды. Осы орайда әуе көлігі де (жүк ұшақтары) үлкен рөлге ие бола бастауда.
Тамақ өнімдерін алысқа тасымалдау бұрынырақта осы жүктердің рабайсыз үлкендігімен тежеліп келді. Бүгінде ыдыс пен орама өзгерді. Пластмасса және қаңылтыр (және алюминий) ыдыстар кеңінен қолданылады. Ал коррозияға ұшырамайтын материалдарды (тат баспайтын болатты және т.б.) және пневматикалық техниканы қолдану тіптен, ыдыссыз тасымалдауларды кеңінен енгізуге мүмкіндік берді.
Жылдам тоңазыту техникасының таралуы, ең жаңа орайтын материалдарды қолдану тұтынушыларға зауытта өндірілген, сапасы бойынша тамақты әдеттегі үйде дайындаған кезде алынуы мүмкін өнімге өте жақын дайын өнімдер жеткізуге мүмкіндік береді. Жартылай фабрикаттар (оның ішінде мал мен құс етін, тоңазытылған балық филесін, тоңазытылған және кептірілген картоп пен т.б.) өндірісі өсіп келеді. Сондықтан шикізатты оның өндірілу аудандарында өнеркәсіптік бөлудің арттырылуын және осы аудандарға тұтынуға дайын өнімдер шығаруды көшіруді тамақ өнеркәсібінің дамуының (өндірістік қуаттылықтарды орналастырудағы өзгерістерді, ілгерілеулерді қамтамасыз ететін) маңызды және аса тиімді бағыты деп есептеуге болады.
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының орналасуына шикізат пен тұтынушы факторлары әсер етеді. Оның консерві, май жасау, балық шаруашылығы, қант, шарап жасау, шай,темекі сыр жасау сияқты салалары шикізат көзіне жақын орналасса, шикізат пен тұтынушыға жақын орналасатын салаларға ет өңдеу, ұн тарту, спирт-арақ, темекі, маргарин өндіру өнеркәсіптерін кіргізуге болады. Тұтынушыға жақын орналасқан салаларға кондитер, макарон, нан жабу, шай өлшеу, сүт өндіру өндірісі, сыр қайнату, жартылай фабрикаттар өндірісі жатады. (24-кесте).

24-кесте. Тамақ өнеркәсібінің салалық құрамы және оның орналасу ұстанымдары

Дамушы елдерде тамақ өнеркәсібінің жергілікті сұранысты қамтамасыз ететін салалары басым дамыған. Жеке елдердің шикізат базасына байланысты халықаралық дәрежеде маманданған салалар да бар.


Өндірістің ұлғаюы және алуан түрлі шикізат түрлеріне деген сұраныс ұлтаралық бірлестіктердің құрылуына алып келеді. Олардың аса ірілері – ондаған елде кәсіпорындары бар, өнімдерін дүниежүзі білетін швейцариялық «Нестле» және нидерланд-ағылшындық «Юнилевер». Батыс Еуропа шарап, ірімшік және сыра дайындаудан дүниежүзінде 1-орын алып, негізгі тағам түрлерімен өзін-өзі қамтасыз етеді. Солтүстік Американың тамақ өнеркәсібінде монополиялану тән. Қазіргі заманғы ірі компаниялардың («Пепси-кола», «Кока-кола») көптеген елдерде өкілдігі бар. Аймақтың ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы нәтижесінде негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етілген. Соған қарамастан басқа елдерден азық-түлік сатып алынады.
Оңтүстік Африка агроөнеркәсіптік секторының басты салаларына:
ет өңдеу;
сүт өндірісі;
жеміс-жидектерді консервілеу және өңдеу;
балық өнімдерін консервілеу;
мал және өсімдік майларын өндіру;
ұн және ұн тарту өндірісі;
кондитерлік және нан өнімдері өндірісі;
қант өңдеу;
какао өңдеу, шоколад және тәтті өнімдер өндірісі;
мал шарушылығына жем даярлау өндірісі жатады
2006 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өңдеудің интеграцияланған құрылымы ретінде тамақ кластерін құру жөнінде жұмыс жүргізіліп келеді.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау